Download Print this page

Hilti WSR 36-A Original Operating Instructions page 205

Hide thumbs Also See for WSR 36-A:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 19
Қызмет
▶ Электр құралды жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралды қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
2.2 Тесіп аралау/кесіп аралау бойынша қауіпсіздік нұсқаулары
▶ Пайдаланатын сайманыңыз көзден таса электр желісіне тиіп кетуі мүмкін болса, аспаптың
арнайы жеке бөлінген жерінен ұстаңыз. Электр сымдарына тигенде аспаптың қорғалмаған
металл бөліктері кернеу астында болады. Бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
2.3 Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша нұсқаулар
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Өңделетін материалды нығайту және тұрақты позицияда сақтау үшін, қысқыш құрылғыларды
немесе басқа пайдалы жолдарды қолданыңыз. Өңделетін материалды қолмен немесе денемен
ұстау тұрақсыз болып табылады және бақылаудың жоғалуына апарып соғуы мүмкін.
▶ Аспап конструкциясына өзгертулер енгізуге және оны модификациялауға тыйым салынады.
▶ Қорғауыш құлаққапты киіңіз. Шу әсерінің нәтижесінде есту қабілеті жоғалуы мүмкін.
▶ Егер аспап шаң сорғыш құралдарынсыз қолданылса, шаң пайда болатын жұмыстарда дем
алу органдарын қорғау құралдарын қолданыңыз.
▶ Жұмыс уақытында қолдар терлемеуі үшін саусақтарды босату және жаттықтыру үшін
үзілістер жасаңыз.
▶ Затты берік бекітіңіз. Бөлшекті бекіту үшін струбциналарды немесе қысқышты қолданыңыз.
Бұл оны қолмен ұстап тұрудан сенімдірек және бұл кезде аспапты екі қолмен ұстауға болады.
▶ Аспапты әлсіз адамдарға нұсқаусыз пайдалануға тыйым салынады.
▶ Аспапты балалардан алшақ ұстаңыз.
▶ Құралдарды ауыстыру үшін қорғауыш қолғаптарды қолданыңыз, өйткені құралдар жұмыс
кезінде қатты қызады және ара төсемінің кескіш жиектері өткір болады.
▶ Өнімді тек жұмыс күйінде қосыңыз.
▶ Құралды ешқашан қолдарға арналған қорғағыш құрылғы орнатпастан пайдаланбаңыз.
▶ Аспапты сақтау немесе тасымалдау алдында әрқашан бұғаттау түймесін белсендіріңіз.
▶ Байқаусіз іске қосылуды болдырмаңыз.
тасымалдамаңыз. Жұмыс үзілістерінде, техникалық қызмет көрсету алдында, құралдарды
ауыстырғанда және тасымалдау кезінде аккумуляторды аспаптан шығарыңыз.
▶ Жұмыс қауіпсіздігі бойынша ұлттық нұсқамаларды орындаңыз.
▶ Құрамында қорғасын бар бояулар,
қамтитын жыныстар және минералдар мен металл сияқты материалдардан пайда болатын шаң
денсаулық үшін зиянды болуы мүмкін. Мұндай шаңның бөлшектерімен дем алу немесе оған тию
пайдаланушыларда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакциялардың және/немесе дем
алу жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді
немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты
өңдеу үшін қолданылатын қосымша материалдармен (хром қышқылының тұзы, ағашты қорғау
заттары) тіркесімде. Құрамында асбест бар материалдарды тек мамандар өңдеуі керек. Мүмкін
болса, жарамды шаңсорғыш құралды қолданыңыз. Шаңсорғыштаудың жоғары деңгейіне
жету үшін, тиісті жылжымалы шаңсорғышты пайдаланыңыз. Қажет болса, сәйкес шаң түріне
арналған респиратор маскасын тағыңыз. Жұмыс аймағының жақсы желдетілуін қамтамасыз
етіңіз. Өңделетін материалдар бойынша еліңізде қолданылатын нұсқауларды орындаңыз.
Электр қауіпсіздігі
▶ Жұмысты бастау алдында жұмыс орнында жасырын электр сымдарының, газ және су жүргізу
құбырларының бар-жоғын тексеріңіз, мысалы, металл іздегіш көмегімен. Электр сымдарына
кездейсоқ тиіп кетсе, аспаптың ашық металл бөліктері электр тогының өткізгіштеріне айналуы
мүмкін. Бұл кезде электр тогының соғу қаупі пайда болады.
Электр аспабымен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
▶ Жұмыс кезінде аспапты өзіңізден ары бағыттаңыз.
▶ Ешқашан қолдарды ара төсемінің алдында немесе үстінде ұстамаңыз.
▶ Кесу кезінде төсемді тексерілмеген жасырын қуыстарға салмаңыз. Ара төсемі қандай да затқа
тигенде қатты кері соғу пайда болуы мүмкін.
▶ Құбырларды, әсіресе диаметрі үлкендерін, кесу адаптерін қолданғанда (сайман), азғантай
басумен және тиісті беру жылдамдығымен жұмыс істеңіз. Бұл аспаптың қызып кетуін болдырмау
үшін қажет.
Printed: 30.05.2017 | Doc-Nr: PUB / 5071396 / 000 / 04
Аспапты негізгі сөндіргішке саусақ қойып
ағаштың кейбір түрлері,
бетон/кірпіш қалауы/кварц
Қазақ
199

Advertisement

loading