Samsung 5 series User Manual page 117

Series 5 lcd tv
Hide thumbs Also See for 5 series:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Common Interface
CI Menu
Бұл функция пайдаланушыларға CAM модулі ұсынатын мәзір параметрлерін таңдауға мүмкіндік береді.
ДК Card платасының негізіндегі CI мәзірін таңдаңыз.
Application Info.
Бұл жерде CI ұяшығына қосылған CAM модулі туралы деректер бар және көрсетіледі.
CI CARD орнату туралы қосымша мәлімет көрсетіледі. CAM модулін кез келген уақытта, теледидар қосылып не
N
сөндіріліп тұрса да орнатуға болады.
1. CI CAM модулін жақын жердегі дилерге хабарласу не телефон шалу арқылы сатып алуға болады.
2. CI CARD картасын CAM ішіне көрсетілген бағытта салып орнатыңыз.
3. Жалпы тілдесу ұяшығына CI CARD орнатылған CAM модулін қондырыңыз.
(CAM модулін көрсеткінің бағдарына қарай шегіне жеткізіп, ұяшыққа қатарлас орналасатындай етіп қондырыңыз).
4. Сигналдары кодталған арнада бейненің көрінетін-көрінбейтінін тексеріңіз.
Кей елдер мен аймақтарда CAM модуліне қолдау көрсетілмеуі мүмкін,
N
Security
Параметрді орнату бейнебеті көрсетілмей тұрып PIN кодты енгізу бейнебеті пайда болады. 4 орынды PIN кодты енгізіңіз.
Жаңа теледидардың әдепкі PIN коды: 0-0-0-0. PIN кодты мәзірден Change PIN таңдау арқылы өзгертуіңізге болады.
Child Lock → Off / On
Бұл мүмкіндік көруге рұқсат етілмейтін бағдарламаның бейне және дыбысын өшіріп тастау арқылы, балалар тәрізді
пайдаланушылардың оны көруіне тосқауыл қояды.
Арна тізіміндегі кейбір арналарды құрсаулауға болады.
N
Child Lock функциясы тек теледидар режимінде ғана бар.
N
Parental Lock
Бұл функцияның көмегімен пайдаланушылардың кейбіреулеріне (мысалы, балалар) арналмаған бағдарламаға төрт
таңбалы саннан тұратын пин-кодты (Personal Identification Number) орнату арқылы көруге шектеу қоюға болады.
Parental Lock элементі елге байланысты әртүрлі болады.
N
Ата-аналық рейтингтер орнатылған кезде, "\" таңбасы пайда болады.
N
Allow All: Теледидар рейтингтерінің барлығын құрсаудан босату үшін басыңыз.
N
Block All: Барлық теледидар рейтингтерін құрсаулау үшін басыңыз.
Change PIN
Теледидарды баптауға қажетті жеке ID нөмірін өзгертуге болады.
Егер PIN нөмірін ұмытып қалсаңыз, қашықтан басқару пультіндегі түймешіктерді төмендегі рет бойынша басыңыз,
N
сонда PIN код 0-0-0-0 болып орнайды: POWER (Off) → MUTE → 8 → 2 → 4 → POWER (On).
General
Game Mode → Off / On
PlayStation™ не Xbox™ тәрізді видео ойын құрылғыларын қосқан кезде, ойын мәзірін таңдау арқылы шынайы ойын
рахатына батуыңызға болады.
Ойын режиміне қойылған шектеулер (Абайлаңыз)
N
Видео ойын құрылғысын ағытып, басқа сыртқы құрылғыны қосу үшін параметрлерді орнату мәзіріндегі Game Mode
режимін Off қалпына қойыңыз.
Егер теледидар мәзірін Game Mode режимі кезінде ашсаңыз, бейнебет сәл дірілдейді.
Game Mode режимі қалыпты теледидар, ДК және Ext режимдерінде жұмыс істемейді.
N
Сыртқы құрылғы теледидарға қосылған кезде суреттің сапасы нашар болса, Game Mode режимінің On қалпында
N
тұрғанын тексеріңіз. Game Mode режимін Off қалпына қойыңыз да, сыртқы құрылғыны қосыңыз.
Егер Game Mode қосулы тұрса:
N
Сурет режимі автоматты түрде Standard қалпына қойылады да, оны өзгерту мүмкін болмайды.
Үнділік режимі автоматты түрде Custom қалпына қойылады да, оны өзгерту мүмкін болмайды. Дыбысты
эквалайзер арқылы реттеңіз.
Үнділікті бастапқы қалпына келтіру функциясы қосылады. Эквалайзерді баптаған соң, бастапқы қалпына келтіру
функциясын таңдасаңыз, эквалайзердің зауытта орнатылған параметрлері өз қалпына келеді.
казақ - 23

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents