Samsung 5 series User Manual page 94

Series 5 lcd tv
Hide thumbs Also See for 5 series:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Сандық теледидарға қатысты ескерім
1. Сандық теледидар (DVB) функциялары тек DVB-T (MPEG2 және MPEG4 AVC) сандық жерүсті сигналдары
таратылатын немесе DVB-C(MPEG2 және MPEG4 AAC) сигналдарымен сыйысымды кабельдік телевизия қызметі
көрсетілетін елдер/аймақтарда ғана бар. DVB-T немесе DVB-C сигналдарын қабылдау мүмкіндігінің бар-жоғын білу
үшін жергілікті дилерге хабарласыңыз.
2. DVB-T дегеніміз, сандық жерүсті сигналдарын таратуға қатысты, ал DVB-C дегеніміз, сандық сигналдарды кабельдік
теледидар арқылы қабылдау бойынша DVB Еуропалық консорциум стандарты болып табылады. Дегенмен,
EPG (Бағдарламалардың Электрондық Нұсқаулығы), VOD (Сұраныс бойынша Видео) тағы сол сияқты ерекше
функциялардың түрі бұл нұсқаулықта қамтылмаған. Сондықтан оларға осы сәтте қолдау көрсетілмейді.
3. Бұл теледидар DVB-T және DVB-C соңғы стандарттарына [Тамыз,2009] сай жасалса да, аталмыш теледидарға бұдан
кейін шығатын DVB-T сандық жерүсті және DVB-C кабельдік теледидар таратылым сигналдарын қолдайды деген
кепілдік берілмейді.
4. Осы теледидар қолданылатын ел/аймақ түрлеріне қарай кейбір кабельдік телевизия провайдерлері осы қызметі үшін
қосымша төлемақы алуы немесе сіздің олар көрсететін қызметтің шарттарына келісім беруіңіз қажет болуы мүмкін.
5. Кейбір елдер немесе аймақтарда сандық теледидардың кей функциялары жұмыс істемеуі және провайдерлердің
кейбірі DVB-C қызметін дұрыс көрсете алмауы мүмкін.
6. Қосымша ақпаратты жергілікті Samsung тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласып алыңыз.
Қимылсыз бейнені көрсеткен кездегі сақтық шаралары
Теледидардан қимылсыз бейнені көрсету оның экранын біржола бұзуы мүмкін.
СК бейнебеттен қимылсыз немесе жартылай қимылсыз бейнені 2 сағаттан артық көрсетпеңіз, себебі бұл бейнебетте
'бейненің қалып' қоюына әкеліп соғады. Бейненің бейнебетте қалып қоюы 'бейнебеттің жанып кетуі' деген атпен де
мәлім. Бейне осылайша қалып қоймас үшін, бейнебеттің жарықтылығы мен контраст деңгейін қимылсыз суретті
көрсетпей тұрып азайтыңыз.
Видео ойын құралы не компьютер арқылы бейнебетте қимылсыз суретті нақты бір мерзімнен артық уақыт көрсету,
кескіннің бейнебетте жартылай қалып қоюына әкелуі мүмкін. Бұндай жағдай орын алмас үшін қимылсыз бейнені
көрсетер кезде 'жарықтылық' пен 'контраст' деңгейлерін азайтыңыз.
© 2009 Samsung Electronics Co., Ltd. Барлық құқықтары сақталған.
СК бейнебеті бар теледидарды 4:3 пішімінде ұзақ уақыт қарау, бейнебеттегі жарық сәулелерінің әр
түрлілігіне байланысты орын алатын, бейнебеттің сол, оң жағы мен ортасында жиек іздерінің қалып
қоюына әкеліп соғуы мүмкін. Теледидарды DVD не видео-ойын құрылғысын қосу үшін пайдалану да
бейнебетке осылайша әсер етуі мүмкін. Жоғарыда айтылған себептер негізінде орын алған
ақаулықтар Кепілдік Шартына кірмейді.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents