Bosch 0 601 4A2 002 Original Instructions Manual page 83

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 9
Жинау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Құралды алмастыру (A суретін қараңыз)
Суырмалы тереңдік шектегішін (4) алға қарай тартып
шығарыңыз. Бұрауыш битті (1) сыртқа тартыңыз. Қажет
болса, әмбебап бит ұстағышын (10) да тартып шығаруға
және алмастыруға болады.
Құрал алмастырылғаннан кейін, суырмалы тереңдік
шектегішін (4) қайтадан енгізіңіз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Айналу бағытын реттеу (D– E суреттерін қараңыз)
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (6) электр
u
құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (6) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (8) басқанда бұл мүмкін емес.
Оңға айналу: бұрандаларды бұрап кіргізу үшін айналу
бағытын ауыстырып-қосқышты (6) сол жағынан төмен
жылжытып, дәл сол уақытта оң жағынан жоғары қарай
жылжытыңыз.
Солға айналу: бұрандаларды босату немесе бұрап
шығару үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (6)
сол жағынан жоғары қарай жылжытып, дәл сол уақытта
оң жағынан төмен қарай жылжытыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (8) басып
тұрыңыз.
Басылған ажыратқышты (8) бекіту үшін бекіту түймесін
(7) басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, ажыратқышты (8) жіберіңіз
немесе бекіту түймесімен (7) құлыптанған болса,
ажыратқышты (8) қысқа уақыт басып жіберіңіз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті (8) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (8) жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
күшейгенде айналу саны артады.
Бұрап кіргізу тереңдігін реттеу (B суретін қараңыз)
Реттеу төлкесімен (3) бұрауыш бастиектің дайындамаға
бұрап кіргізу X тереңдігін әр айналымда бекітілетін 8
Bosch Power Tools
деңгей бойынша алдын ала реттеуге болады. Әрбір
деңгей бұрап кіргізу тереңдігін 0,25 мм-ге өзгертеді.
Реттеу төлкесін (3) сағат тілінің бағытымен айналдыру
бұрап кіргізу тереңдігін арттырады, ал сағат тілінің
бағытына қарсы айналдыру бұрап кіргізу тереңдігін
азайтады.
Қажетті тереңдікке сынақ бұрау әрекеті арқылы қол
жеткізуге болады.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
u
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Бұранданы бұрауыш битке (1) бағыттаңыз. Бұранда
әмбебап бит ұстағышының (10) магниттік күші арқылы
ұсталады. Бұранда ұштығын, тереңдік шектегіші (4)
дайындамаға орналастырылғанша, бұрап бекітілетін
дайындамаға қарай күшпен итеріңіз.
Электр құралын қосыңыз. Бұранданы дайындамаға бұрап
кіргізуде қажетті тереңдікке жеткенше кіргізіледі. Беріліс
ажыратылып аспап патроны айналмайды. Бұрап кіргізу
тереңдігін тексеріп, қажет болса реттеңіз.
Бұрап кіргізу тереңдігі үшін жылдам реттеу ( C
суретін қараңыз)
Реттегіш гильзаның (3) көмегімен Y бұрап кіргізу
тереңдігін алдын ала таңдауға болады:
Бұрандаларды босату үшін суырмалы тереңдік
шектегішін (4), шерту дыбысы естілгенше, тұтқаға (9)
қарай жылжытыңыз.
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (6) сол жақтан
жоғары қарай, ал оң жақтан төмен қарай жылжытыңыз.
Электр құралын қосыңыз.
Қайыс ұстағышы
Қайыс ұстағышымен (5) мысалы, электр құралын
қайысқа асуға болады. Сонда, екі қолыңыз бос болып,
электр құралы жұмыс істеуге дайын болады.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
Қазақ | 83
1 609 92A 7DW | (14.06.2022)

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Professional gtb 6-50

Table of Contents