Sony LMD-X310MT Instruction Manual page 145

Hide thumbs Also See for LMD-X310MT:
Table of Contents

Advertisement

Ескерту
Қауіпсіздікке қатысты
LMD-X310MT - тұрақты токпен қуатталатын
құрылғы. Қамтамасыз етілген айнымалы ток
адаптерімен пайдаланыңыз (AC-300MD).
LMD-X550MT - айнымалы токпен қуатталатын
құрылғы.
Құрылғыны тек 100-240 В айнымалы токта
пайдаланыңыз.
Кернеуді көрсететін белгі монитордың жəне
айнымалы ток адаптерінде орналасқан.
Қорапқа қатты нəрсе немесе сұйықтық төгіліп
кетсе, құрылғыны ток көзінен ажыратыңыз жəне
əрі қарай пайдаланбас бұрын маманға тексертіңіз.
Бірнеше күн немесе біраз уақыт пайдаланылмаған
жағдайда құрылғыны қабырға розеткасынан
ажыратып қойыңыз.
Айнымалы ток сымын ажырату үшін ашадан ұстап
тартыңыз. Сымның өзін ешқашан тартпаңыз.
Розетка құрылғыға жақын жəне қол жетімді жерде
болуы керек.
Орнатуға қатысты
Ауа айналымын қалыпты ете отырып, ішкі қызып
кетудің алдын алыңыз.
Құрылғыны желдету саңылауларын бітейтін
(кілем, көрпе, тағы басқа) беттерге немесе
материалдарға (перде, шүберек) жақын қоймаңыз.
Құрылғыны радиатор немесе булық сияқты ыстық
болатын жерлерге немесе тікелей күн сəулесі
түсетін жерге, өте шаң, дірілдейтін немесе соққы
болатын жерлерге орнатпаңыз.
Мониторды трансформатор немесе жоғары
кернеулі желілері сияқты магнит тудыратын
жерлерге орнатпаңыз.
Құрылғыны қауіпсіз пайдалануға
қатысты ескертулер
Кейбір адамдарда бейне суреттер көрген кезде
ыңғайсыз жағдай (көздің шаршауы, қалжырау
немесе лоқсу) болуы мүмкін. Sony корпорациясы
бейне суреттер көрген кезде барлық көрушілерге
үзіліс жасап тұруға кеңес береді. Қажетті
үзілістердің ұзақтығы мен жиілігі адамдарға
байланысты əр түрлі болады. Қайсысы ыңғайлы
екенін өзіңіз шешуіңіз керек. Егер қандай да бір
ыңғайсыз жағдай сезінсеңіз, ол аяқталғанша бейне
суреттерді көруді тоқтатыңыз, қажет десеңіз,
дəрігерге қаралыңыз.
Бейнелерді бас айналатын жерлерде, серуендеген
немесе жаттығу жасаған кезде көрмеңіз, себебі
өзіңізді ыңғайсыз сезіну мүмкіндігі жоғары.
Құрылғыны басқа медициналық
құрылғылармен қосуға қатысты
ескертулер
Бұл құрылғыны тастаудың жəне/немесе осы
құрылғыны қандай да бір медициналық
құрылғыға қосудың алдында келесі сақтық
шараларды біліңіз жəне сақтаңыз:
(а) Осы құрылғыны медициналық тəжірибеге
пайдаланудың алдында көздеген əрекетіңізді
немесе медициналық тəжірибені орындауда
апаттық немесе ақаулық жағдайға əкелуі мүмкін
жайсыздықты сезінбейтіңізді тексеріп, көз
жеткізіңіз.
(ə) Егер мұндай жағдайлар болса, құрылғыны
пайдаланудан бас тартыңыз.
(б) Жалпы ыңғайсыз жағдай (көздің шаршауы,
қалжырау, лоқсу немесе бас айналу) бейне
суреттердің тез жылжуынан немесе шайқалуынан,
бейне суреттердің орталық орналасуынан,
нысандар мен суретке түсіру модульдер
арасындағы аралықтардан, пайдаланушылардың
бейне суреттерге көз алмастан қарауынан,
құрылғыға салынған бейне суреттерден жəне жеке
пайдаланушылардың денсаулығына байланысты
туындауы мүмкін.
Осы құрылғыны пайдаланбас бұрын жалғанған
медициналық құрылғы суретінің құрылғының
экранында дұрыс көрсетілгенін тексеріңіз.
Бұл жабдықты АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯ ЖЕЛІСІНЕ қосу
кезіндегі ЖАУАПТЫ ҰЙЫМ
ескертулері
– PEMS құралын басқа жабдықты қамтитын
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖЕЛІСІНЕ қосу
салдарынан ЕМДЕЛУШІЛЕР, ОПЕРАТОРЛАР
немесе үшінші тараптарға белгісіз ҚАУІПТЕР
туындауы мүмкін;
– ЖАУАПТЫ ҰЙЫМ бұл ҚАУІПТЕРДІ анықтауы,
сараптауы, бағалауы жəне басқаруы керек;
– АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖЕЛІСІНЕ
енгізілетін кейінгі өзгертулер жаңа ҚАУІПТЕР
білдіріп, қосымша сараптауды қажет етуі мүмкін;
жəне
11
KZ
Ескерту

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Lmd-x550mt

Table of Contents