Makita SP6000 Instruction Manual page 27

Plunge cut circular saw
Hide thumbs Also See for SP6000:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

8.
Ара жүзінің зақымдалған немесе сәйкес
келмейтін шайбаларын немесе болтын
ешқашан пайдаланбаңыз. Жүз шайбалары
және болты араның оңтайлы және қауіпсіз
жұмыс істеуі үшін арнайы жасалған.
Кері соққы себептері және оған қатысты ескертулер
кері соққы – ара жүзінің ілініп, қысылып қалуының
немесе қиғаш кесуінің әсерінен кенеттен
туындайтын реакция, нәтижесінде басқарудан
шығып кеткен ара өңделетін бөлшектен көтеріліп,
операторға қарай бағытталады;
ойықты жабу кезінде жүзі ілініп немесе
қысылып қалған кезде жүзі тоқтайды және
мотор реакциясы құрылғыны операторға қарай
артқа жылдам жүргізеді;
ара жүзі кесу жерінде қисайтып немесе қиғаш
кессе, оның артқы жағындағы тістері ағаштың
үстіңгі бетіне енеді, бұл өз кезегінде ара жүзінің
ойықтан шығып кетіп, операторға қарай артқа
секіруін тудырады.
Кері соққы араны дұрыс пайдаланбау және/немесе
қате жұмыс процедураларының нәтижесінде пайда
болады және төменде көрсетілген сақтық шараларын
ұстану арқылы оның алдын алуға болады.
1.
Араны екі қолыңызбен кері соққыға қарсы
тұратындай күйде мықтап ұстаңыз. Арамен
бір сызықтың бойында тұрмаңыз, керісінше
араның екі бүйірінің біреуінде тұрыңыз.
Кері соққы араның артқа қарай секіріп кетуін
тудыруы мүмкін, бірақ сақтық шаралары тиісті
түрде сақталатын болса, оператор кері соққы
күштерін басқара алады.
Жүзі кептеліп қалғанда немесе кез келген
2.
себеппен кесу әрекетін тоқтатқанда,
электр құралын өшіріп, жүзі толығымен
тоқтағанша, араны материалда қозғалтпай
ұстап тұрыңыз. Жүзі қозғалып жатқанда
ешқашан араны алып тастамаңыз немесе
артқа қарай тартпаңыз, кері соққы орын
алуы мүмкін. Жүзінің кептелу себебін анықтап,
оны жою үшін түзету әрекетін орындаңыз.
Өңделетін бөлшекте араны қайта іске
3.
қосқанда, ара жүзін ойық ортасына
теңестіріңіз және ара тістерінің материалға
енбеуін қадағалаңыз. Егер ара жүзі кептеліп
қалса, қайта қосу кезінде ол жүріп кетуі немесе
кері соққы беруі мүмкін.
4.
Ара жүзінің қысылу немесе кері соққы
беру қаупін азайту үшін үлкен панельдерді
тіреңіз. Үлкен панельдер өз салмағына
байланысты еңкеюі мүмкін. Тіректерді
панельдің астыңғы екі жағына, кесу сызына
және панельдің шетіне жақын қою қажет.
► Сурет2
► Сурет3
5.
Өтпейтін немесе зақымдалған жүздерді
пайдаланбаңыз. Ара жүзін өткірлемесе
немесе тиісті түрде орнатпаса, ара жүзінің
шектен тыс үйкелуіне, кептелуіне және кері
соғылуына әсер ететін тар ойықты тудырады.
6.
Кеспес бұрын ара жүзінің кесу тереңдігі
және қиғаш реттелетін құлыптау иінтіректері
берік бекітілуі қажет. Ара жүзінің реттелген
жинағы кесу кезінде жылжып кететін болса, ол
кептелуге немесе кері соққыға әкелу мүмкін.
7.
Қабырғалар немесе басқа көрінбейтін
жерлерді кесу кезінде аса мұқият болыңыз.
Шығып тұрған ара жүзі кері соққы тудыратын
заттарды кесуі мүмкін.
ӘРҚАШАН құралды екі қолыңызбен мықтап
8.
ұстаңыз. Құрал табанының астына немесе
араның артына, әсіресе айқас кесу кезінде
қолыңызды, аяғыңызды немесе денеңіздің кез
келген бөлігін ЕШҚАШАН қоймаңыз. Егер кері
соққы орын алса, ара артқа қарай қолыңыздан оңай
секіріп кетіп, ауыр жеке жарақатқа әкелуі мүмкін.
► Сурет4
9.
Араға ешқашан күш түсірмеңіз. Араны жүзі
тоқтамай кесетіндей жылдамдықпен алға
қарай итеріңіз. Араға күш салу кесудің біркелкі
және ұқыпты болмауына және ықтимал кері
соққыға әкелуі мүмкін.
Қалқан функциясы
1.
Әрбір рет қолданудың алдында,
сақтандырғыштың дұрыс жабылғанын
тексеріңіз. Сақтандырғыш еркін қозғалмаса
және оның жүзі бірден жабылса, араны
пайдаланбаңыз. Ара жүзіне әсер етпеуі үшін
қалқанды қысуға немесе байлауға болмайды.
Ара абайсызда құлап кеткен жағдайда,
сақтандырғыш бүгілуі мүмкін. Сақтандырғыш
еркін қозғалатынын, сондай-ақ барлық бұрышпен
және кесу тереңдігінде ара жүзімен немесе басқа
бөлігімен жанаспайтынын тексеріңіз.
2.
Сақтандырғышты қайтару серіппесінің
жұмысы мен жағдайын тексеріңіз. Егер
сақтандырғыш пен серіппесі тиісті түрде
жұмыс істемесе, қолданбас бұрын оларға
қызмет көрсету қажет. Бөлшектерінің
зақымдалуынан, жабысқақ қабаттың пайда
болуынан немесе қоқыстардың жиналуынан
сақтандырғыш ақырын жұмыс істеуі мүмкін.
3.
"Батырып кесу" кезінде араның негізгі
тақтасы сырғымайтынына көз жеткізіңіз.
Араның сырғитын жақтары байланысуға және
кері соққыға себеп болады.
4.
Араны білдекке немесе еденге қоймай
тұрып, сақтандырғыштың жүзді жауып
тұрғанын әрдайым тексеріңіз. Жабылмаған
ара жүзі инерциямен айналып, араның артқа
қарай жүруін және жолындағы нысандарды
кесуін тудырады. Ауыстырып-қосқышты
босатқаннан кейін жүздің тоқтауы үшін уақыт
керек екендігі есіңізде болсын.
Қосымша қауіпсіздік ескертулері
1.
Дымқыл ағашты, қысыммен өңделген
сүректі немесе ағаш бұтақтарын кесу
кезінде аса мұқият болыңыз. Жүз ұшының
қызып кетуіне жол бермеу үшін және
пластикті кескен жағдайда пластиктің балқып
кетуін болдырмау үшін жүз жылдамдығын
төмендетпей, құралды түзу жүргізіңіз.
Жүзі айналып жатқанда, кесілген
2.
материалды алып тастамаңыз. Кесілген
материалды алмай тұрып, жүздің
тоқтағанын күтіңіз. Өшкеннен кейін жүздер
инерциямен айналады.
3.
Шегелерді кеспеңіз. Кесуді бастау алдында
шегелердің бар-жоғын тексеріп, оларды
ағаштан алып тастаңыз.
27 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents