Sony LMD-2451MD Manual page 222

Hide thumbs Also See for LMD-2451MD:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 18
Қазақ тілі
Құрылғыны пайдалану алдында осы нұсқаулықты
мұқият оқып шығыңыз жəне болашақта анықтама
алу үшін сақтаңыз.
Пайдалану/Мақсатты пайдалану
көрсеткіші
СКД мониторы хирургиялық эндоскопиялық/
лапароскопиялық камера жүйелерінен жəне басқа
үйлесімді медициналық кескіндерді өңдеу
жүйелерінен кескіндердің түрлі түсті 2D бейнелерін
көрсетуге арналған. СКД мониторы – кең экранды,
анықтығы жоғары, медициналық мақсатқа арналған
монитор, ол инвазивтілік деңгейі минималды
хирургиялық операциялар кезінде нақты уақытта
пайдалануға арналған жəне оны аурухананың
операция бөлмелерінде, хирургиялық орталықтарда,
клиникаларда, дəрігерлердің кабинеттерінде жəне
соған ұқсас емдеу мекемелерінде пайдалануға
болады.
Ескертпелер
• Бұл жабдық медициналық мамандарға арналған.
• Бұл жабдық клиникалар, зерттеу бөлмелері жəне
ота жасау бөлмелері сияқты медициналық
орталарда пайдалануға арналған.
ЕСКЕРТУ
Өрт шығу немесе ток соғу қаупін азайту үшін
бұл құрылғыны жаңбырдың астында
немесе ылғалды жерде қалдырмаңыз.
Ток соғуды болдырмау үшін құрылғының
корпусын ашпаңыз. Жөндеу жұмыстарын
білікті мамандар ғана орындауы тиіс.
Бұл жабдықты өзгертуге рұқсат берілмейді.
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупін болдырмау үшін, бұл
жабдықты тек жерге тұйықталған қуат
желісіне қосу керек.
ЕСКЕРТУ
Құрылғының қуат қосқышы жоқ.
Қуат көзін ажырату үшін штепсельді ажыратыңыз.
Құрылғыны орнатқан кезде, бекітілген электр
схемасына оңай қол жеткізуге болатын
ажыратқышты қосыңыз немесе штепсельді
құрылғының жанындағы оңай қол жеткізуге
болатын желілік розеткаға қосыңыз.
Медициналық электр жабдығын штепсельді
ажырату қиын жерге қоймаңыз.
Құрылғыны пайдалану кезінде ақау пайда болса,
қуат көзін ажырату үшін ажыратқышты
пайдаланыңыз немесе штепсельді ажыратыңыз.
2
KZ
Өнімдердегі таңбалар
Қауіпсіздік белгісі
Өнімнің осы таңбамен белгіленген
бөлшектеріне қатысты пайдалану
нұсқаулығының ескертулерін орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Фон түсі: Көк
Таңба: Ақ
Пайдалану нұсқаулығын қараңыз
Осы белгі бар құрылғының бөлігіне
арналған пайдалану нұсқаулығындағы
бағыттарға сүйеніңіз.
Бұл белгі өндірушіні көрсетеді жəне
өндірушінің аты мен мекенжайының
жанында көрсетіледі.
Бұл белгі ЕО импорттаушысын көрсетеді
жəне ЕО импорттаушысының аты мен
мекенжайының қасында көрсетіледі.
Бұл белгі Еуропалық Қауымдастығының
өкілін көрсетеді жəне Еуропалық
Қауымдастығы өкілінің аты мен
мекенжайының қасында көрсетіледі.
Бұл белгі өндіру мерзімін көрсетеді жəне
ол өнімге жəне/немесе орамға басып
YYYY-MM
шығарылады. YYYY – жылды жəне MM
– айды көрсетеді.
Бұл белгі сериялық нөмірді көрсетеді.
Бұл белгі бірге берілетін құжаттың
нұсқасын көрсетеді.
Бұл белгі жүйенің əртүрлі бөлшектерін
бір потенциалға келтіретін электр
потенциалы тең терминалды білдіреді.
Сақтау жəне тасымалдау
температурасы
Бұл белгі сақтау жəне тасымалдау
орталарына арналған рұқсат берілген
температура ауқымын көрсетеді.
Сақтау жəне тасымалдау
ылғалдылығы
Бұл белгі сақтау жəне тасымалдау
орталарына рұқсат берілген ылғалдылық
ауқымын көрсетеді.
Сақтау жəне тасымалдау қысымы
Бұл белгі сақтау жəне тасымалдау
орталарына рұқсат берілген
атмосфералық қысымның ауқымын
көрсетеді.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents