Bosch Professional GAL 18V-40 Original Instructions Manual page 43

Hide thumbs Also See for Professional GAL 18V-40:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 70
Зарядтау процесі тек аккумулятор температурасы
рұқсат етілген зарядтау температурасының
ауқымында (0–45°C) болса қолжетімді.
Қосымша ақпарат алу үшін онлайн пайдалану
бойынша нұсқаулықты мына жерден қараңыз:
www.bosch-pt.com/manuals
Қабырғада орнату
Зарядтағыш құрылғыда кез келген жұмыстарды өткізу
u
алдында желілік ашаны розеткадан суырып шығарыңыз.
Зарядтау құрылғысын не тұрғызып (үстелде пайдалану), не
қабырғаға іліп қойы пайдалануға болады.
Қабырғаға бекіту үшін: 72 мм арақашықтықта 2 саңылау
жасаңыз. Тек диаметрі кемінде 5 мм және көбімен 6,5 мм
домалақ бастық бұрандаларды пайдаланыңыз.
Ақауларды жою
Аккумулятор зарядталмайды
Аккумулятор зарядталмайды және қызыл түсті
температураны бақылау/қате индикаторы (2) қызыл
түспен жыпылықтап тұр.
Себебі: зарядтағыш құрылғыда ішкі қате анықталды
Шешімі: барлық аккумуляторлар толықтай салынғанына
көз жеткізіңіз. Желілік ашаны суырып, қайтадан салыңыз.
Ақау қайтадан орын алса, зарядтағыш құрылғыны Bosch
электр құралдарына арналған өкілетті қызмет көрсету
орталығында тексертіңіз.
Индикаторлар жанбай тұр
Индикатор жанбайды, аккумулятор зардталмайды.
Себебі: розетка, қуат кабелі немесе зарядтау құрылғысы
ақаулы
Шешімі: желі кернеуін тексеріңіз. Қажет болса, зарядтау
құралын уәкілетті қызмет көрсету орталығында тексеріңіз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің
төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch
компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша
өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.
Тұтынушыға қызмет көрсету және
пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер
туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер
бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер
төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді:
www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
Bosch Power Tools
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы
10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық
мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық
немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында
орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді
пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін.
Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және
қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала
аласыз
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да
мекенжайларын мына жерден қараңыз:
www.bosch-pt.com/serviceaddresses
Кәдеге жарату
Зарядтау құралын, оның жабдықтары мен қаптамасын
қоршаған ортаны қорғайтын кәдеге жарату орнына тапсыру
қажет.
Зарядтау құралын үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Электр және электрондық ескі құралдар бойынша Еуропа
2012/19/EU ережесі және оның ұлттық заңдарға сай
пайдалануға жарамсыз зарядтау құралдары бөлек жиналып
кәдеге жаратылуы қажет.
Қате жолмен кәдеге жаратылған ескі электрлік және
электрондық құрылғылар қауіпті заттардың болу
мүмкіндігіне байланысты қоршаған ортаға және адам
денсаулығына зиянды әсер тигізуі мүмкін.
Қазақ | 43
1 609 92A 8NL | (15.02.2024)

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents