Electrolux ERA36633W User Manual page 22

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
22 electrolux
• Басқа температураны таңдау үшін
"Температураны реттеу" тарауын
қараңыз.
Өшіру
Құрылғы (A) пернесін 1 секундтан астам
басу арқылы өшіріледі.
Осы кезде температураның -3 -2 -1-ден
басталатын кері санағы көрсетіледі.
Функциялар мəзірі
(D) пернесін іске қосу арқылы
функциялар мəзірі жұмыс істейді. Əр
функцияны (E) түймешігін басу арқылы
құптауға болады. Егер бірнеше
секундтан кейін құптау берілмесе,
бейнебет мəзірден шығады да, қалыпты
күйге оралады.
Төмендегі функциялар көрсетіледі:
Тоңызытқыш бөлікті таңдау
Мұздатқыш бөлікті таңдау
Эко режимі функциясы
FreeStore функциясы
Шопинг функциясы
Балалар құлпы функциясы
Сусын салқындату функциясы
Мұздату функциясы
Температураны реттеу
Камераны таңдау үшін (D) пернесін
басыңыз да, қажетті температураны
орнату үшін (B) пернесін басыңыз.
Таңдауыңызды растау үшін (E) пернесін
басыңыз.
Температура индикаторы орнатылған
температураны көрсетеді. Таңдалған
температура 24 сағат ішінде орнайды.
"H" демалыс функциясы
Демалыс функциясы температураны +
15 °C мəніне орнатады.
Бұл функция ұзақ демалыста (мысалы,
жазғы демалыс) болған кезде,
жағымсыз иіс пайда болмастан
тоңазытқышты жабық əрі бос ұстауға
мүмкіндік береді.
Демалыс функциясын іске қосу үшін
таңдалған температураны өзгерткен
сияқты əрекет етіңіз. Температура
индикаторы бейнебеттегі
температураны + 8 °C мəніне дейін, əр
кез 1 ° градустан өзгерте алады. + 2 °C
мəнінен кейін "H" əрпі шығады. Растау
үшін E пернесін басыңыз.
Енді тоңазытқыш "демалыс"
функциясында, қуат үнемдеу режимінде
тұрады.
Өте маңызды! Демалыс функциясы
іске қосулы тұрғанда, тоңазытқыш
камерасы бос болуға тиіс.
Балалар құлпы функциясы
Балалар құлпы функциясы (D) пернесін
тиісті белгіше пайда болғанша басу
арқылы (қажет болса бірнеше рет) іске
қосылады
.
Таңдауыңызды бірнеше секунд ішінде
(E) пернесін басу арқылы құптау керек.
ызылдаған дыбыс естіледі де, белгіше
жанып тұра береді. Осы күйде
пернелер арқылы жасалған кез келген
əрекет ешқандай өзгеріс тудырмайды,
себебі осы функция іске қосулы.
Бұл функцияны кез келген уақытта (D)
пернесін тиісті белгіше
жыпылықтағанша басып, содан кейін
(E) пернесін басу арқылы ажыратуға
болады.
Шопинг функциясы
Жылы тағамды көп мөлшерде, мысалы,
азық-түлік дүкенінен келген бетте
салғыңыз келсе, тағамдарды неғұрлым
тез тоңазыту үшін, əрі тоңазытқыштағы
басқа тағамдар жібіп кетпес үшін
Шопинг функциясын іске қосуды
ұсынамыз.
Шопинг функциясы(D) пернесін тиісті
белгіше пайда болғанша басу арқылы
(қажет болса бірнеше рет) іске
қосылады.
. Таңдауыңызды бірнеше
секунд ішінде (E) пернесін басу арқылы
құптау керек. ызылдаған дыбыс естіледі
де, белгіше жанып тұра береді.
Шопинг функциясы шамамен 6 сағат
уақыт өткенде автоматты түрде өшеді.
Бұл функцияны кез келген уақытта (D)
пернесін тиісті белгіше
жыпылықтағанша басып, содан кейін
(E) пернесін басу арқылы ажыратуға
болады.
Эко режимі функциясы
(D) (қажет болса бірнеше рет) пернесін
тиісті белгіше көрсетілгенше басыңыз
.

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Era40633w

Table of Contents