Makita JV001G Instruction Manual page 31

Hide thumbs Also See for JV001G:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

8.
Ауыстырғышты іске қосу алдында, қыл ара
жүзінің кесілетін бөлшекке тиіп тұрмағанына
көз жеткізіңіз.
9.
Қолдарыңызды айналмалы бөлшектерден
аулақ ұстаңыз.
10. Құралды қосулы күйде қалдырмаңыз.
Құралды тек қолмен ұстап пайдаланыңыз.
Қыл ара жүзін кесілетін бөлшектен
11.
шығармай тұрып, қыл араны міндетті түрде
өшіріп, толық тоқтағанша күтіңіз.
12. Қыл ара жүзін немесе кесілетін бөлшекті
пайдаланып болған бойда ұстауға
болмайды. Олар өте ыстық болуы және тері
күйігін алуыңыз мүмкін.
13. Қажет болмаса, құралды жүктемесіз
пайдаланбаңыз.
14. Кейбір материалдарда улы болуы мүмкін
химиялық заттар бар. Шаң жұтуға жол
бермей, теріге тигізбеңіз. Материал
жеткізушісінің қауіпсіздік туралы деректерін
қараңыз.
15. Пайдаланып жатқан материал мен
жұмыс үшін әрдайым тиісті түрде шаңнан
қорғайтын масканы/респираторды
пайдаланыңыз.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАҢЫЗ.
ЕСКЕРТУ:
Бұл өнімді әбден пайдаланып
үйренген (қайта-қайта пайдаланғанның
нәтижесінде) болсаңыз да және сізге
қолайсыздық тудырса да, осы өнімді қолдану
кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң
түрде сақтау қажет. Осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта келтірілген қауіпсіздік ережелерін
ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАУ немесе орындамау
ауыр жарақаттарға әкеп соқтыруы мүмкін.
Аккумулятор картриджіне
арналған маңызды қауіпсіздік
нұсқаулары
Аккумулятор картриджін пайдаланбас
1.
бұрын, (1) аккумулятордың зарядтау
құрылғысындағы, (2) аккумулятордағы
және (3) аккумуляторды пайдаланатын
өнімдегі барлық нұсқаулар мен ескерту
білгілерін оқып шығыңыз.
2.
Аккумулятор картриджін бөлшектемеңіз
немесе өз бетіңізше ашып жөндемеңіз.
Ол өрт, шамадан тыс қызу немесе жарылу
жағдайларына алып келуі мүмкін.
Егер аккумулятор картридждің пайдалану
3.
уақыты бірталай қысқарған болса,
пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Бұл
қызып кету, ықтимал күйіктер немесе тіпті
жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
Егер электролит көзіңізге тиген болса,
4.
көзіңізді таза сумен шайыңыз және дереу
медициналық көмекке жүгініңіз. Бұл көру
қабілетінен айырылуға әкеп соқтыруы
мүмкін.
5.
Аккумулятор картридждің жалғасуларын бір
бірімен матастырмаңыз:
(1)
Клеммаларды кез келген ток өткізгіш
материалдарға тигізбеңіз.
(2)
Аккумулятор картриджін ішінде
шегелер, тиындар, т.б. басқа металл
заттары бар контейнерде сақтамаңыз.
Аккумулятор блогын суға салмаңыз
(3)
немесе жаңбыр астында қалдырмаңыз.
Аккумулятор түйіспелерінің тұйықталуы
үлкен ток ағынының пайда болуына,
қызып кетуге, ықтимал күйіктерге және тіпті
бұзылуға себеп болуы мүмкін.
6.
Құралды және аккумулятор блогын
температурасы 50 °C-ден (122 °F)
шамасынан асатын жерлерде сақтамаңыз
және пайдаланбаңыз.
7.
Аккумулятор блогы қатты зақымдалған
немесе толығымен тозған болса да, оны
отқа жақпаңыз. Аккумулятор блогы отта
жарылып кетуі мүмкін.
8.
Аккумулятор картриджін шегелеуге,
кесуге, басуға, лақтыруға, құлатуға немесе
оны қатты затпен соғуға болмайды. Бұл
әрекеттер өрт, шамадан тыс қызу немесе
жарылу жағдайларына алып келуі мүмкін.
9.
Зақымдалған аккумуляторды
пайдаланбаңыз.
10. Жинаққа кіретін литий-ионды
аккумуляторлар денсаулыққа және
қоршаған ортаға зиянды заттар заңнамасы
талаптарына сәйкес қарастырылады.
Коммерциялық тасымалдау үшін, мысалы,
үшінші тараптар, экспедиторлар үшін
қаптамада және таңбалауда арнайы талаптар
сақталуы тиіс.
Жіберілетін өнімді дайындау үшін қауіпті заттар
бойынша сарапшы маманмен кеңесу керек.
Сонымен қатар ұлттық ережелерді де толық
қарап шығыңыз.
Ашық түйіспелерді жауып, аккумуляторды
қаптамаға қозғалмайтындай етіп
орналастырыңыз.
11.
Аккумулятор картриджін кәдеге жаратқан
кезде оны құралдан шығарып алып, қауіпсіз
жерде кәдеге жаратыңыз. Аккумуляторды
кәдеге жаратуға қатысты жергілікті
ережелерді орындаңыз.
12. Аккумуляторларды тек Makita компаниясы
көрсеткен өнімдермен бірге пайдаланыңыз.
Аккумуляторларды үйлесімді емес өнімдерге
орнату өртке, қызып кетуге, жарылысқа немесе
электролит ағуына әкеп соқтыруы мүмкін.
13. Егер құрал ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмайтын болса, құралдағы
аккумуляторды алып тастау керек.
14. Аккумулятор картриджін пайдалану кезінде
және пайдаланғаннан кейін, ол қызып,
күйікке немесе төмен температуралы
күйікке әкелуі мүмкін. Ыстық аккумулятор
картридждерімен жұмыс істегенде сақ
болыңыз.
31 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents