LG -H870S Quick Start Manual page 31

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 49
• Құрылғыны жылу батареясы немесе пеш сияқты жылу көздерінен аулақ
жерде сақтау керек.
• Құрылғыны түсіріп алмаңыз немесе ұрып алмаңыз.
• Бұл құралды шайқамаңыз және соғып алмаңыз.
• Арнайы ережелер арқылы талап етілген жерлерде құрылғыны өшіріңіз.
Мысалы, құрылғыны емханаларда пайдаланбаңыз, себебі ол медициналық
жабдықтарға әсер етуі мүмкін.
• Зарядталып жатқанда құрылғыны ылғал қолмен ұстауға болмайды. Ол ток
соғуды тудырып, құрылғыны қатты зақымдауы мүмкін.
• Телефонды тез өртенетін заттар жанында зарядтамаңыз, өйткені гарнитура
қызып, өрт шығу қаупін төндіруі мүмкін.
• Құрылғының сыртын құрғақ шүберекпен сүртіңіз (бензол, еріткіш немесе
спирт қолданбаңыз).
• Құрылғыны жұмсақ жиһаздардың үстінде зарядтамаңыз.
• Құрылғыны жақсы желдетілетін жерде зарядтау керек.
• Бұл құрылғыны шамадан тыс түтінге немесе шаңға шығармаңыз.
• Құрылғыны кредит картасы немесе көлік билеттері жанында ұстамаңыз, ол
магнитті жолақтағы ақпаратқа әсер етуі мүмкін.
• Экранға үшкір немесе өткір зат тигізбеңіз, ол құрылғыны зақымдауы мүмкін.
• Құрылғыға сұйықтық төгіп алмаңыз және оны ылғал жерге қоймаңыз.
• Сынған, шытынаған немесе жарығы бар әйнекті пайдаланбаңыз,
ұстамаңыз және алуға немесе жөндеуге әрекет жасамаңыз. Тиісті түрде
қолданбағаннан болған әйнектегі зақымдар кепілдікпен жөнделмейді.
• Құрылғыңыз — қалыпты жұмыс кезінде ыстық шығаратын электрондық
құрылғы. Ұзақ уақыт бойы, жеткілікті желдеткіштің жоқтығынан терімен
тікелей байланыста болу ыңғайсыздықты немесе болмашы күйікті тудыруы
мүмкін. Сондықтан, құрылғыны пайдалану барысында немесе одан кейін
абайлап ұстаңыз.
• Құрылғыңыз ылғалданып қалса, оны дереу ажыратып, толығымен
құрғатыңыз. Кептіру процесін тездету үшін пеш, микротолқынды пеш немесе
шаш кептіргіш сияқты сыртқы жылыту көзін пайдаланбаңыз.
Құрылғының тиімді жұмысы
• Құрылғыны медициналық жабдықтардың жанында рұқсатсыз
пайдаланбаңыз. Құрылғыңыздың жұмысы медициналық құрылғының
жұмысына кедергі келтіру мүмкіндігін анықтау үшін дәрігермен кеңесіңіз.
• Кардиостимулятор өндірушілер кардиостимулятормен туындайтын ықтимал
кедергілердің алдын алу үшін басқа құрылғылармен арасын 15 см етіп
қалдыруды ұсынады.
• Бұл құрылғы жарықтық немесе неонды жарық шығаруы мүмкін.
• Құрылғылар кейбір есту құралдарына кедергі жасайды.
• Құрылғыны мүмкіндігінше 0 ºC және 40 ºC аралығындағы температурада
пайдаланыңыз. Құрылғыға аса төмен немесе жоғары температуралардың
әсер етуі нәтижесінде зақым келуі, бұзылуы немесе тіпті жарылыс орын
алуы мүмкін.
Жолдағы қауіпсіздік
Көлік жүргізгенде аймақтағы құрылғыларды пайдалану туралы заңды және
нұсқауларды тексеріңіз.
• Көлік жүргізгенде қолда ұсталатын құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Көлік жүргізуге айрықша көңіл бөліңіз.
• Пайдаланбастан бұрын, жолдан шығып, қойыңыз.
• Радиожиілік қуаты автомагнитола және қауіпсіздік жабдықтары секілді
көліктегі кейбір электрондық жүйелерге әсер етуі мүмкін.
7

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents