Makita JV001G Instruction Manual page 34

Hide thumbs Also See for JV001G:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Ауыстырып-қосқыштың әрекеті
Құралды қосу үшін құлыптау түймешігін басыңыз.
Құрал күту режиміне өтеді. Құралды іске қосу үшін
күту режимінде "ҚОСУ/күту режимі" түймешігін
басыңыз. Құралды тоқтату үшін "ҚОСУ/күту режимі"
түймешігін қайта басыңыз. Құрал күту режиміне
өтеді. Құралды өшіру үшін күту режимінде құлыптау
түймешігін басыңыз.
► Сурет5: 1. Құлыптау түймешігі 2. "ҚОСУ/күту
режимі" түймешігі
ЕСКЕРТПЕ: Күту режимінде ешбір әрекетсіз 10
секунд бойы тұрған құрал автоматты түрде өшіп,
шамы сөнеді.
ЕСКЕРТПЕ: Құрал істеп тұрған кезде, құралды
тоқтату және өшіру үшін құлыптау түймешігін
басуға да болады.
Шамның жарықтық деңгейін азайту үшін, күту
режиміне өткен кезде құлыптау түймешігін басып
тұрыңыз. Құлыптау түймешігі басылғаннан 1
секундтай өткенде, шамның жарықтық деңгейі
төмендей бастайды. Қажетті жарықтық деңгейіне
жеткенде, құлыптау түймешігін жіберіңіз. Бұдан
да құрал күту режиміне өтеді. Құлыптау түймешігі
басылғаннан 3 секундтай өткенде, шамның
жарықтық ең төменгі деңгейге түседі және осыдан
кейін жарықтық деңгейі өзгермейді.
ЕСКЕРТПЕ: Құрал күту режимінде тұрғанда,
шамның жарықтық деңгейін реттеу мүмкін емес.
Шамның жарықтық деңгейін азайту үшін құралды
өшіріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Шамның жарықтық деңгейіне
арналған есте сақтау функциясы жоқ. Шамды
өшіріп қосқан сайын, оның жарықтық деңгейі
артып отырады.
Жылдамдықты реттеу дөңгелегі
► Сурет6: 1. Жылдамдықты реттеу дөңгелегі
Жылдамдықты реттеу дөңгелегін бұрап, құрал
жылдамдығын реттеуге болады. 6 саны ең жоғарғы
жылдамдықты, 1 саны ең төменгі жылдамдықты білдіреді.
Өңделетін бөлшектің кесілу жылдамдығын кестеден
қарап таңдаңыз. Дегенмен, өңделетін бөлшектің
түріне немесе қалыңдығына қарай жылдамдық та
өзгеруі мүмкін. Әдетте жоғары жылдамдықтарда
өңделетін бөлшек жылдам кесіледі, бірақ қыл ара
жүзінің қызмет ету мерзімін қысқарады.
Өңделетін бөлшек
Ағаш
Жұмсақ болат
Тот баспайтын болат
Алюминий
Пластик
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
дөңгелегін ең көбі 6-ке қоюға және 1-ге бұрап
қайтаруға болады. Оны 6-тен немесе 1-ден
артық бұрауға тырыспаңыз. Олай істесеңіз,
жылдамдықты реттеу функциясы істен шығуы
мүмкін.
Нөмір
4–6
3–6
3–4
3–6
1–4
Жылдамдықты реттеу
Электрондық функция
Құралдың оңай пайдалануға арналған электрондық
функциялары бар.
Бірқалыпты іске қосу
Бірқалыпты іске қосу функциясы іске қосқан кездегі
соққыны барынша азайтып, құралды бірқалыпты іске
қосады.
Жылдамдықты тұрақты басқару
Жылдамдықты басқарудың электрондық жүйесі
тұрақты жылдамдыққа қол жеткізу мүмкіндігін береді.
Күш түсірілген жағдайда да айналу жылдамдығы
тұрақты болады, сондықтан бет жақсылап өңделуі
мүмкін.
Күш түсірмей бірқалыпты айналу
Жылдамдықты реттеу дөңгелегі "3" немесе одан
жоғары мәнге орнатылғанда, дірілді азайтып, қыл
ара жүзін кесу сызығына оңай туралау үшін, құрал
кесе бастағанша жылдамдықты автоматты түрде
азайтады. Құрал кесілетін бөлшекті кесе бастағанда,
оның жылдамдығы артады және алдын ала
орнатылған жылдамдыққа жетеді.
ЕСКЕРТПЕ: Температура төмен болғанда, бұл
функция істемеуі мүмкін. Бұл функция материал
түріне байланысты да істемеуі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Кесілетін бөлшек кесілген соң
жылдамдық азаймаса, құралды өшіріп, қайтадан
қосыңыз.
Күш түсірмей бірқалыпты айналу
функциясын өшіру немесе қосу
Күш түсірмей бірқалыпты айналу функциясын өшіру
не қосу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1.
Құралдың өшіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
2.
Жылдамдықты реттеу дөңгелегін "1" мәніне
орнатыңыз.
3.
Құралды қосу үшін құлыптау түймешігін
басыңыз.
4.
Жылдамдықты реттейтін дөңгелекті алдымен
"6" күйіне, сосын қайта "1" күйіне бұрап қойыңыз.
Күш түсірмей бірқалыпты айналу функциясы
өшірілгенде немесе қосылғанда, шам екі рет
жыпылықтайды. Бұл функцияны қайта қосу не өшіру
үшін сол процедураны қайта орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жүктемесіз бірқалыпты айналу
функциясы өшіп тұрғанда құрал қосылса, шам екі
рет жыпылықтайды.
ЕСКЕРТПЕ: Жылдамдықты реттеу дөңгелегін
"6" - "1" - "6" ретімен ауыстырып, жүктемесіз
бірқалыпты айналу функциясын өшіруге немесе
қосуға да болады.
34 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents