Download Print this page

Қауіпті Жағдайлар - Philips HR1863 User Manual

Hide thumbs Also See for HR1863:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Маңызды
Құралды қолданбастан бұрын осы маңызды ақпаратты
мұқият оқып шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап
қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
- Моторды суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға
да, ағын сумен шаюға да болмайды.
- Моторды ыдыс жуғыш машинада жумаңыз.
абайлаңыз
- Құрылғыны қосар алдында, оның негізінде
көрсетілген кернеу жергілікті кернеу мөлшеріне
сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.
- Егер ток сымы, штепсельдік ұшы немесе басқа
бөлшектері зақымдалған болса, құралды қолданбаңыз.
- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын
алмауы үшін, оны тек Philips компаниясында, Philips
мақұлдаған қызмет орталығында немесе білікті
мамандар ауыстыруы керек.
- Бақылау астында болса немесе құрылғыны қауіпсіз
пайдалану туралы нұсқаулар алған болса және
байланысты қауіптерді түсінсе, бұл құрылғыны 8 және
одан жоғары жастағы балалар және дене, сезу
немесе ақыл-ой қабілеттері кем немесе тәжірибесі
мен білімі жоқ адамдар пайдалана алады.
- 8 жасқа толмаған балалар ересектің қадағалауынсыз
тазалау және техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын жүргізбеуі тиіс.
- Құрылғы мен оның сымын 8 жасқа толмаған
балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Құралды қадағалаусыз қосып қоюға болмайды.
- Сүзгіде сызаттар немесе басқа зақым байқалса,
құралды әрі қарай қолданбаңыз және жақын
жердегі Philips Тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз.
- Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде, еш уақытта азық
салатын түтікке саусақтарыңызды немесе басқа
затты салмаңыз. Ол үшін тек итергішті қолданыңыз.
- Сүзгінің негізінде орналасқан кесетін кішкене
пышақтарға қолыңызды тигізбеңіз. Олар өте өткір.
Ескерту
- Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған.
- Көтергенде, құрылғыны бекітетін қысқыштардан
ұстамаңыз.
- Philips арнайы ұсынбаған немесе Philips
компаниясынан басқа өндірушілер шығарған
қосалқы құралдарды немесе бөлшектерді қолдануға
болмайды. Қолданған жағдайда, өнімнің кепілдігі өз
күшін жояды.
- Құрылғы тербелмей тұруы үшін, үстелдің үсті мен
құрылғының асты әрдайым таза болуы керек.
- Құралды қоспас бұрын, барлық бөлшектердің дұрыс
орнатылғанын тексеріңіз.
- Құрылғыны бекітетін қысқыштары құлыптаулы күйде
тұрғанда ғана қолданыңыз.
- Бекітетін қысқыштарды тек құрылғы өшіп, сүзгі
айналуын тоқтатқаннан кейін ашық күйге түсіріңіз.
- Қолданып болған соң құралды міндетті түрде
розеткадан ажыратыңыз.
- Шу деңгейі: Lc = 78 дБ (A)
Электрмагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге (EMF) қатысты
барлық талаптарға сәйкес келеді.
Жеміс-жидек пен көкөністер туралы мәліметтер
Пайдаланылатын азық-түліктерге қарай, ішке орнатылған ұлпа жинайтын
ыдысты босатпастан 2 литр шырынға дейін жасауға болады. Сәбіз
немесе қызылша сияқты қатты азық-түліктерден шырын жасағанда,
шығарып алуға болатын шырынның ең жоғарғы мөлшері — 500 мл
(шырын ыдысындағы деңгей көрсеткішін тексеріңіз).
Ескертпе Ішке орнатылған ұлпа жинайтын ыдыс толғанда, ұлпа шырын
жинағышта және шырын қақпағында жиналады.
Ұлпа жиналатын ішкі ыдыс шегінен асып толса, құрал бітеліп қалады.
Мұндай жағдайда құралды өшіріп, ыдыстағы ұлпаны төгіңіз.
Рецепттер
апельсин-сәбіз шырыны
Қосылатын заттар:
-
1 кг сәбіз;
-
4 апельсин;
-
1 үлкен қасық зәйтүн майы;
-
1 үлкен жалбыз бұтағы (қосымша безендіру).
Апельсиндердің қабығын тазалаңыз.
1
Сәбіздер мен апельсиндерді шырын сыққыш арқылы өткізіңіз.
2
Ескертпе Бұл құрылғы 3 кг сәбізді шамамен 2 минуттай өңдейді
(ұлпаны алып тастауға кететін уақытты қоспағанда). Сәбіздің әр
килограмынан кейін, құрылғыны өшіріп, розеткадан ажыратыңыз да,
ұлпаны ішке орнатылған ұлпа жинайтын ыдыстан, қақпақтан және
сүзгіден алып тастаңыз. Сәбіздерді өңдеп болғаннан кейін, құрылғыны
өшіріп, бөлме температурасына дейін салқындатыңыз.
Шырынға үлкен қасықпен зәйтүн майын және бірнеше текше мұз
3
қосыңыз.
Жақсылап араластырыңыз.
4
Шырынды стақанға құйыңыз.
5
Кеңес Қосымша безендіру үшін, стаканға жалбыз бұтағын салып қойыңыз.
Қосалқы құралдарға тапсырыс беру
Бұл құрылғыға қосалқы құралдар сатып алу үшін, www.shop.philips.com/
service мекенжайындағы онлайн-дүкенімізге кіріңіз. Онлайн-дүкен
қызметін пайдалану еліңізде мүмкін болмаса, Philips дилеріне немесе
Philips қызмет көрсету орталығына барыңыз. Құрылғы үшін қосалқы
құралдар алуда қиындықтар болса, еліңіздегі Philips Тұтынушыларды
қолдау орталығына хабарласыңыз. Бұл байланыс мәліметтерін
дүниежүзілік кепілдік кітапшасынан табасыз.
Қоршаған орта
-
Жарамдылық мерзімі аяқталғанда, құрылғыны тұрмыстық қоқыспен
бірге тастамаңыз. Қайта өңдейтін арнайы жинау орнына тапсырыңыз.
Бұл әрекет қоршаған ортаны сақтауға септігін тигізеді (Cурет 2).
Кепілдік және қызмет көрсету
Қызмет көрсету жұмыстары немесе ақпарат қажет болса немесе
проблема болса, Philips компаниясының www.philips.com/support
веб-торабына кіріңіз немесе еліңіздегі Philips тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз. Телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік
кітапшасынан табуға болады. Еліңізде тұтынушыларды қолдау орталығы
болмаған жағдайда, жергілікті Philips дилеріне хабарласыңыз.
Қарлыған, ит бүлдірген, шәңгіш жидектері, бүрген, жабайы құлпынай,
таңқурай, қара бүлдірген, қарақат немесе мүкжидек сияқты жидектерден
шырын алу үшін жидектер түтігін қолданыңыз.
Дайындау
-
Шырын көбірек алыну үшін, итергішті ақырын басу керек.
-
Жаңа піскен жеміс жидектерді немесе көкөністерді қолданған дұрыс,
себебі оларда шырын көп болады. Шырын сыққышқа ананас, қызылша,
сельдерей жапырақтары, алма, сәбіз, шпинат, қауын, қызанақ, анар,
апельсин және жүзім сияқты жеміс жидектер өте қолайлы.

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

Hr1864Hr1856Hr1855Hr1864/00