Download Print this page

Қауіпсіздік Техникасы Бойынша Нұсқаулар - Kärcher GSH 18-20 Battery Manual

Hide thumbs Also See for GSH 18-20 Battery:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 13
Особи, що нижче підписалися, діють за дорученням
і за довіреністю керівництва.
H. Jenner
Chairman of the Board of Management
Особа, відповідальна за ведення документації:
Ш. Райзер (S. Reiser)
Alfred Kärcher SE & Co. KG
Alfred-Kärcher-Str. 28 - 40
71364 Winnenden (Germany)
Тел.: +49 7195 14-0
Факс: +49 7195 14-2212
м. Вінненден, 01.02.2023
Мазмұны
Қоршаған ортаны қорғау ................................... 214
Жеткізілім жинағы .............................................. 214
Қорғаныс құрал-жабдықтары ............................ 214
Құрылғыдағы белгілер....................................... 215
Құрылғының сипаттамасы................................. 215
Аккумулятор жинағы .......................................... 215
Орнату ................................................................ 215
Қолдану .............................................................. 216
Тасымалдау........................................................ 216
Сақтау ................................................................. 216
Ақаулар кезіндегі көмек ..................................... 217
Кепілдік ............................................................... 217
Техникалық мағлұматтар .................................. 217
декларация......................................................... 218
Қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулар
Құрылғыны алғашқы рет пайдалану
алдында, осы қауіпсіздік бөлімін жəне осы
түпнұсқалық пайдалану нұсқаулығын оқып
шығыңыз. Оған сəйкес əрекет етіңіз.
Пайдалану бойынша түпнұсқа нұсқаулықты кейін
пайдалану немесе кейінгі пайдаланушылар үшін
сақтап қойыңыз.
Қауіп деңгейлері
ҚАУІП
● Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғатын тікелей қауіп бойынша нұсқау.
ЕСКЕРТУ
● Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғуы мүмкін қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
АБАЙЛАҢЫЗ
● Жеңіл жарақаттануға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
● Материалдық зиянға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
210
S. Reiser
Director Regulatory Affairs & Certification
Қазақша
Техникалық қауіпсіздік бойынша жалпы
нұсқаулар
ЕСКЕРТУ
● Осы электр құралымен бірге келетін барлық
қауіпсіздік ескертулерін, нұсқауларды,
суреттер мен техникалық сипаттамаларды
оқып шығыңыз.
Төмендегі нұсқаулардың кез келгенін орындамау
электр тогының соғуына, өртке жəне/немесе
ауыр жарақатқа əкелуі мүмкін. Кейіннен
пайдалану үшін барлық ескертулер мен
нұсқауларды сақтап қойыңыз.
Ескертулердегі «Электр құралы» термині электр
желісінен жұмыс істейтін (сымды) бұйымға немесе
батареямен жұмыс істейтін (сымсыз) бұйымға
қатысты.
1
Жұмыс аймағындағы қауіпсіздік
a Жұмыс орнын таза ұстаңыз жəне жақсы
жарықтандыруды қамтамасыз етіңіз.
Шашылып жатқан немесе қараңғы жерлер
оқыс жағдайларға оңай əкеледі.
b Электр құралдарын ықтимал жарылғыш
ортада, мысалы, жанғыш сұйықтықтар,
газдар немесе шаң бар жерде
пайдаланбаңыз. Электр құралы шаңды
немесе буды тұтандыруы мүмкін ұшқындар
шығарады.
c Электр құралымен жұмыс істеуге
балаларға жəне бөгде адамдарға рұқсат
етпеңіз. Алаңдататын факторлар
бақылауды жоғалтуға əкелуі мүмкін.
2
Электрлік қауіпсіздік
a Электр құралының ашалары розеткаға
сəйкес келуі керек. Ешқандай жағдайда
ашаны өзгертпеңіз. Жерге тұйықталған
электр құралдарымен бірге өтпелі
ашаларды қолданбаңыз. Өзгертілмеген
ашалар мен сəйкес келетін розеткалар
электр тогының соғу қаупін азайтады.
b Құбырлар, жылытқыштар, пештер мен
тоңазытқыштар сияқты жерге тұйықталған
беттермен дененің жанасуын
болдырмаңыз. Денеңіз жерге тұйықталған
болса, электр тогының соғу қаупі артады.
c Электр құралдарын жаңбырдан немесе
ылғалдан алыс ұстаңыз. Электр құралына
судың түсуі электр тогының соғу қаупін
арттырады.
d Кабельді мақсатына сай емес, электр
құралын алып жүру, тарту немесе ажырату
мақсатында пайдаланбаңыз. Кабельді
жылу, май, өткір жиектер немесе
жылжымалы бөліктерден алыс ұстаңыз.
Зақымдалған немесе шатасып қалған
кабельдер электр тогының соғу қаупін
арттырады.
e Электр құралын ашық ауада
пайдалансаңыз, сыртта қолдануға
жарамды ұзартқыш кабельді
пайдаланыңыз. Сыртта қолдануға
жарамды кабельді пайдалану электр
тогының соғу қаупін азайтады.
f Егер электр құралын ылғалды ортада
пайдаланбау мүмкін болмаса, қауіпсіздік
ажыратқышымен (FI ажыратқышы)
қорғалған қуат көзін пайдаланыңыз. FI

Advertisement

loading