Пайдалануға Дайындау - Philips AVENT SCD292/00 Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 16
54
ҚАЗАҚША
-
Ұйқысырап немесе ұйқылы-ояу кезде ешқашан сүтті сору құралын пайдаланбаңыз.
-
Сүтті сору құралын қатты ыстыққа тастамаңыз және тікелей күн сәулесі түсетін жерге
қоймаңыз.
Ескерту
-
Сүтті сору құралы бір пайдаланушы тарапынан қайта қолдануға ғана арналған.
-
Ешқандай саңылауларына басқа затты ешқашан түсірмеңіз немесе салмаңыз.
-
Басқа өндірушілердің ешқандай жабдықтарын немесе бөліктерін немесе Philips AVENT
арнайы кеңес ретінде ұсынбаған бөлшектерді қолдануға болмайды. Егер сіз сондай
жабдықтарды немесе бөліктерді қолданған болсаңыз, онда кепілдігіңіз жарамсыз болады.
-
Барлық сору құралының бөліктерін әрбір пайдаланудан бұрын жуып, шайып,
зарарсыздандырыңыз.
-
Сүтті сору құралының бөліктерін тазалағанда бактерияға қарсы немесе қырғыш тазалау
заттарын пайдаланбаңыз.
-
Ешқандай сүт шықпаса, бір уақытта бес минуттан артық соруды жалғастырмаңыз.
-
Егер жасалған қысым ыңғайсыз немесе ауру тудырса, кеуде мен сүтті сору құралының
арасындағы байланысты саусақпен үзіп, сүтті сору құралын кеудеңізден алыңыз.
Пайдалануға дайындау
Бірінші рет пайдалану алдында, сүтті сору құралының барлық бөліктерін «Тазалау және
зарарсыздандыру» тарауында сипатталғандай тазалап, зарарсыздандырыңыз. Әрбір қолданыстан
соң, барлық бөліктерін тазалап, келесі қолданыстан бұрын барлық бөліктерді
зарарсыздандырыңыз.
Сүтті сору құралын құрастыру
Ескертпе Сүтті сору құралының барлық бөліктерін міндетті түрде тазалап,
зарарсыздандырыңыз. Тазаланған бөліктерді ұстамастан бұрын қолдарыңызды жуыңыз.
Абайлаңыз, тазаланған бөліктер әлі ыстық болуы мүмкін.
Кеңес Сүтті сору құралы ылғал кезде оны құрастыру оңай болуы мүмкін.
1
Ақ клапанды сүтті сору құралының корпусына астынан салыңыз. Клапанды мүмкіндігінше
ішке қарай итеріңіз (Cурет 2).
2
Сүтті сору құралының корпусын бөтелкеге немесе сақтау шыны аяғына мықтап
бекітілгенше сағат бағытымен бұраңыз (Cурет 3).
Ескертпе Сақтау шыны аяғын пайдалансаңыз, алдымен адаптерді сақтау шыны аяғына
бұрауыңыз керек.
3
Өзекшесі бар силикон диафрагманы сүтті сору құралының корпусына жоғарыдан
салыңыз. Жақсы байланысты қамтамасыз ету үшін, саусақтарыңызбен басу арқылы оның
сақина айналасына мықтап бекітілгенін тексеріңіз (Cурет 4).
4
Тұтқаны өзекшесі бар силикон диафрагмаға өзекше ұшындағы тұтқа тесігінен ілу арқылы
тіркеңіз. Тұтқаны сүтті сору құралына орнына түскенше басыңыз (Cурет 5).
5
Массаж жастығын сүтті сору құралының түтік кескінді бөліміне қойыңыз. Массаж
жастығының ішкі бөлігін мүмкіндігінше ішке қарай басып, оның сүтті сору құралы
сақинасының айналасына жақсы орныққанын тексеріңіз. Қалған ауаны шығару үшін
жапырақтар арасын басыңыз (Cурет 6).
Ескертпе Саууға дайындау кезінде сүтті сору құралын таза ұстау үшін, массаж
жастықшасының үстіне қақпақты қойыңыз.

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Avent scd292/01

Table of Contents