Download Print this page

Philips FC8456/01 Manual page 18

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
-
Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны тек Philips
компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет көрсету орталығында немесе білікті мамандар
ауыстыруы керек.
-
Құралды тазаламас немесе жөндемес бұрын, штепсельді розеткадан ажырату керек.
-
Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану
нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ
білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
-
Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
-
Шлангты, түтікті немесе басқа жабдықты көзге, құлаққа бағыттамаңыз, сондай-ақ
шаңсорғыш қосулы, ал шланг шаңсорғышқа тағылып тұрғанда, ауызға салмаңыз.
-
Шаңсорғыштың ешбір бөлігін ыдыс жуғышта жууға болмайды.
Ескерту
-
Үлкен заттарды сорғызбаңыз, себебі олар түтік пен шлангтағы ауа ағынына кедергі жасауы
мүмкін.
-
Шаңсорғышты пайдаланып күл, топырақтың ұсақ түйіршіктерін, әк, цемент шаңын және
осыған ұқсас заттарды сорғанда, шаң дорбасы мен моторды қорғайтын сүзгі бітеліп қалады.
Сору қуатының қатты азайғаны байқалса, шаң дорбасын ауыстырып, моторды қорғайтын
сүзгіні тазалаңыз.
-
Шаң дорбасы немесе моторды қорғайтын сүзгі болмаса, құралды қолданбаңыз. Бұл
моторды зақымдап, жұмыс мерзімін қысқартуы мүмкін. Philips s-bag
қолданылатын шаң дорбаларын ғана пайдалану ұсынылады.
-
Шағын турбо щетканы үй жануарларына пайдалануға болмайды.
-
Тек FC8452, FC8454, FC8455: шу деңгейі: Lc= 84 дБ (A)
-
Тек FC8450, FC8451: шу деңгейі: Lc= 83 дБ (A)
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.
Пайдалануға дайындау
шланг
1
Шлангты қосу үшін, шланг қосқышын шланг қосылатын ұяға кіргізіп итеріңіз («сырт»
етеді) (Cурет 2).
2
Шлангты ажырату үшін, шешу түймелерін басып (1), шлангты қосу тесігінен шығарыңыз
(2) (Cурет 3).
Жиналмалы түтік
Ескертпе. Сапқа немесе түтікке кез келген саптаманы немесе жабдықты жалғауға болады.
Мұны орындау үшін, сапты немесе түтікті саптамаға немесе жабдықтарға аздап бұра
отырып кіргізіңіз.
1
Сапты сорғызу түтігіне кіргізіп итеріңіз. (Cурет 4)
Шешу үшін, сапты аздап бұрып, түтіктен тартып алыңыз.
2
Шаң сорғанда, жиналмалы түтікті ыңғайлы ұзындыққа келтіріңіз. Түтіктегі сырғытпаны
басып (1), түтіктің төменгі бөлігін астына қарай итеріңіз немесе жоғары қарай тартыңыз
(2) (Cурет 5).
ҚазаҚша
немесе Philips қайта
®
17

Advertisement

loading