Dexter Laundry 3.6VSD2.51 Legal And Safety Instructions page 16

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

RU
МАЗМҰНЫ
KZ
1.DEXTER АККУМУЛЯТОРЛЫ БҰРАУЫШЫНЫҢ МАҚСАТТЫ ҚОЛДАНЫСЫ
EN
2.ЭЛЕКТР ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЕСКЕРТУЛЕР
3.АККУМУЛЯТОРЛЫ БҰРАУЫШ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ЕСКЕРТУЛЕР
4.БАТАРЕЯ ЖƏНЕ ЗАРЯДТАҒЫШ ҚҰРАЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ЕСКЕРТУЛЕР
5.ӨНІМ СИПАТТАМАЛАРЫ
6.ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР
7.ЗАРЯДТАУ
8.ПАЙДАЛАНУ
9.ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
10.АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ
11.ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
12.КЕПІЛДІК
13.БӨЛШЕКТЕЛГЕН КӨРІНІС ЖƏНЕ ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕР ТІЗІМІ
1.DEXTER АККУМУЛЯТОРЛЫ БҰРАУЫШЫНЫҢ МАҚСАТТЫ ҚОЛДАНЫСЫ
Осы өнімді сатып алғаныңызға рақмет. Осы пайдалану нұсқауларын оқып шығыңыз жəне болашақта
пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Бұл құрылғы бұрандаларды бұрап кіргізуге жəне бұрандаларды босатуға арналған.
Бұл электр құралы сипатталған аясынан тыс басқа жұмыс істеу үшін пайдаланылмауы керек.
Орауыштан шығарған соң өнімнің керек-жарақтарымен бірге (бар болса) бүтін екендігіне көз жеткізіңіз.
Егер өнім зақымдалған болса немесе кез келген ақаулары бар болса, оны пайдаланбаңыз жəне
дилеріңізге қайтарыңыз.
Осы құралды басқа бір адамға берсеңіз, осы пайдалану нұсқаулығын бірге беріңіз. Біздің жабдығымыз
коммерциялық, сауда немесе өнеркəсіптік мақсаттармен пайдалануға арналмағанын ескеріңіз.
Құрылғы коммерциялық, сауда, өнеркəсіптік немесе ұқсас мақсаттарда пайдаланылса, біздің
кепілдігіміз өз күшін жояды.
2.ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЕСКЕРТУЛЕР
ЕСКЕРТУ Осы электр құралымен бірге берілген барлық қауіпсіздік ескертулерін, нұсқауларды, суреттерді және
техникалық сипаттамаларды оқып шығыңыз.
Төменде көрсетілген барлық нұсқауларды орындамау салдарынан электр тогының соғуы, өрт шығуы және/немесе ауыр
жарақат орын алуы мүмкін.
Барлық ескертулер мен нұсқауларды болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз.
Ескертулердегі «электр құралы» термині электр желісінен жұмыс істейтін (сымды) немесе батареямен жұмыс істейтін (сымсыз)
электр құралын білдіреді.
1)Жұмыс орнының қауіпсіздігі
a)Жұмыс орны таза әрі жарық болуы қажет. Жұмыс орнының лас немесе қараңғы болуы оқыс оқиғалардың пайда
болуына себеп болады.
b)Электр құралдарын тұтанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң сияқты заттар болатын жарылыс қаупі бар
орталарда пайдаланбаңыз. Электр құралдары шаң немесе түтін тұтандыруы мүмкін ұшқындар шығарады.
c)Электр құралын пайдаланған кезде, балалар мен бөгде адамдар алшақ тұруы қажет. Басқа нәрсеге алаңдау
салдарынан құралды басқара алмай қалуыңыз мүмкін.
2)Электр жүйелерін пайдаланудағы қауіпсіздік техникасы
a)Электр құралының ашалары розеткаға сәйкес келуі қажет. Ашаны өзгертуге болмайды. Адаптер штепсельдерін жерге
тұйықталған электр құралдарымен бірге пайдалануға болмайды. Өзгертілмеген ашалар мен сәйкес келетін розеткалар электр
тогының соғу қаупін азайтады.
b)Құбырлар, радиаторлар, газ плиталары және тоңазытқыштар сияқты жерге тұйықталған заттарға денеңізді тигізбеңіз.
Денеңіз жерге тұйықталған заттармен жанасса, электр тогының соғу қаупі артады.
c)Электр құралдарын жаңбырдан және ылғалдан сақтаңыз. Электр құралына су кірсе, электр тогының соғу қаупі артады.
d)Сымды тек орнымен пайдаланыңыз. Электр құралының сымын оны тасымалдау, тарту немесе қуат көзінен ажырату үшін
пайдалануға болмайды. Сымды жоғары температурадан, майдан, өткір шеттерден немесе жылжымалы бөлшектерден алшақ
ұстаңыз. Зақымдалған немесе шатасқан сымдар электр тогының соғу қаупін арттырады.

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

3276007366396

Table of Contents