Bosch Professional GBM 50-2 Original Instructions Manual page 211

Hide thumbs Also See for Professional GBM 50-2:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 20
байланысты өшірілуіне дейін 8 сағаттай уақытта көмір
қылшақтарды алмастыру индикаторы (14) қызыл түспен
жана бастайды. Электр құралын өшкенше пайдалана
беруге болады.
Электр құралын Bosch қызмет көрсету орталығына
жіберіңіз, мекенжайларды "Қызмет көрсету орталығы
және қолданыс қызметі" бөлімінен қараңыз.
Ешқашан тек бір көмір қылшақты алмастырмаңыз!
Нұсқау: тек Bosch компаниясынан сатып алынған,
өніміңізге арналған көмір қылшақтарды пайдаланыңыз.
– Көмір қылшақтардың қақпағын (1) жарамды
бұрауышпен босатыңыз.
– Серіппе қысымы астында тұрған көмір қылшақтарды
алмастырып, қаптама қақпақты қайтадан бұрап
қойыңыз.
Бағыттауыш шина қуысын реттеу (E1 − E3 суретін
қараңыз)
Егер электр құралы бұрғылау кезінде қатты дірілдесе
немесе бағыттауыш шинада қуыс көрінсе, бағыттауыш
шина қуысының енін реттеу қажет. Бұл алмалы-салмалы
аспаптың сынуына және электр құралының
зақымдалуына жол бермейді.
– Желілік ашаны розеткадан суырып алыңыз, алмалы-
салмалы аспапты және суыту сұйықтығының жүйесін
шығарып алыңыз және электр құралын берік, тегіс
және көлденең бетке қойыңыз.
– Бұрғы блогын (44) қол қос иінімен (4) саңылау
жоғарғы бұранда (45) үстінен орналасқанша жоғары
қарай бұраңыз.
– Сол жақ бағыттауыш шинаның жоғарғы бұрандасын
(45) алты қырлы дөңбек кілтпен (4 мм) (25)
босатыңыз.
– Бұрғы блогын қол қос иінінің (44)(4) көмегімен
толықтай жоғары қарай бұраңыз.
– Сол жақ бағыттауыш шинаның 3 астыңғы бұрандасын
(45) алты қырлы дөңбек кілтпен (4 мм) (25)
босатыңыз.
– 4 бұранданы (46) алты қырлы дөңбек кілтпен (3 мм)
(25) бұрап бекітіп, дәл сол уақытта бұрғы блогын (44)
қол қос иінінің (4) көмегімен жоғары немесе төмен
қарай бұраңыз. Бұл ретте қажетті қозғалыс күшін
реттеңіз.
– Бұрғы блогын толықтай жоғары қарай бұраңыз да, сол
жақ бағыттауыш шинаның 3 астыңғы бұрандасын (45)
алты қырлы дөңбек кілтпен (4 мм) (25) бұрап бекітіңіз.
– Бұрғы блогын толықтай төмен қарай бұраңыз да, сол
жақ бағыттауыш шинаның жоғарғы бұрандасын (45)
алты қырлы дөңбек кілтпен (4 мм) (25) бұрап бекітіңіз.
Лазерді реттеу (F суретін қараңыз)
Дәл бұрғылауды қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін лазер сәулелерін тексеріп,
қажетінше қайта реттеу керек.
– Лазерді іске қосу үшін лазер ажыратқышын (7) "I"
күйіне басыңыз.
– Лазер қаптамасын (47) бұрап шығарыңыз.
Bosch Power Tools
– Ұстағыш қысқыштың (49) бұрандаларын сәл
босатыңыз.
– Бұранданы (50) тиісті бағытпен бұрау арқылы лазерлік
крестті оңға немесе солға қарай жылжытыңыз.
– Бұранданы (51) тиісті бағытпен бұрау арқылы лазерлік
крестті құралға қарай немесе құралдан ары қарай
жылжытыңыз.
– Бұрандаларды ұстағыш қысқышпен (49) қайтадан
бұрап бекітіңіз.
– Лазер қаптамасын (47) қайтадан берік бекітіңіз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ала аласыз
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да
мекенжайларын мына жерден қараңыз:
www.bosch-pt.com/serviceaddresses
Қазақ | 211
1 609 92A 7Y6 | (31.05.2022)

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

0 601 1b4 020

Table of Contents