Dremel MS20 Original Instructions Manual page 16

Moto-saw
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
арнайы жылдамдығында жұмысты едәуір тиімді
әрі қауіпсіз орындайды.
b. Қосқышы зақымданған электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосқыш арқылы басқарылмайтын
кез келген электр құралы қауіпті және оны жөндеу
қажет.
c. Реттеу әрекеттерін орындау, аксессуарларды
ауыстыру немесе электрлік құралдарды сақтау
алдында штепсельді қуат көзінен ажыратыңыз
және/немесе батарея блогы алынбалы болса,
алып тастаңыз. Мұндай сақтық шаралары электр
құралының кездейсоқ іске қосылу қаупін азайтады.
d. Пайдаланбайтын электр құралдарын
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Электр құралымен немесе осы нұсқаулармен
таныс емес адамға құралды пайдалануға рұқсат
бермеңіз. Электр құралдары жаттықтырылмаған
пайдаланушылар қолында қауіп тудырады.
e. Электрлік құралдарға және аксессуарларға
техникалық қызмет көрсетіңіз. Жылжымалы
бөлшектердің қисаюын немесе шатасуын,
бөлшектердің бұзылуын және механикалық
құралдардың жұмысына әсер етуі мүмкін
барлық жағдайды тексеріңіз. Зақым бар
болса, электр құралын пайдаланбас бұрын,
оны жөндеңіз. Көптеген оқыс оқиғалар электр
құралдарына дұрыс емес техникалық қызмет
көрсету салдарынан орын алады.
f.
Кескіш құралдарды өткір және таза күйде
ұстаңыз. Тиісті түрде техникалық қызмет
көрсетілген шеттері өткір кескіш құралдар бүгіліп
қалмайды және оларды басқару оңай болады.
g. Жұмыс жағдайларын және орындау қажет
жұмысты назарға ала отырып, электр құралын,
аксессуарларды және алмалы-салмалы
кескіштерді және т. б. осы нұсқауларға сәйкес
пайдаланыңыз. Электр құралын мақсатты
пайдаланудан басқаша пайдаланғанда қауіпті
жағдай орын алуы мүмкін.
h. Тұтқалар мен ұстайтын беткі бөліктерді құрғақ,
таза және май мен майлағыш заттардан аулақ
сақтаңыз. Тайғанақ тұтқалар мен ұстайтын
беткі бөліктер күтпеген жағдайларда құралмен
қауіпсіз жұмыс істеуге және басқаруға мүмкіндік
бермейді.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
a. Электр құралына қызмет көрсету жұмысын тек
түпнұсқа қосалқы бөлшектер пайдаланатын
білікті маманға тапсырыңыз. Бұл электр құралы
қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді.
АСПАПТЫҢ АРНАЙЫ ҚАУІПСІЗДІК
ЕСКЕРТУЛЕРІ
ОЮ АРАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК
ЕСКЕРТУЛЕРІ
a. Жұмыс барысында электр құралын ұстауға
арналған оқшауланған қолсабынан ұстаңыз,
себебі кескіш элемент жасырын сымға немесе
қоректендіру сымына тиіп кетуі мүмкін. Қысым
үстіндегі сымға тиетін кескіш аксессуар электр
құралының ашық металл бөлшектеріне қысым
өткізуі және операторға электр тогының соғуы
мүмкін.
b. Бұйымды орнықты платформаға бекітетін
немесе тірейтін қысқыштарды немесе басқа
қолайлы жолды пайдаланыңыз. Бұйымды
қолмен немесе денеңізге қарама-қарсы ұстау оны
тұрақсыз етеді және бақылауды жоғалтуға әкелуі
мүмкін.
c. Қолдарыңызды аралау аймағына
жақындатпаңыз. Бұйымның астына қолыңызды
салмаңыз. Араның жүзіне тиіп кетсеңіз, жарақат
алуыңыз мүмкін.
d. Электрлік құралды бұйымға тек қосулы күйде
қолданыңыз. Әйтпесе кескіш құрал бұйымда
тұрып қалса, бұйым кері серпілуі мүмкін.
e. Кесу процесі аяқталған кезде, құралды өшіріп,
араның жүзін тоқтаған кезде ғана кесілген
жерден тартып шығарыңыз. Осылайша, кері
серпілудің алдын алып, құрылғыны қауіпсіз түрде
орналастыра аласыз.
f.
Тек өткір, ақауы жоқ ара жүздерін
пайдаланыңыз. Бүгілген немесе тістері өткір
емес аралар сынып кетуі немесе кері серпілуі
мүмкін.
g. Өшірген соң, жанынан күш түсіру арқылы
араның жүзін тоқтатпаңыз. Араның жүзі
зақымдалуы, сынуы немесе кері серпілуі мүмкін.
h. Электр желілері жұмыс орнында жасырылғанын
анықтау үшін тиісті детекторларды
пайдаланыңыз немесе көмек сұрау үшін
жергілікті коммуналдық кәсіпорынға
хабарласыңыз. Электр желілеріне тию өртке
және ток соғуына әкелуі мүмкін. Газ желісінің
зақымдалуы жарылысқа себеп болуы мүмкін. Су
желісіне кіру мүліктің зақымдалуына немесе ток
соғуына әкелуі мүмкін.
i.
Бұйымды бекітіңіз. Қысқыш құрылғылармен
немесе қыспақта қысылған өңдеу бөлшегі қолмен
қысқанға қарағанда мықтырақ бекітіледі.
j.
Жұмыс орнын таза ұстаңыз. Материалдардың
қоспалары аса қауіпті болып табылады. Жеңіл
қоспалардан болған шаң өртенуі немесе жарылуы
мүмкін.
k. Құралды жерге қоймас бұрын, толығымен
тоқтауын күтіңіз. Құрал ендірмесі қысылып қалып,
электр құралын басқару қиындауы мүмкін.
l.
Құралды зақымдалған кабельмен
пайдаланбаңыз. Жұмыс істеу барысында кабель
зақымдалған жағдайда, кабельге тимеңіз және
желі тығынын тартпаңыз. Зақымдалған кабельдер
электр тогының соғу қаупін арттырады.
ЖҰМЫС ТҰҒЫРЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҚАУІПСІЗДІК
ЕСКЕРТУЛЕРІ
a. Реттеу әрекеттерін орындау, аксессуарларды
ауыстыру алдында, штепсельді қуат көзінен
және/немесе батареяны электрлік құралдан
ажыратыңыз. Электр құралының кездейсоқ іске
қосылуы кейбір оқыс оқиғаларға себеп болады.
b. Құралды орнатпас бұрын, жұмыс тұғырын
тиісінше жинаңыз. Сыну қаупінің алдын алу үшін,
дұрыс жинау маңызды болып табылады.
c. Пайдаланбас бұрын, электр құралын жұмыс
тұғырына мықтап бекітіңіз. Электр құралының
жұмыс тұғырында жылжуы құралды басқаруда
қиындық тудыруы мүмкін.
d. Жұмыс тұғырын тұрақты, жазық және тегіс бетке
орнатыңыз. Жұмыс тұғыры жылжитын немесе
бір тарапқа ығысатын болса, электрлік құралды
немесе бұйымды бірқалыпты және қауіпсіз басқару
мүмкін емес.
ЕСТУ МҮШЕСІН ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫН КИІҢІЗ
!
(шуылдың әсері есту қабілетінен айырылуға
әкелуі мүмкін)
16

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents