Samsung 5 series User Manual page 110

Series 5 lcd tv
Hide thumbs Also See for 5 series:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Picture Options
ДК режимінде Picture Options элементтерінің ішінен тек Colour Tone және
N
Sizeэлементтеріне ғана өзгерту енгізуге болады.
Colour Tone → Cool / Normal / Warm1 / Warm2 / Warm3
Warm1, Warm2 немесе Warm3 сурет Movie режимінде тұрғанда ғана белсенді күйде
N
болады.
Параметрлерді теледидардың кіріс ұяшығына жалғанған әр сыртқы құрылғыға сай
N
реттеуге және сақтауға болады.
Size
Кей уақытта, бейнебеттегі суреттің өлшемін өзгерткіңіз келуі мүмкін. Теледидарыңызда бірнеше бейнебет параметрлері
орнатылған, бұлардың әрбірі видео кіріс сигналының белгілі бір түрі үшін тамаша жұмыс жасауға арналған. Кабельдік
декодер/спутниктік ресивердің өзіндік бейнебет өлшемдері болуы мүмкін. Негізінен, теледидарды мүмкіндігінше 16:9
режимінде қараған дұрыс.
Бұл параметрлерді қашықтан басқару пультіндегі P.SIZE түймешігін басып таңдауға да болады.
O
Auto Wide: Сурет өлшемін 16:9 пішіміне автоматты түрде келтіреді.
16:9: Сурет өлшемін DVD ойнату не хабар таратуға лайықты етіп 16:9 пішіміне келтіреді.
Wide Zoom: Суреттің өлшемін 4:3 пішімінен асыра үлкейтеді.
Zoom: 16:9 пішіміндегі бейнені бейнебеттің өлшеміне дәлдеп (тік бағытта) үлкейтеді.
4:3: Бұл бейнефильмге немесе қалыпты хабар таратуға қатысты зауытта орнатылған параметр.
Screen Fit: Бұл функцияны HDMI (720p / 1080i / 1080p) немесе Component (1080i / 1080p) сигналдары қабылданған
кезде бейненің шетін қимастан толық көрсету үшін қолданыңыз.
Сигналдың қандай көзден қабылданғанына байланысты сурет өлшемі параметрлері де әр түрлі болуы мүмкін.
N
Таңдалған режим түріне қарай параметр элементтері де әр түрлі болуы мүмкін.
N
ДК режимінде, тек 16:9 және 4:3 пішіндерін ғана реттеуге болады.
N
Параметрлерді теледидардың кіріс ұяшығына жалғаған әр сыртқы құрылғыға сәйкес реттеуге және сақтауға болады.
N
Қимылсыз кескінді екі сағаттан артық қарағанда бейне уақытша кідіруі мүмкін.
N
Wide Zoom: ► түймешігін басып Position параметрін таңдаңыз да, содан соң ENTERE түймешігін басыңыз. ▲ не ▼
N
түймешігін басып суретті жоғары / төмен жылжытыңыз. Содан кейін ENTERE түймешігін басыңыз.
Zoom: ► түймешігін басып Position параметрін таңдаңыз да, содан соң ENTERE түймешігін басыңыз. ▲ не ▼
N
түймешігін басып суретті жоғары / төмен жылжытыңыз. Содан кейін ENTERE түймешігін басыңыз. ► түймешігін
басып Size параметрін таңдаңыз да, содан соң ENTERE түймешігін басыңыз. Суреттің өлшемін тік бағытта ұлғайту
не болмаса кішірейту үшін ▲ не ▼ түймешігін басыңыз. Содан кейін ENTERE түймешігін басыңыз.
Screen Fit параметрін HDMI (1080i / 1080p) немесе Component (1080i / 1080p) режимінен таңдап алған соң: Position
N
параметрін ◄ не ►түймешігі арқылы таңдаңыз. Суретті жылжыту үшін ▲, ▼, ◄ не ► түймешігін қолданыңыз.
Reset: ◄ не ► түймешігін басып Reset параметрін таңдап, содан кейін ENTERE түймешігін басыңыз. Параметрді
бастапқы қалпына қайтаруыңызға болады.
Егер Screen Fit функциясын HDMI 720p режимінде таңдасаңыз, үстіңгі, астыңғы, сол жағы мен оң жағынан 1 сызық
N
жиек, Қоса мәтіналу функциясындағыдай қиылып қалады.
Screen Mode → 16:9 / Wide Zoom / Zoom / 4:3
16:9 кең бейнебетті теледидарда сурет өлшемін Auto Wide режиміне қойған кезде, 4:3 кең пішімді сурет өлшемін көрсетуді
немесе көрсетпеуді таңдауға болады. Еуропаның әр елінде сурет өлшемін әртүрлі көрсету қажет етіледі, сондықтан бұл
функция оны пайдаланушылардың өздері таңдауға арналған.
16:9: Суретті 16:9 кең пішімде көрсету режимін орнатады.
Wide Zoom: Суреттің өлшемін 4:3 пішімінен асыра үлкейтеді.
Zoom: Суреттің өлшемін бейнебетте тігінен үлкейтеді.
4:3: Суретті 4:3 қалыпты пішімде көрсету режимін орнатады.
Бұл функция Auto Wide режимінде жұмыс істейді.
N
Бұл функция ДК, Component не HDMI режимдерінде жұмыс істемейді.
N
Digital NR → Off / Low / Medium / High / Auto
Егер қабылданатын хабар тарату сигналы әлсіз болса, Сандық Бөгеуілді Азайту мүмкіндігін қосып, бейнебетте көрінуі
ықтимал қимылсыз және қосарлы суреттерді жоюға және радио бөгеуілді азайтуға болады.
Сигнал әлсіз болған кезде, өзге параметрлердің бірін кескін жақсарғанша таңдай беріңіз.
N
HDMI Black Level → Normal / Low
Бейнебетті толығымен қалыпқа келтіру үшін бейнебеттегі қара деңгейді таңдауға болады.
Бұл функция сыртқы құрылғы теледидарға HDMI (RGB сигналдары) арқылы жалғанған кезде белсенді күйге көшеді.
N
казақ - 16
Picture Options
Colour Tone
: Normal
Size
: Auto Wide
Screen Mode
: 16:9
Digital NR
: Auto
HDMI Black Level
: Normal
Film Mode
: Off
Blue Only Mode
: Off
U Move E Enter R Return

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents