Қазақша
Кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips Avent компаниясына қош
келдіңіз! Philips Avent ұсынған қолдау көрсету қызметін толық қолдану үшін
сүтсауғышты www.philips.com/welcome веб-сайтынан тіркеңіз.
Жалпы сипаттама (1-сурет)
1 Сап
2 Силикон диафрагма
3 Өзекше
4 Сүтсауғыштың корпусы
5 Жастық
6 Ақ клапан
7 Philips Avent Natural бөтелкесі*
8 Жастыққап
* Осы керек-жарақтар үшін бөлек пайдаланушы нұсқаулығы берілген. Бөлек
пайдаланушы нұсқаулықтарын мұқият оқыңыз, себебі онда маңызды қауіпсіздік
ақпараты бар.
Мақсатты пайдалану
Philips Avent қолмен сүт сору құралы емізетін әйел кеудесі сүтін сауып жинауға
арналған. Құрылғы бір пайдаланушыға арналған.
Маңызды қауіпсіздік ақпараты
Сүтсауғышты пайдаланбастан бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып
шығып, болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз.
Қолдануға болмайтын жағдай
- Жүкті кезде сүтсауғышты ешқашан пайдаланбаңыз, себебі сору босану
процесін қиындатуы мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ!
Тұншығу, тұншықтыру және жарақат жағдайларын болдырмау ескертулері:
- Балалар немесе үй жануарларының сүт сору құралы бөліктерімен, орам
материалдарымен немесе керек-жарақтармен ойнауына мүмкіндік бермеңіз.
Әр пайдалану алдында сүт сору құралында зақымдану белгілері бар-жоғын
-
тексеріңіз. Сүт сору құралы зақымдалса немесе дұрыс жұмыс істемесе, оны
пайдаланбаңыз.
Ластанудан сақтайтын және гигиенаны сақтайтын ескертулер:
Гигиеналық себептерге байланысты сүтсауғыш бір пайдаланушы тарапынан қайта
-
қолдануға ғана арналған.
Барлық бөлшектерді алғашқы қолданыс алдында және қолданыс сайын тазалап
-
зарарсыздандырыңыз.
Сүтсауғыштың бөлшектерін тазалау үшін бактерияға қарсы немесе қырғыш тазалау
-
заттарын пайдаланбаңыз, себебі бұл зақымға себеп болуы мүмкін.
Ластану жағдайын болдырмас үшін сүтсауғыш бөлшектері мен емшектерді түрту
-
алдында қолыңызды сабынмен және сумен дұрыстап жуыңыз. Контейнерлер
немесе қақпақтар ішін түртуге болмайды.
Кеуде және емізік мәселелері мен ауруды болдырмау ескертулері:
Вакуумды босату мақсатында емшектен сору құралының корпусын алу алдында
-
үнемі сапты босатыңыз.
Вакуум ыңғайсыз немесе ауруға себеп болса, соруды тоқтатып, сүт сору құралын
-
емшектен алыңыз.
Ешқандай сүт шықпаса, бір уақытта бес минуттан артық соруды жалғастырмаңыз.
-
Күні бойы басқа уақытта сауып көріңіз.
Егер процес қолайсыз немесе ауру тудырса, сүтсауғышты пайдалануды тоқтатып,
-
денсаулық сақтау маманымен ақылдасыңыз.
Philips Avent ұсынған керек-жарақтар мен бөлшектерді ғана пайдаланыңыз.
-
Сүтсауғышты өзгертуге рұқсат етілмейді.
-
Ескерту: Егер сіз Адамның иммунитет тапшылық вирусын (АИТВ) немесе B немесе C
гепатитін жұқтырсаңыз, сүт сору құралын пайдалану емшек сүті арқылы вирустың
балаға берілу қаупін азайтпайды немесе жоймайды.
Абайлаңыз
Сүт сору құралының зақымдалуын және ақаулығын болдырмайтын сақтық шара:
Бөліктердің деформациясын болдырмау үшін оларды қызған беттерден алыс ұстаңыз.
-
Пайдалануға дайындау
Сүт сору құралын алғаш рет пайдалану алдында және әрбір қолданыстан кейін барлық
бөліктерін бөлшектеңіз, тазалаңыз және зарарсыздандырыңыз.
Абайлаңыз: Ақ клапанды алғанда және тазалағанда
абайлаңыз. Ақ клапан ішіне заттар салмаңыз, себебі бұл зақым
тудыруы мүмкін.
9 Бөтелке қақпағы
10 Бұрандалы сақина
11 Емізік
12 Тығыздағыш диск
13 Шыны адаптері
14 Philips Avent сақтау шынысы*
15 Сақтау шынысының қақпағы
Тазалау және зарарсыздандыру
1-қадам: Бөлшектеу
Сүт сору құралы мен бөтелкені толығымен бөлшектеңіз. Сонымен қатар сүтсауғыштан
ақ клапанды алыңыз.
2-қадам: Тазалау
Бөліктерді қолмен немесе ыдыс жуғышта тазалауға болады.
2A қадамы: Қолмен тазалау
1 Барлық бөлшектерді ағын су астында жылы сумен шайыңыз.
2 Барлық бөлшектерді шамалы жұмсақ ыдыс жуу сұйықтығы қосылған жылы суға
5 минут малыңыз.
