Kärcher K 7 Compact Manual page 143

Hide thumbs Also See for K 7 Compact:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 10
Жоғары қысыммен қолдану
АБАЙЛАҢЫЗ
Лакталған беттерді тазалау кезінде зақымдарға
жол бермеу үшін ағыннан кемінде 30 см
қашықтықта тұрыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Шина, лак не ағаш сияқты сезімтал беттерді
шашырату құбырымен тазаламаңыз, себебі
зақымдалу қаупі бар.
 Сурет
Шашырату құбырын қол бүріккішіне енгізіңіз
жəне 90° айналымда бекітіңіз.
 Бұйымды "I/ON" күйіне ауыстырыңыз.
 Қол бүріккішінің иінтірегін құлыптан босатыңыз.
 Иінтіректі тартыңыз да, бұйым қосылады.
Нұсқау: Иінтірек босатылғаннан кейін бұйым
өшіріледі. Жүйедегі жоғары қысым сақталады.
Жуғыш қылшақпен пайдалану
ҚАУІП
Қолдану кезінде Delta-Racer шетінің
астынан ұстамаңыз!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Бояуға зақым келтіру қаупі
Жуғыш қылшақты пайдаланған кезде оны кір не
басқа бөлшектерден бос ұстау керек.
 Жуғыш қылшақты қол бүріккішіне енгізіңіз жəне
90° айналымда бекітіңіз.
Тазалау бұйымдарымен бірге қолдану
Нұсқау: Тазалау бұйымдарын тек орташа
қысыммен араластыруға болады.
ҚАУІП
Тазалау бұйымдар қолдану кезінде тазалау бұйым
шығарушының заттардың қауіпсіздік паспортты,
əсіресе жеке қорғану құралдар туралы
нұсқауларды сақтау қажет.
 Сурет
Тазалағыш заттың сорғыту шлангісін қалаған
ұзындыққа корпустан тартыңыз.
 Тазалағыш заттың сорғыту шлангісін тазалағыш
зат қоспасы бар сауытқа іліңіз.
 Қысым реттегіші бар шашырату құбырын (Vario
Power) пайдаланыңыз.
 Шашырату құбырын "Mix" күйіне бұрыңыз.
Нұсқау: Осының нəтижесінде пайдалану
кезінде тазалағыш зат қоспасы су ағынына
қосылады.
Ұсынылған тазалау тəсілі
 Тазалау бұйымын құрғақ үстіртке үнемді түрде
шашыратып, сіңу үшін (кептіріп кеткізбей ғана)
біраз қалтыруыңыз лазым.
 Ерітілген кірді жоғары қысымды ағынмен шайып
жіберіңіз.
Қосымша
Көбік шүмегі
 Көбік шүмегінің тазалағыш зат сауытын
тазалағыш зат қоспасымен толтырыңыз
(мөлшер нұсқауларын тазалағыш заттың
қабында қараңыз).
 Көбік шүмегін тазалағыш зат сауытына
жалғаңыз.
 Көбік шүмегін қол бүріккішіне енгізіңіз жəне 90°
айналымда бекітіңіз.
Қолдануды уақытша тоқтату
 Қол бүріккішінің иінтірегін босатыңыз.
 Қол бүріккішінің иінтірегін құлыптаңыз.
 Ұзақ жұмыс кідірістері (5 минуттан артық) үшін
бұйымды "0/OFF" күйіне ауыстырыңыз.
Жұмысты аяқтау
АБАЙЛАҢЫЗ
Жүйеде қысым жоқ болғанда жоғары қысымды
шлангіні тек қол бүріккішінен не бұйымнан
ажыратыңыз.
 Тазалағыш затпен жұмыс істеу кезінде:
Бұйымды шамамен 1 минут шаю үшін жұмыс
істетіңіз.
 Қол бүріккішінің иінтірегін босатыңыз.
 Бұйымды "0/OFF" күйіне орнатыңыз.
 Электр ашасын электр розеткасынан шығарып
алыңыз.
 Құбыр кранын жабыңыз.
 Жүйедегі бар қысымды төмендету үшін қол
бүріккішінің иінтірегін басыңыз.
 Қол бүріккішінің иінтірегін құлыптаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Ағын не жоғары қысымды шлангісін ажырату
арқылы қолдану кезінде ыстық суды ұяшықтардан
шығаруға болады.
 Бұйымды су беру жүйесінен ажыратыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу жəне зақымдалу қаупі бар!
Тасымалдау кезінде бұйымның салмағына назар
аударыңыз.
Қолмен тасымалдау
 Сурет
Тұтқаларынан құрылғыны көтеріңіз жəне алып.
 Сурет
Тасымалдау тұтқасын шығарыңыз, ол
бекітіледі.
Бұйымды тасымалдау тұтқасына тартыңыз.
Ұшақтарда тасымалдау
 Құрылғыны сырғанап кетуден жəне соғылудан
қорғаңыз.
Бұйымның сақталынуы
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу жəне зақымдалу қаупі бар!
Бұйымды сақтау кезінде салмағына назар аударыңыз.
Бұйымды сақтау
 Бұйымды тегіс бетке қойыңыз.
 Қол бүріккішіндегі ажырату түймесін басыңыз
жəне жоғары қысымды шлангіні қол бүріккішінен
ажыратыңыз.
 Жоғары қысымды шлангіге арналған жылдам
ажыратылатын муфтаның корпусын көрсеткі
бағытымен басыңыз жəне жоғары қысымды
шлангіні тартып шығарыңыз.
 Сурет
Қол бүріккішін қол бүріккішін сақтау орнына
қойыңыз.
Шашырату құбырын өзінің сақтау орнына
қойыңыз.
 Бірлікке жоғары қысымды шланг жəне қорек
сымын сақтаңыз.
– 7
KK
Тасымалдау
143

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents