Philips GC7920/20 User Manual page 79

Hide thumbs Also See for GC7920/20:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 5
Қазақша
80
Кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын
қолдауды толық пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome торабында тіркеңіз.
Құралды пайдаланбастан бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын, маңызды ақпарат парақшасын және
жылдам бастау нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Келешекте қарау үшін оларды сақтап қойыңыз.
Өнімге жалпы шолу (1-сурет)
1 Астыңғы табан
2 «Үтік дайын» жарығы
3 Бу шығарғыш/буды күшейту
4 Су жеткізу шлангісі
5 Үтіктің түпқоймасы
6 Тасымалдау бекітпесін босату түймесі
7 Су ыдысын босататын рычаг
8 Толтыру тесігі
9 Алынатын су сыйымдылығы
10 Су жеткізу шлангісін сақтау орны
11 Штепсельдік ұшы бар қуат сымы
12 Зерделі қақ тазалау ыдысы
13 Шамы бар CALC-CLEAN (Қақ тазалау) түймесі
14 Қуат қосу және өшіру шамы бар қосу/өшіру түймесі
Қолдануға дайындық
Пайдаланылатын су түрі
Бұл құрылғы құбыр суын пайдалануға арналған. Дегенмен, егер кермек су аумағында тұрсаңыз, қақ
тез жиналуы мүмкін. Осылайша, құрылғының қызмет ету мерзімін ұзарту үшін, тазартылған немесе
минералсыздандырылған суды қолдану ұсынылады (минералсыздандырылған/тазартылған су мен
әдеттегі судың 50% қоспасын пайдалануға да болады).
Ескерту: хош иісті суды, кептіргіштен алынған суды, сірке суын, крахмалды, қақ түсіру
заттарын, үтіктеу заттарын, химиялық түрде қағы түсірілген суды немесе басқа химикаттарды
пайдаланбаңыз, өйткені олар судың шашырауына, қоңыр дақтарға әкелуі немесе құрылғыны
зақымдауы мүмкін.
Су ыдысын толтыру
Әр қолданар алдында немесе су ыдысындағы су деңгейі ең төменгі көрсеткіштен төмен түскенде су
ыдысын толтырыңыз. Қолдану барысында су ыдысын толтыра аласыз.
1 Су ыдысы тұтқасындағы иінтіректі басып, су ыдысын негізден алыңыз (2-сурет).
2 Су сыйымдылығын MAX (ЕҢ ЖОҒ.) көрсеткішіне дейін сумен толтырыңыз (3-сурет).
3 Су ыдысын кері құралға орнына сырт етіп түскенше басыңыз.
Құрылғыны қолдану
Үтіктеуге болатын маталар
Үтіктеуге болмайтын маталарды үтіктемеңіз.
-
Мына белгілері бар маталарды (4-сурет), мысалы, зығыр, мақта-мата, полиэстер, жібек, жүн,
вискоза және жасанды жібекті үтіктеуге болады.
-
Мына белгісі бар маталарды (5-сурет) үтіктеуге болмайды. Бұл маталардың құрамында спандекс
немесе эластан, спандекс аралас талшықтар және полиолефиндер (мысалы, полипропилен)
сияқты синтетикалық талшықтар бар. Киімдегі суретті үтіктеуге болмайды.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Gc7900 series

Table of Contents