3 Барлық бөлшектерді тазалау щеткасымен тазалаңыз.
4 Барлық бөлшектерді ағын су астында салқын, таза сумен дұрыстап шайыңыз.
5 Барлық бөлшектерді таза шай сүлгісінде немесе құрғату сөресінде құрғатыңыз.
2B қадамы: Ыдыс жуатын машинда тазалау
Ескертпе: Тамақтың түстері бөлшектерді түссіздендіруі мүмкін.
1 Барлық бөлшектерді ыдыс жуғыштың үстіңгі сөресіне қойыңыз.
2 Ыдыс жуу сұйықтығын немесе таблеткасын машинаға салып, стандартты
бағдарламаны іске қосыңыз.
3 Барлық бөлшектерді таза шай сүлгісінде немесе құрғату сөресінде құрғатыңыз.
3-қадам: Зарарсыздандыру
Абайлаңыз: Қайнаған сумен зарарсыздандыру барысында
құтыны немесе басқа бөлшектерді табаның бүйіріне тигізбеңіз.
Бұл Philips компаниясы жауапты бола алмайтын өнімнің түзелмес
деформациясына немесе зақымына себеп болуы мүмкін.
1 Тұрмыстық табаны барлық бөлшектерді қамтитындай етіп сумен толтырып, оған
барлық бөлшектерді салыңыз. Суды 5 минут қайнатыңыз. Бөлшектер табаның
бүйіріне тимейтініне көз жеткізіңіз.
2 Суды салқындатыңыз.
3 Бөлшектердегі суды жайлап кетіріңіз. Бөліктерді кептіру үшін таза бетке, шай
сүлгісіне немесе құрғату сөресіне қойыңыз.
Сүтсауғышты құрастыру
Сүтпен байланысатын сүтсауғыштың барлық бөлшектері тазаланып
зарарсыздандырылғанына көз жеткізіңіз.
Ескерту: Сүтсауғыштың бөлшектерін қайнату арқылы
зарарсыздандырған кезде абай болыңыз, олар өте ыстық болуы
мүмкін. Күйік жағдайларын болдырмас үшін сүтсауғышты
жинақтауды зарарсызданған бөлшектері суығаннан кейін ғана
бастаңыз.
Сүтсауғыштың бөлшектерін пайдалану алдында тозуға немесе зақымға тексеріп,
оларды қажетінше ауыстырыңыз.
Ескертпе: Дұрыс вакуум құру үшін сүт сору құралына жастық пен силикон
диафрагманы дұрыс орналастыру керек.
1 Ақ клапанды астыңғы сорап корпусына салыңыз. Клапанды барынша алыс салыңыз
(сурет 2).
2 Сүтті сору құралының корпусын бөтелкеге (сурет 3) немесе сақтау шыныға
(сурет 4) мықтап бекітілгенше сағат бағытымен бұраңыз.
Ескертпе: Сақтау шынысын пайдалансаңыз, алдымен шыны адаптерін сақтау
шынысына бұрауыңыз керек (сурет 4).
3 Силикон диафрагмаға өзекшені салыңыз (сурет 5).
4 Силикон диаграмманы төменгі сорап корпусына салыңыз. Жақсы байланысты
қамтамасыз ету үшін саусақтарыңызбен басу арқылы оның сақина айналасына
мықтап бекітілгенін тексеріңіз (сурет 6).
5 Тұтқаны өзекшесі бар силикон диафрагмаға өзекше ұшындағы тұтқа тесігінен ілу
арқылы тіркеңіз. Тұтқаны сүтті сору құралына орнына түскенше басыңыз (сурет 7).
6 Жастықты сору құралы корпусына қойып (сурет 8), жиегі сору құралының корпусын
жабатынына көз жеткізіңіз. Жастықтың ішкі бөлігін шұңғыма ішіне көрсеткімен
көрсетілген сызыққа қарсы басып салыңыз (сурет 9).
Ескертпе: Саууға дайындау кезінде сүт сору құралын таза ұстау үшін, жастық үстіне
жастыққапты қойыңыз.
Сүт сору құралын пайдалану
Ескерту: Сүт сору құралын үнемі жастықпен пайдаланыңыз.
Ескертпе: Сұрақтарыңыз болса немесе жағымсыз әсерлер байқалса, медициналық
маманға хабарласыңыз.
Сүт сору құралын пайдалану
1 Қолыңызды сабынмен және сумен дұрыстап жуып, емшектің таза екендігін
тексеріңіз.
2 Құрастырылған сүт сору құралын кеудеңізге басыңыз. Емізікті ортаға келтіріп,
жастық ауасыз байланысты жасайтындай етіңіз.
3 Емшекте соруды сезінгенше сапты төмен қарай жайлап баса бастаңыз (сурет 10) .
Одан кейін тұтқаны қалыпты орнына қайтарыңыз. Әсерлену әрекетін бастау үшін
бұл қадамды 5 немесе 6 рет қайталаңыз.
Ескертпе: Сапты толығымен төмен басуға болмайды. Оны сізге барынша жайлы
етіп басыңыз. Сүтті сору құралы жасай алатын сору процесін толық
пайдаланбасаңыз да, сүт көп ұзамай аға бастайды.
Need help?
Do you have a question about the AVENT SCF441/01 and is the answer not in the manual?