Makita DSC163 Instruction Manual page 82

Cordless steel rod cutter
Hide thumbs Also See for DSC163:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Аккумулятор картриджіне
арналған маңызды қауіпсіздік
нұсқаулары
1. Аккумулятор картриджін пайдаланбас бұрын,
(1) аккумуляторларға арналған зарядтау
құрылғысындағы, (2) аккумулятордағы жəне (3)
аккумуляторды пайдаланатын өнімдегі барлық
нұсқаулар мен ескерту белгілерін оқып
шығыңыз.
2. Аккумулятор картриджін бөлшектемеңіз.
3. Егер пайдалану уақыты қысқарған болса,
пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Бұл қызып
кету, ықтимал күйіктер немесе тіпті жарылыс
қаупін тудыруы мүмкін.
4. Егер электролит көзіңізге тиген болса, көзіңізді
таза сумен шайыңыз жəне дереу медициналық
көмекке жүгініңіз. Бұл көру қабілетінен
айырылуға əкеп соқтыруы мүмкін.
5. Аккумулятор картриджін жаппаңыз:
(1) Клеммаларды кез келген ток өткізгіш
материалдармен ұстамаңыз.
(2) Аккумулятор картриджін ішінде шегелер,
тиындар жəне т.б. басқа металл заттары
бар контейнерде сақтамаңыз.
(3) Аккумулятор блогын суға салмаңыз немесе
жаңбыр астында қалдырмаңыз.
Аккумулятор түйіспелерінің тұйықталуы үлкен
ток ағынының пайда болуына, қызып кетуге,
ықтимал күйіктерге жəне тіпті бұзылуға себеп
болуы мүмкін.
6. Құралды жəне аккумулятор блогын
температурасы 50 °C-ден (122 °F) асатын
жерлерде сақтамаңыз.
7. Аккумулятор блогы қатты зақымдалған немесе
толығымен тозған болса да, оны отқа
жақпаңыз. Аккумулятор блогы отта жарылып
кетуі мүмкін.
8. Аккумуляторды құлатып немесе соғып
алмаңыз.
9. Зақымдалған аккумуляторды пайдаланбаңыз.
10. Жинаққа кіретін литий-ионды аккумуляторлар
денсаулыққа жəне қоршаған ортаға зиянды
заттар заңнамасы талаптарына сəйкес
қарастырылады.
Коммерциялық тасымалдау үшін, мысалы, үшінші
тараптар, экспедиторлар үшін қаптамада жəне
таңбалауда арнайы талаптар сақталуы тиіс.
Жіберілетін өнімді дайындау үшін қауіпті заттар
бойынша сарапшы маманмен кеңесу керек.
Сонымен қатар ұлттық ережелерді де толық қарап
шығыңыз.
Ашық түйіспелерді жауып, аккумуляторды
қаптамаға қозғалмайтындай етіп орналастырыңыз.
11. Аккумуляторды кəдеге жаратуға қатысты
жергілікті ережелерді орындаңыз.
82
12. Аккумуляторларды тек Makita компаниясы
көрсеткен өнімдермен бірге пайдаланыңыз.
Аккумуляторларды үйлесімді емес өнімдерге
орнату өртке, қызып кетуге, жарылысқа немесе
электролит ағуына əкеп соқтыруы мүмкін.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАҢЫЗ.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Тек түпнұсқа Makita
аккумуляторларын пайдаланыңыз. Түпнұсқа емес
Makita аккумуляторларын немесе өзгертілген
аккумуляторларды пайдалану нəтижесінде өрт,
жарақат алу немесе зақымдалуға себеп болатын
аккумулятор жарылуына əкелуі мүмкін. Ол сондай-ақ
Makita құралы мен зарядтау құрылғысы үшін Makita
кепілдігінің күшін жояды.
Аккумулятордың максималды қызмет
ету мерзімін сақтау бойынша кеңестер
1. Аккумулятор картриджін қуаты толығымен
отырмас бұрын зарядтаңыз. Электр
құралының қуаты аз екендігін байқаған кезде,
құрал жұмысын тоқтатып, аккумулятор
картриджін зарядтаңыз.
2. Толығымен зарядталған аккумулятор
картриджін ешқашан қайта зарядтамаңыз.
Артық зарядтау аккумулятордың қызмет ету
мерзімін қысқартады.
3. Аккумулятор картриджін 10 °C - 40 °C (50 °F -
104 °F) бөлме температурасында зарядтаңыз.
Зарядтамас бұрын аккумулятор картриджін
суытыңыз.
4. Егер аккумулятор картриджін ұзақ уақыт бойы
(алты айдан артық) пайдаланбаған болсаңыз,
оны зарядтаңыз.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ:
• Құралдың функциясын реттемес жəне тексермес
бұрын, əрдайым құралдың өшірулі екендігіне жəне
аккумулятор картриджінің алынғанына көз
жеткізіңіз.
Аккумулятор картриджін орнату немесе
алу (1-сурет)
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ:
• Аккумулятор картриджін орнатпас немесе алмас
бұрын, əрдайым құралды өшіріңіз.
• Аккумулятор картриджін орнатқан немесе алған
кезде құралды жəне аккумулятор картриджін
мықтап ұстаңыз. Құралды жəне аккумулятор
картриджін мықтап ұстамау, олардың қолыңыздан
сырғанап түсіп, нəтижесінде құралдың жəне
аккумулятор картриджінің зақымдалуына жəне
жарақат алуға əкеп соқтыруы мүмкін.
Аккумулятор картриджін алу үшін картридждің
алдыңғы жағындағы түймені сырғытып, оны құралдан
сырғытып шығарып алыңыз.

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Dsc163zk

Table of Contents