Dexter Laundry 3.6VSD2.51 Legal And Safety Instructions page 17

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

e)Электр құралын далада пайдаланған кезде, далада пайдалануға жарамды ұзартқыш сымды пайдаланыңыз. Далада
пайдалануға арналған сымды пайдаланғанда, электр тогының соғу қаупі азаяды.
f)Ылғал жерде электр құралын пайдалануға тура келсе, қорғанысты өшіру құрылғысымен (ҚӨҚ) қорғалған жабдықты
пайдаланыңыз. ҚӨҚ құрылғысын пайдаланғанда, электр тогының соғу қаупі азаяды.
3)Жеке қауіпсіздік
a)Электр құралын пайдаланған кезде абай болыңыз, іс-әрекетіңізге байыптылықпен қарап, зейін қойыңыз. Шаршап
тұрсаңыз немесе есірткі, ішімдік не дәрі-дәрмек қабылдаған болсаңыз, электр құралын пайдаланбаңыз. Электр құралдарын
пайдаланған кезде зейін қоймау салдарынан жеке ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
b)Жеке қорғаныс жабдығын пайдаланыңыз. Қорғаныс көзілдірігін үнемі тағып жүріңіз. Шаңнан қорғайтын маска,
сырғанамайтын арнайы аяқ-киім, каска немесе есту мүшесін қорғайтын бұйым сияқты қорғаныс жабдығын тиісті
жағдайларда пайдаланғанда жеке жарақат алу қаупі азаяды.
c)Электр құралының абайсызда іске қосылуына жол бермеңіз. Қуат көзіне және/немесе батареяға қоспас бұрын,
құралды жинамай не тасымалдамай тұрып, ауыстырып-қосқыштың өшірулі күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралдарын
ауыстырып-қосқышынан ұстап тасымалдау немесе ауыстырып-қосқыш қосулы күйде қуаттандыру салдарынан оқыс оқиғалар
орын алуы мүмкін.
d)Электр құралын іске қоспас бұрын, реттегіш кілттер мен сомынды бұрайтын кілттерді алып тастаңыз. Электр
құралының айналатын бөлігінде бекітулі күйде қалған реттегіш кілт немесе сомынды бұрайтын кілт дене жарақатына әкелуі
мүмкін.
e)Қатты күш жұмсамаңыз. Үнемі тұрақты қалыпта тұрыңыз және тепе-теңдік сақтаңыз. Бұл кездейсоқ жағдайларда электр
құралын дұрыс басқаруға мүмкіндік береді.
f)Тиісті түрде киініңіз. Кең киім кимеңіз немесе әшекей тақпаңыз. Шашыңыз бен киіміңізді жылжымалы бөлшектерден
алшақ ұстаңыз. Кең киім, әшекей немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін.
g)Құралдармен бірге шаң сору және шаң жинау жүйесі қамтамасыз етілсе, олардың дұрыс жалғанып, пайдаланылат
ынына көз жеткізіңіз. Шаңсорғыштарды пайдалану шаңға қатысты қауіптерді азайтады.
h)Құралды жиі пайдалану нәтижесінде босаңсып, қауіпсіздік қағидаларын елеусіз қалдырмаңыз. Салғырттық таныту
бір мезетте ауыр жарақатқа әкеп соқтыруы мүмкін.
4)Электр құралын пайдалану және оған күтім көрсету
a)Электр құралына артық жүктеме түсірмеңіз. Жұмысыңыз үшін дұрыс электр құралын пайдаланыңыз. Дұрыс электр
құралы өзінің арнайы жылдамдығында жұмысты едәуір тиімді әрі қауіпсіз түрде орындайды.
b)Ауыстырып-қосқышы қосылмайтын және өшпейтін электр құралын пайдаланбаңыз. Ауыстырып-қосқыш арқылы
басқарылмайтын кез келген электр құралы қауіпті және оны жөндеу қажет.
c)Кез келген реттеулер жасамас бұрын, керек-жарақтарды ауыстырмас бұрын немесе электр құралдарын
ұзақ уақытқа сақтамас бұрын, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе батареясы бар болса, оны
шығарып алыңыз. Мұндай сақтық шаралары электр құралының кездейсоқ іске қосылу қаупін азайтады.
