LG G7 Fit User Manual page 343

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 848
Қауіпсіз және тиімді пайдалану
туралы нұсқаулар
Осы қарапайым нұсқауларды оқыңыз. Осы нұсқауларды орындамау қауіпті
немесе заңсыз болуы мүмкін.
Қате шыққан кезде, құрылғы құрамындағы бағдарламалық құрал қателер
журналын жинайды. Бұл құрал сигнал күші, кенеттен үзіліп кеткен кездегі
ұялы идентификатор орны және жүктелген қосымшалар сияқты қатеге
қатысты деректерді ғана жинайды. Журнал қатенің себебін анықтауға
көмектесу үшін ғана пайдаланылады. Бұл журналдар шифрланған және
құрылғыңызды жөндеуге алып барғаныңызда ғана оларды өкілетті LG қызмет
көрсету орталығы аша алады.
Радио жиілігі қуатының әсері
Радиотолқын әсері және меншікті сіңіру коэффициенті (МСК) туралы ақпарат.
Бұл құрылғы радиотолқындардың әсеріне қойылатын қолданыстағы
қауіпсіздік талаптарына сай етіп жасалған. Бұл талаптар жасы мен
денсаулық жағдайына қарамастан, барлық пайдаланушылардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін, қауіпсіздік шегін қамтитын ғылыми нұсқауларға
негізделген.
Радиотолқын әсері нұсқаулары үшін меншікті сіңіру коэффициенті
немесе МСК деп аталатын шама бірлігі қолданылады. МСК
сынақтары стандартты әдістер бойынша барлық қолданыстағы жиілік
ауқымдарындағы ең жоғарғы рұқсат етілген қуат деңгейінде құрылғыдан
сигнал жіберу арқылы жүргізіледі.
Әр түрлі LG құрылғы үлгілерінің МСК деңгейлері арасында
айырмашылықтар болғанымен, олардың барлығы радиотолқындар әсері
бойынша нұсқауларға сәйкес келетін етіп жобаланған.
Иондамайтын сәулеленуден қорғаудың халықаралық комиссиясы (ИСҚХК)
ұсынған SAR шектеуінің орташа мәні – 10 г-нан астам ұлпада 2 Вт/кг.
Осы үлгінің сыналған ең жоғары МСК мәні құлақтың жанында —  
0,327 Вт/кг (10 г), ал денеде тағып жүргенде — 1,544 Вт/кг (10 г).
5

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Lm-q850emw

Table of Contents