Bosch Professional GKS 18V-57 G Instructions Manual page 169

Hide thumbs Also See for Professional GKS 18V-57 G:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 14
OBJ_BUCH-2769-001.book Page 169 Wednesday, January 13, 2016 4:11 PM
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
 Тек электр құралыңыздың зауыттық
тақтайшасында белгіленген қуатты түпнұсқалық
Bosch литий-иондық аккумуляторын
пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану
жарақаттану және өрт қаупін тудыруы мүмкін.
Зарядталған аккумуляторды 19 алдынан электр
құралының тұтқасына салыңыз. Аккумуляторды қызыл
сызық көрінбегенше, аккумулятор бекітілгенше толық
тұтқаға салыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралын пайдалану үшін алдымен құлыптау
пернесін 1 басып кейін қосқыш/өшіргішті 18 басып ұстап
тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 18
жіберіңіз.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 18
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Жүріс тежегіші
Кіріктірме жүріс тежегіші электр құралы өшкеннен соң ара
полотносын тоқтау уақытын қысқартады.
Терең заряд жоғалту қорғанысы
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
Пайдалану нұсқаулары
Кесік ені пайдаланған ара дискісіне байланысты өзгереді.
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.
Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай
қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың
қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және
электр құралды зақымдауы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.
Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сондай-ақ, бойлай немесе көлденеңінен
аралауға байланысты.
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады.
Емен мен шамшат шаңы денсулыққа өте зиянды,
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Bosch Power Tools
Параллельді тірек бар аралау (D суретін қараңыз)
Параллельді тірек 12 дайындама жиегі бойымен дәл
аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей
жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.
Қосымша тірекпен бірге аралау (E суретін қараңыз)
Үлкен дайындамаларды өңдеу және түзу жиектерді кесу
үшін дайындамада қосымша тірек ретінде тақтаны немесе
рейканы бекітуге боалды және дискілік тақтаны тірек
тақтасымен бірге қосымша тіректің бойымен жүргізуге
болады.
Бағыттауыш рейка көмегімен аралау (G суретін
қараңыз)
Бағыттауыш рейканың 34 көмегімен түзу сызықпен
аралауды орындауға болады.
Ескертпе: Бағыттауышты 34 тек тікбұрышты кесіктер үшін
пайдаланыңыз. Қисық кесіктермен бағыттауыштарды 34
зақымдау мүмкін.
Тұтқыр бағыттауыш сырғануының алдын алып, дайындама
бетін қорғайды. Бағыттауыш қаптамасы электр құралының
оңай жылжуына мүмкіндік береді.
Домалақ араны тікелей бағыттауыш планкаға 34
орнатыңыз. Бағыттауыш планканы 34 сәйкес қысу
аспаптарымен, мысалы бұрандама қысқышпен,
дайындамада бағыттауыш планканың 34 жіңішке жағы ара
дискісіне көрсететін етіп бекітіңіз.
Бағыттауыш 34 араланатын дайындама шетінен
шығуы мүмкін емес.
Электр құралын қосып және кесу бағытында азғантай
қысыммен біркелкі жүргізіңіз.
Жалғау бөлшегінің 36 көмегімен екі бағыттауыш рейканы
жалғауға болады. Бекіту жалғау бөлшегінде орналасқан
төрт винт көмегімен жүзеге асырылады.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ
щеткамен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
 Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Қaзақша | 169
1 609 92A 256 | (13.1.16)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Professional gks 18v-5706016a2100

Table of Contents