d)Пайдаланылмайтын электр құралдарын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Электр құралымен
немесе осы нұсқаулармен таныс емес адамдарға құралды пайдалануға рұқсат бермеңіз. Электр құралдарын
жаттықтырылмаған пайдаланушылар қолданса, қауіп төнеді.
e)Электр құралдарына және керек-жарақтарға техникалық қызмет көрсетіңіз. Жылжымалы бөлшектердің қисаюын
немесе шатасуын, бөлшектердің бұзылуын және механикалық құралдардың жұмысына әсер етуі мүмкін барлық
жағдайды тексеріңіз. Электр құралы зақымдалса, оны пайдаланар алдында жөндеңіз. Көптеген оқыс оқиғалар электр
құралдарына тиісті түрде техникалық қызмет көрсетпеу салдарынан орын алады.
f)Кескіш құралдарды өткір және таза күйде ұстаңыз. Тиісті түрде техникалық қызмет көрсетілген шеттері өткір
кескіш құралдар бүгіліп қалмайды және оларды басқару оңай болады.
g)Жұмыс жағдайларын және орындау қажет жұмысты назарға ала отырып, электр құралын, керек-жарақтарды,
құрал ұштықтарын және т. б. осы нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз. Электр құралын тағайындалған мақсатынан
басқа мақсаттарда пайдалану әсерінен қауіпті жағдай орын алуы мүмкін.
h)Тұтқалардың және қолмен ұстайтын беттердің құрғақ, таза болуын қадағалап, май мен шырыштан тазалап
тұрыңыз. Тұтқалар және қолмен ұстайтын беттер тайғақ болса, күтпеген жағдай орын алғанда, құралды пайдалану
және оған ие болу мүмкін болмайды.
5)Батарея құралын пайдалану және оған күтім көрсету
a)Тек өндіруші ұсынған зарядтағыш құрал арқылы зарядтаңыз. Батарея блогының белгілі бір түріне арналған
зарядтағыш құралды басқа түрдегі батарея блогымен пайдалану өрт қаупін тудыруы мүмкін.
b)Электр құралдарын тек арнайы жасалған батарея блоктарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа
батареяларды пайдалану жарақат немесе өрт қаупін тудыру мүмкін.
c)Батарея блогын пайдаланбаған кезде, оны бір клеммадан басқасына қосылуына себеп болуы мүмкін қағаз
қыстырғыштар, тиындар, кілттер, шегелер, бұрандалар сияқты басқа да ұсақ металл заттардан алшақ ұстаңыз.
Батарея клеммаларының бірге тұйықталуы күйіп қалуға немесе өрт шығуына себеп болуы мүмкін.
d)Қолайсыз жағдайларда батареядан сұйықтық ағып кетуі мүмкін, оны денеңізге тигізбеңіз. Егер абайсызда
тиіп кетсе, сумен шайыңыз. Егер сұйықтық көзге тиіп кетсе, қосымша медициналық көмек алыңыз. Батареядан шыққан
сұйықтық тітіркенуге немесе күйіп қалуға себеп болуы мүмкін.
e)Зақымдалған немесе өзгертілген батарея блогын немесе құралды пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе
өзгертілген батареялар өрт, жарылыс немесе жарақат алу қаупі бар күтпеген әрекетке әкелуі мүмкін.
f)Батарея блогын немесе құралды отқа немесе шамадан тыс температура әсеріне ұшыратпаңыз. Отқа немесе
130°C шамасынан жоғары температура әсеріне ұшырату жарылыс туғызуы мүмкін.
g)Барлық зарядтау нұсқауларын орындаңыз және батарея блогын немесе құралды нұсқауларда көрсетілген
температура ауқымынан тыс зарядтамаңыз. Батареяны дұрыс емес немесе көрсетілген температура ауқымынан
тыс зарядтау оны зақымдап, өрттің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін.
RU
KZ
EN

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

3276007366396

Table of Contents