Makita DSC163 Instruction Manual page 83

Cordless steel rod cutter
Hide thumbs Also See for DSC163:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Аккумулятор картриджін орнату үшін, аккумулятор
картриджіндегі тілшені корпустағы жырашықпен
туралап, оны орнына сырғытып салыңыз. Сырт еткен
дыбыс естілмейінше оны орнына итеріп салыңыз. Егер
түйменің жоғарғы жағында қызыл индикатор көрініп
тұрса, демек ол толығымен құлыпталмаған.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ:
• Аккумулятор картриджін əрдайым қызыл индикатор
көрінбейтіндей етіп, толығымен орнатыңыз. Олай
жасамаған жағдайда, ол құралдан кездейсоқ түсіп
қалып, сізді немесе айналаңыздағы адамдарды
жарақаттауы мүмкін.
• Аккумулятор картриджін күштеп орнатпаңыз. Егер
картридж жеңіл сырғымаса, демек ол дұрыс
салынбаған.
Аккумуляторды қорғау жүйесі (жұлдыз
тəрізді белгісі бар литий-ионды
аккумулятор) (2-сурет)
Жұлдыз тəрізді белгісі бар литий-ионды
аккумуляторлар қорғау жүйесімен жабдықталған. Бұл
жүйе аккумулятордың қызмет ету мерзімін ұзарту үшін
құралдың қуат көзін автоматты түрде өшіреді.
Егер құрал жəне/немесе аккумулятор төмендегі
жағдайлардың біреуіне тап болса, құрал жұмыс
барысында автоматты түрде тоқтайды:
• Шамадан тыс жүктелген:
Құрал тым жоғары ток шығаратын күйде жұмыс
істеуде.
Бұл жағдайда құралдағы ауыстырып-қосқыш
шүріппені босатып, құралдың шамадан тыс
жүктелуіне себеп болған қолданбаны тоқтатыңыз.
Содан кейін қайта іске қосу үшін ауыстырып-
қосқыш шүріппені тартыңыз.
Егер құрал іске қосылмаса, аккумулятордың
қызып кеткендігін білдіреді. Бұл жағдайда
ауыстырып-қосқыш шүріппені қайта тартпас
бұрын, аккумуляторды суытыңыз.
• Аккумулятордың төмен кернеуі:
Аккумулятордың қалған қуаты өте төмен,
сондықтан құрал жұмыс істемейді. Бұл жағдайда
аккумуляторды шығарып алып, зарядтаңыз.
Аккумулятордың қалған қуатын
көрсету (3-сурет)
(Елге байланысты)
Ауыстырып-қосқыш шүріппесін тартқан кезде, жарық
диодты индикатор дисплейі келесі кестеде
аккумулятордың қалған қуатын көрсетеді.
Жарықдиодты
индикатор күйі
Аккумулятордың қалған
қуаты
Шамамен 50% немесе
одан да көп
Шамамен 20% - 50%
Шамамен 20%-дан аз
ЕСКЕРТПЕ:
• Жарықдиодты индикатор дисплейі аккумулятор
қуатын үнемдеу үшін, ауыстырып-қосқыш
шүріппесін босатқаннан кейін шамамен бір
минуттан кейін өшеді. Қалған аккумулятор қуатын
тексеру үшін, ауыстырып-қосқыш шүріппесін жай
ғана тартыңыз.
• Жарықдиодты индикатор дисплейі жанғанда, бірақ
құрал тіпті қайта зарядталған аккумулятор
картриджімен жұмыс істемесе, құралды толықтай
суытыңыз. Егер жағдай өзгермесе, құралды Makita
жергілікті қызмет көрсету орталығына жөндеуге
беріңіз.
БАСҚАРУ ПРОЦЕДУРАСЫ
Барлық қауіпсіздік нұсқаулары мен басқару
процедураларын оқып түсініп орындаңыз. Егер
нұсқауларды түсінбесеңіз немесе дұрыс жұмыс
шарттары дұрыс болмаса, бұл құралды басқаруға
болмайды. Басшыға немесе басқа жауапты тұлғаға
хабарласыңыз.
ЕСКЕРТУ:
• Құралға аккумуляторды салу алдында босатылған
кезде қайта оралатындай етіп ауыстырып-қосқыш
шүріппесін тартып босатыңыз.
Ауыстырып-қосқыш шүріппесі босатылған кезде ол
тартылып өшкен сəтте мотор қосылады.
Ауыстырып-қосқыш құлпының
жұмысы (4-сурет)
• A жағындағы ауыстырып-қосқыш құлпын басыңыз.
Ауыстырып-қосқыш құлыптан босатылған жəне
шүріппені басқаруға болады.
• B жағындағы ауыстырып-қосқыш құлпын басыңыз.
Ауыстырып-қосқыш құлыпталған жəне шүріппені
басқаруға болмайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ:
• Ауыстырып-қосқыш шүріппесі пайдаланбаған сайын
құлыпталуы керек.
ЕСКЕРТУ:
• Басқару алдында құралға қатысты оператор орны
мен қоршаған аймақ жұмысқа қауіпсіз екендігін
растаңыз. Қауіпсіздік көзілдіріктерін тағып, қорғағыш
киімді киіңіз.
• Осы нұсқаулықтан құрал сипаттамаларын қараңыз
жəне құралдың кесу мүмкіндігінен асатын
қаттылықты немесе өлшемді арматураны кесуге
болмайды.
• Арматурадан басқа материалды кесуге болмайды.
Басқа материалдарды кесу керек болса,
өндірушіден сұраңыз.
ЕСКЕРТУ:
• Зақымдалған (шытынаған, сынған, бұзылған)
немесе майысып қалған алмастарды бірден
ауыстырыңыз. Алмас шынайы кеспейді жəне сынық
немесе бұзылыс ауыр жеке жарақатқа себеп болуы
мүмкін.
83

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Dsc163zk

Table of Contents