Makita DSC163 Instruction Manual page 81

Cordless steel rod cutter
Hide thumbs Also See for DSC163:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
6. Кесу құралдары өткір жəне таза болуы керек.
Кескіш жиектері өткір кесу құралдарын дұрыс
пайдалансаңыз, олар тұрып қалмайды жəне оңай
басқарылады.
7. Электрлік құралды, керек-жарақтарды жəне
қондырмаларды, т.б. жұмыс жағдайы мен
орындалатын жұмысты ескере отырып, осы
нұсқауларға сəйкес пайдаланыңыз. Электрлік
құралды басқа мақсатта пайдаланған жағдайда,
қауіпті жағдай туындауы мүмкін.
8. Тұтқалардың жəне жұмыс орындалатын
беттердің құрғақ, таза жəне майлы болмауын
қамтамасыз етіңіз. Тұтқалар жəне қолмен
ұстайтын беттер тайғақ болса, күтпеген жағдай
орын алғанда, құралды пайдалану жəне оған ие
болу мүмкін болмайды.
9. Электрлік құралды пайдаланған кезде, оралып
қалуы мүмкін матадан жасалған қорғаныс
қолғабын кимеңіз. Матадан жасалған қорғаныс
қолғаптары қозғалмалы бөлшектерге ілініп қалса,
жарақаттауы мүмкін.
Аккумулятормен жұмыс істейтін құралды
пайдалану жəне күтім жасау
1. Тек өндіруші көрсеткен зарядтау
құрылғысымен зарядтаңыз. Бір аккумулятор
блогына сəйкес келетін зарядтау құрылғысын
басқа аккумулятор блогымен пайдалану өрт қаупін
тудыруы мүмкін.
2. Электрлік құралдарды тек көрсетілген
аккумулятор блоктарымен пайдаланыңыз. Кез
келген басқа аккумулятор блоктарын пайдалану
жарақат алу мен өрт шығу қаупін тудыруы мүмкін.
3. Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде, оны
қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер,
шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар мен
бір клеммадан екіншісіне қосылыс жасау
мүмкін басқа шағын металл заттардан аулақ
ұстаңыз. Аккумулятор клеммаларының қысқа
тұйықталуы күйік шалуға немесе өртке əкеп соғуы
мүмкін.
4. Дұрыс пайдаланбаған кезде аккумулятордан
сұйықтық ағуы мүмкін; тиіп кетпеуге
тырысыңыз. Егер абайсызда тиіп кетсеңіз,
сумен шайыңыз. Егер сұйықтық көзге тиген
болса, медициналық көмекке жүгініңіз.
Аккумулятордан шыққан сұйықтық тітіркену немесе
күйікке себеп болуы мүмкін.
5. Зақымдалған немесе өзгертілген аккумулятор
блогын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе
өзгертілген аккумуляторлардан нəтижесінде өрт,
жарылыс немесе жарақат алу қаупіне əкелетін
күтпеген жағдайлар туындауы мүмкін.
6. Аккумулятор блогын немесе құралды от немесе
шамадан тыс жоғары температура шығаратын
заттың жанына қоймаңыз. Отқа түссе немесе
температура 130 °C-тан жоғары болса, жарылуы
мүмкін.
7. Зарядтауға қатысты нұсқаулардың барлығын
орындаңыз жəне аккумулятор блогын немесе
құралды нұсқауларда көрсетілген температура
ауқымынан тыс зарядтамаңыз. Дұрыс
зарядталмаса немесе көрсетілген ауқымнан тыс
температурада зарядталса, аккумулятор
зақымдалуы жəне өрт шығу қаупі артуы мүмкін.
Қызмет көрсету
1. Электрлік құралды білікті маманға жөндетіп
алыңыз, ол тиісті қосалқы бөлшектерді
пайдалануы керек. Бұл электрлік құралдың
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
2. Зақымдалған аккумулятор блоктарына қызмет
көрсетуге болмайды. Аккумулятор блоктарына
қызмет көрсетуді өндіруші немесе өкілетті қызмет
маманы орындауы тиіс.
3. Керек-жарақтарды майлау жəне ауыстыру
нұсқауын орындаңыз.
АККУМУЛЯТОРЛЫ
ГИДРАВЛИКАЛЫҚ ҚАЙШЫНЫҢ
ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ
1. Құралды пайдалану кезінде берік ұстаңыз.
Құрал берік ұсталмаса, жарақат алуыңыз мүмкін.
2. Қол мен бетіңізді қозғалмалы бөлшектерден
алшақ ұстаңыз. Олар жарақат алуға себеп болуы
мүмкін.
3. Құрал реттен тыс болғанда немесе қолданыс
барысында қалыпсыз дыбыс шығарғанда
жұмысты тоқтату үшін ауыстырып-қосқыш
шүріппесін бірден босатыңыз. Оны өкілетті
қызмет көрсету орталығында тексертіп
жөндетіңіз. Бұлай істемеу өртке не жарылысқа
əкелуі мүмкін.
4. Егер құралды құлатып немесе ұрып алсаңыз,
корпусына зақым келмегенін, сынбағанын
немесе майысып қалмағанын мұқият
тексеріңіз. Бұндай зақым жарақат келтіруі мүмкін.
5. Бұл құрал - электрогидравликалық құрал.
Жеткізу алдында май резервуары
толтырылды. Құрал қалыпсыз жұмыс
істегенше май қосуға болмайды.
6. Металл кескіш алмастардың жиектері үшкір.
Кесіп алмас үшін оларды мұқият абайлап ұстаңыз.
7. Зақымдалған, майысып қалған немесе сынған
алмастар ауыр жағдайларға жəне бұрыс
жұмысқа əкелуі мүмкін. Жаңа, түпнұсқалы
алмастармен бірден ауыстырыңыз.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАҢЫЗ.
ЕСКЕРТУ:
Өнімді қайта пайдалану барысында САЛҒЫРТТЫҚ
ТАНЫТПАЙ, қауіпсіздік ережелерін ұстаныңыз.
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта келтірілген
қауіпсіздік ережелерін ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАУ
немесе орындамау ауыр жарақаттарға əкеп
соқтыруы мүмкін.
81

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Dsc163zk

Table of Contents