Kärcher K 5 Compact Original Operating Instructions page 141

Hide thumbs Also See for K 5 Compact:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 10
Мазмұны
Қауіпсіздік . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . KK
Қоршаған ортаны қорғау . . . . . . . . . . . . . . . KK
Бұйым сипаттамасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . KK
Орнату . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . KK
Бұйымды іске қосу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . KK
Қолдану . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . KK
Тасымалдау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . KK
Бұйымның сақталынуы . . . . . . . . . . . . . . . . KK
Күту мен техникалық тексеру жұмыстары . KK
Қосалқы бөлшектер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . KK
Кедергілер болғанда көмек алу . . . . . . . . . KK
Кепілдеме . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . KK
Техникалық мағлұматтар. . . . . . . . . . . . . . . KK
ЕС стандарттар сəйкестiк туралы
декларация. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . KK
Қауіпсіздік
Бұйымыңызды алғаш рет қолдану
алдында осы іске пайдалану
нұсқаулығын жəне қамтылған
қауіпсіздік бойынша нұсқауларды оқып шығыңыз.
Оларға сай əрекет етіңіз. Кітаптардың екеуін де
кейінгі пайдалану үшін немесе осы бұйымды кейін
пайдаланатын тұлғалар үшін сақтап қойыңыз.
Бұйымды мақсатына сəйкес қолдану
Бұл жоғары қысымды тазалағышты үй
шаруашылығына ғана қолданыңыз.
құрылғыларды, көліктерді, құрылыстарды,
құралдарды, қасбеттерді, террасаларды, бақ
құралдарын жəне т.б. жоғары қысымды су
ағынымен тазалауға арналған (қажет болса,
тазалағыш заттардың көмегімен).
KÄRCHER компаниясы мақұлдаған
жиынтықтаушы бөлшектермен, қосалқы
бөлшектермен жəне тазалағыш заттармен.
Тазалағыш заттармен бірге берілетін
нұсқауларды орындаңыз.
Қауіп деңгейі
ҚАУІП
Ауыр жарақаттануға не өлімге апарып соғатын
тікелей түрде түсе алатын тəуекелге нұсқау.
ЕСКЕРТУ
Ауыр жарақаттануға не өлімге апарып соғатын
ықтимал қауіпті жағдайларға нұсқау.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жеңіл жарақаттануға апарып соғатын ықтимал
қауіпті жағдайға нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Материалдық зиянға апарып соғатын ықтимал
қауіпті жағдайға нұсқау.
Бұйымдағы символдар мен белгілер
Бұйымды қоғамдық ауыз су желісіне
тікелей қосуға болмайды.
Бұйымды тек көлденең күйде
пайдалануға болады.
5
Жоғары қысымды ағын адамдарға,
5
жануарларға, белсенді электрлік
құралдарға немесе бұйымның өзіне
6
қарсы бағытталмауы тиіс.
6
Бұйымды аяздан сақтаңыз.
6
6
Қауіпсіздік құралдары
7
АБАЙЛАҢЫЗ
7
Қауіпсіздік құралдарының мақсаты -
8
қолданушыларды қауіптен сақтандыру,
8
оларды өзгертуге немесе бақылаусыз
8
қалдыруға болмайды.
8
Бұйым қосқышы
9
Бұйым қосқышы бұйымның кенет қолданылуына
жол бермейді.
9
Құлпы бар қол бүріккіші
Құлып қол бүріккішінің иінтірегін жабады да,
бұйымның кенет іске қосылуына жол бермейді.
Қысымды қосқышы бар босатқыш клапан
Босатқыш клапан максималды рұқсат етілген жұмыс
қысымының артуына жол бермейді.
Қолмен шашырату пистолетінің тұтқасы
босатылғанда қысым қосқышы сорапты істен
шығарып алады, жоғары қысымды ағым
тоқтатылады. Тұтқа тартылғанда сорап қайтадан
қосылады.
Қозғалтқыштың сақтандыру ажыоатқышы
Ток шамадан тыс көп болған кезде қозғалтқыштың
сақтандыру ажыратқышы құрылғыны ажыратып
тастайды.
Қоршаған ортаны қорғау
Құрамындағы заттар туралы анықтамалар
(REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мағлұматтарды астыда көрсетілген интернет
беттерімізде оқи аласыз:
www.kaercher.com/REACH
Орауыш материалдары екінші рет өңдеуге
жарамды. Орауышты қоршаған ортаға қауіпсіз
түрде кəдеге жаратыңыз.
Электрлік жəне электрондық бұйымдардың
құрамында қате қолдану немесе қате кəдеге
жарату нəтижесінде адам денсаулығына жəне
қоршаған ортаға қауіп төндіруі ықтимал
бөлшектер жиі кездеседі. Алайда аталған
бөлшектер бұйымды тиісінше пайдалану үшін
қажет болады. Осы таңбамен белгіленген
бұйымдарды үй қоқыстарымен бірге тастауға
болмайды.
Ескі бұйымдарда қайта өңделуге жіберілуі тиіс
бағалы, қайта өңдеуге болатын материалдар
бар. Батареялар мен аккумуляторларда
қоршаған ортаға зиян əкелетін заттар бар. Ескі
бұйымдар мен батареяларды немесе
аккумуляторларды қоршаған ортаға зиян
келтірмей кəдеге жаратыңыз.
Қалдықтар пайда болатын мұнай қамтитын су
қоймаларындағы тазалау жұмыстары,
мысалы, қозғалтқыш жуу, шанақ астын жуу, тек
жууға арналған алаңдарда май бөлгішінің
көмегімен орындалуы керек.
– 5
KK
141

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents