Samsung EB-P3400 User Manual page 219

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Жұмысты бастау
Батареяны зарядтау кезіндегі кеңестер мен сақтық шаралары
Батарея топтамаңызға арналған және Samsung мақұлдаған зарядтағышты және кабельді
ғана пайдаланыңыз. Үйлеспейтін зарядтағыш және кабель ауыр жарақатқа немесе батарея
топтамасының зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Зарядтағышты дұрыс жалғамау батарея топтамасына елеулі нұқсан келтіруі мүмкін. Ұқыпсыз
пайдалану салдарынан туған ақауларға кепілдік қолданылмайды.
Тек батарея топтамасымен бірге берілген USB Type-C кабелін пайдаланыңыз. Егер Micro USB
кабелі пайдаланылса, батарея топтамасы зақымдалуы мүмкін.
Зарядтағыш порты суланған кезде батарея топтамасын зарядтайтын болсаңыз, ол бұзылуы
мүмкін. Батарея топтамасын зарядтау алдында зарядтағыш портын жақсылап кептіріңіз.
Батареялар топтамасын зарядтағышты (бөлек сатылады) пайдаланып зарядтауға болады.
Батарея топтамасының екі зарядтау порты бар, кез келген портты пайдаланып, батарея
топтамасы мен тағы басқа құрылғыларды зарядтауға болады.
Қуатты үнемдеу үшін пайдаланылмаған кезде зарядтағышты желіден ажыратыңыз.
Зарядтағыштың қуат қосқышы жоқ, сондықтан қуат ысырабын болдырмау үшін, пайдаланбаған
кезде зарядтағышты электр розеткасынан ажырату керек. Зарядтау кезінде зарядтағыш электр
розетка ұясына жақын және оңай қол жетімді болуы керек.
Зарядтаған кезде, тиімді зарядтауға кепілдік беретін және мақұлданған зарядтағышты
пайдаланғаныңыз дұрыс.
Компьютер сияқты зарядтағыштан ерекшеленетін қуат көзін пайдалану токтың ең төмен
жылдамдығы себебінен зарядтау жылдамдығының төмендеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Батарея топтамасын зарядталып жатқанда пайдалануға болады, бірақ батареяны толық
зарядтауға ұзағырақ уақыт кетуі мүмкін.
Зарядтау кезінде батарея топтамасы қызып кетуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және батарея
топтамасының қызмет мерзіміне немесе өнімділігіне әсер етпеуі тиіс. Егер батарея әдеттегіден
ыстығырақ болса, зарядтағыш зарядтауды тоқтатуы мүмкін.
Нақты сыйымдылығы (Вт·сағ) шығыс тогы мен батареяның кернеуі бойынша өлшенеді.
Ол шығыс қуатына, жалғанған құрылғы тізбектерінің конфигурациясына және пайдалану
жағдайларына байланысты батарея топтамасында көрсетілген сыйымдылықтан (Вт сағ)
ерекшеленуі мүмкін.
Батарея топтамасы дұрыс зарядталмай жатса, батарея топтамасы мен зарядтағышты Samsung
сервис орталығына немесе уәкілетті сервис орталығына апарыңыз.
Қазақ тілі
2
2

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents