Makita JV001G Instruction Manual page 36

Hide thumbs Also See for JV001G:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

ПАЙДАЛАНУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
әрқашан өңдеу бөлшегімен бірге ұстаңыз.
Әйтпесе қыл ара жүзі сынып, ауыр жарақат алуға
себеп болуы ықтимал.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
немесе айналдыру кезінде құралды өте баяу
жылжытыңыз. Құралға күш салу кесу бетін
көлбеулетіп, қыл ара жүзінің сынуына әкелуі
мүмкін.
Қыл ара жүзін ешнәрсеге тигізбей, құралды қосыңыз
және қыл ара жүзі толық жылдамдыққа жеткенше
күтіңіз. Содан кейін табанды кесілетін бөлшек үстіне
қойып, құралды алдын ала белгіленген кесу сызығы
бойымен жүргізіңіз.
► Сурет16: 1. Кесу сызығы 2. Табан
Көлбеу кесу
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
еңкейтпес бұрын, әрдайым құралдың өшірулі
екендігіне және аккумулятор картриджінің
алынғанына көз жеткізіңіз.
Қыл ара табанын еңкейту арқылы, 0° және 45°
аралығындағы кез келген бұрышта (сол немесе оң
жақ) көлбеу кесу әрекеттерін орындауға болады.
► Сурет17
Табанды еңкейту үшін, алты қырлы кілтпен қыл ара
табанының түбіндегі болтты босатыңыз. Болтты
табандағы қиғаш ойықтың ортасына орналастырып,
табанды жүргізіңіз.
► Сурет18: 1. Алты қырлы кілт 2. Болт 3. Табан
Табанды қажетті қиғаш бұрышқа қол жеткізгенше
еңкейтіңіз. Беріліс корпусының "V" пішінді кертігі
қиғаш бұрыштың бөліктерін көрсетеді. Содан кейін
табанды бекіту үшін болтты мықтап бұрап тартыңыз.
► Сурет19: 1. Қиғаш ойық 2. Табан 3. Болт
4. Бөліктер 5. "V" пішінді кертік
6. Беріліс корпусы
Беттеу арқылы кесу
Алты қырлы кілтпен табанның түбіндегі болтты
босатыңыз және табанды артқа қарай толық
сырғытыңыз. Содан кейін табанды бекіту үшін
болтты бұрап тартыңыз.
► Сурет20: 1. Алты қырлы кілт 2. Болт 3. Табан
Саңылаулар
Екі әдіспен ойып кесуге болады: "Бастапқы тесікті
кеңіту" немесе "Кiре кесу".
Бастапқы тесікті бұрғылау
Жиектен ішке қарай кесілмеген ішкі саңылаулар
үшін диаметрі 12 мм немесе одан үлкен бастапқы
саңылауды алдын ала бұрғылап тесу керек. Кесуді
бастау үшін қыл ара жүзін осы тесікке салыңыз.
► Сурет21
Қыл ара табанын
Қисықтарды кесу
Қыл ара табанын
Терең кесу
Төменде көрсетілген нұсқауларды мұқият
орындасаңыз, бастапқы тесікті бұрғылаудың немесе
ішке қарай кесудің қажеті жоқ.
► Сурет22
1.
Қыл ара жүзінің ұшын өңдеу бөлшегінің үстіне
орналастырып, қыл ара табанының алдынғы
жиегінде құралды жоғары қарай еңкейтіңіз.
2.
Құралды қосқанда, табанның алдың жиегі
қозғалып қалмауы үшін құралды басып тұрыңыз да,
құралдың артқы жағын ақырын төмендетіңіз.
3.
Қыл ара жүзі өңдеу бөлшегін тесіп өткенде,
құралдың табанын өңдеу бөлшегінің үстіне баяу
түсіріңіз.
4.
Кесу жұмысын қалыпты түрде аяқтаңыз.
Жиектерді өңдеу
Жиектерді кесу немесе өлшемдік реттеу жасау
үшін, қыл ара жүзін кесу жиектері бойынша жеңіл
бағыттаңыз.
► Сурет23
Металл кесу
Металл кесу кезінде әрдайым үйлесімді
салқындатқыш сұйықтықты (кесуге арналған
май) қолданыңыз. Бұл талапты орындамау қыл
ара жүзінің айтарлықтай тозуына әкеледі. Өңдеу
бөлшегінің төменгі жағын салқындатқыш сұйықтық
қолданбай, майлап қоюға болады.
Бағыттаушы тақтайша
Қосымша керек-жарақ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
орнату немесе алу алдында, құралдың өшірулі
екендігіне және аккумулятор картриджінің
алынғанына әрдайым көз жеткізіңіз.
Тікелей кесу
Ені 160 мм немесе одан аз қайталама кесу кезінде,
бағыттаушы тақтайшаны пайдалану жылдам, таза,
тік кесуге мүмкіндік береді.
► Сурет24: 1. Бағыттаушы тақтайша (бағыттауыш
сызғыш)
Орнату үшін бағыттаушы тақтайшаны қыл ара
табанының бүйіріндегі тік бұрышты тесікке
бағыттауышын төмен қаратып салыңыз. Бағыттаушы
тақтайшаны қажет кесу ені орнына сырғытыңыз,
содан кейін оны бекіту үшін болтты қатайтыңыз.
► Сурет25: 1. Алты қырлы кілт 2. Болт
3. Бағыттауыш 4. Бағыттаушы
тақтайша (бағыттауыш сызғыш)
36 ҚАЗАҚША
Керек-жарақтарды

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents