Philips GC6400 SERIES User Manual page 54

Hide thumbs Also See for GC6400 SERIES:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚазаҚша
5
-
Егер штепсельде, қуат кабелінде, бу беру түтігінде немесе құрылғының өзінде көзге
көрінетін зақым болса немесе құрылғы жерге түсіп кеткен не одан сұйықтық ағып жатса,
оны қолданбаңыз.
-
Егер қуат кабелі немесе бу жеткізу түтігі зақымдалған болса, қауіптің алдын алу үшін оны
Philips компаниясы, Philips компаниясының рұқсаты бар қызмет көрсету орталығы немесе
білікті мамандар сізге ауыстырып беруі керек.
-
Құрылғы қуат көзіне қосулы болған кезде оны бақылаусыз қалдырып кетпеңіз.
-
Бұл құрылғы физикалық, сезімталдық немесе ақыл-ой қабілеттері төмен адамдардың (оның
ішінде балалар), тәжірибесі және білімі жоқ адамдардың қолдануына арналмаған, олардың
қауіпсіздігіне жауап беретін адам оларға жетекшілік етіп, құрылғы қалай қолданылатынын
түсіндіруі тиіс.
-
Балаларды бақылап, олардың құрылғымен ойнамауы қадағалынуы керек.
-
Қуат кабелінің және бу жеткізу түтігінің үтіктің ыстық түбімен жанасуына ешқашанда жол
бермеңіз.
-
Егер құрылғы қызғанда бу ыдысының қақпағының астынан бу шықса, құрылғыны өшіріңіз
де, бу ыдысының қақпағын мықтап жабыңыз. Егер сонда да құрылғы қызғанда бу шықса,
оны өшіріп, Philips компаниясының рұқсаты бар қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
-
Бу ыдысының қысымы жоғары болған кезде, бу ыдысының қақпағын ашпаңыз.
-
Бірге берілген қақпақтан басқа қақпақты қолданбаңыз, өйткені бу ыдысының қақпағы
қауіпсіз клапан қызметін де атқарады.
-
Қосулы үтікті жоғары температураға шыдайтын үтік қойылатын төсемге ұзақ мерзімге
қоймаңыз. Жоғары температураға шыдайтын үтік қойылатын төсемді үтіктеу кезінде үтікті
аз уақытқа қоя тұру үшін ғана қолданыңыз.
абайлаңыз
-
Құрылғыны тек жерге тұйықталған розеткаға ғана қосыңыз.
-
Қуат кабелі мен бу жеткізу түтігін мерзімді түрде болатын ықтимал зақымдарға тексеріп
тұрыңыз.
-
Үтік пен бу ыдысын тек тұрақты, тегіс әрі көлденең бетке қойып қолданыңыз.
-
Үтіктің тірегі мен үтіктің түбі қатты қызады, тиіп кетсеңіз күйіп қалуыңыз мүмкін. Егер бу
ыдысын жылжытқыңыз келсе, тіректі ұстамаңыз.
-
Үтіктеп болғаннан кейін, құрылғыны тазалаған кезде, бу ыдысын толтырған не босатқан
кезде, сондай-ақ, үтікті аз уақытқа болса да тастап кеткенде: үтікті тірекке қойыңыз,
қосулы/өшірулі қосқышын «О» позициясына орнатып, штепсельді розеткадан суырыңыз.
-
«Тазалау және күтім көрсету» тарауындағы нұсқауларға сәйкес бу ыдысын мерзімді түрде
тазалап тұрыңыз.
-
Бұл құрылғы тек үйде қолдануға арналған.
Электрмагниттік өрістер (ЭМӨ)
Philips компаниясының бұл құрылғысы электрмагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
стандарттарға сай келеді. Дұрыс әрі осы пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес
қолданылса, қазіргі кезде белгілі ғылыми дәлелдерге негізделе отырып құрылғыны қолдану
қауіпсіз деуге болады.
Бірінші қолданудан бұрын
1
Үтіктің түбіндегі кез келген жапсырманы немесе қорғаушы қапты алып тастап, үтіктің
түбін жұмсақ шүберекпен сүртіп алыңыз.

Қуат кабелі мен бу жеткізу түтігін толығымен орамынан айналдырып, шығарып алыңыз.

Бу ыдысын тұрақты әрі тегіс бетке орналастырыңыз.

Үтікті тірекке орналастырыңыз.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Gc6450Gc6440Gc6430Gc6420

Table of Contents