Makita GA4034 Instruction Manual page 27

Hide thumbs Also See for GA4034:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Дөңгелек сақтандырғышын орнату
немесе алып тастау (ортасы
ойық дөңгелекке, көпфункциялы
дискіге/ысып кескіш дөңгелекке,
алмаз дөңгелекке арналған)
ЕСКЕРТУ:
Ортасы ойық ажарлағыш дөңгелекті/
көпфункциялы дискіні, иілгіш дөңгелекті,
сым қылшақты дөңгелекті, кескіш дөңгелекті
немесе алмаз дөңгелекті пайдаланғанда,
құралдағы дөңгелек сақтандырғыштың жабық
жағы үнемі операторға қарап тұратындай
орнатылуы қажет.
Ысып кескіш дөңгелекті/алмаз дөңгелекті
пайдаланғанда, тек кескіш дөңгелектермен
пайдалануға арналған дөңгелек
сақтандырғышын пайдаланыңыз. (Еуропа
елдерінде алмаз дөңгелекті пайдаланған
кезде, қарапайым сақтандырғышты
қолдануға болады).
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Орындалатын жұмысқа сәйкес келетін
арнайы пішінді сақтандырғыш дөңгелегін
пайдаланыңыз.
Тоқтатқыш бұрандалы типті
сақтандырғыш дөңгелегі бар
құралға арналған
► Сурет4: 1. Дөңгелек сақтандырғышы 2. Бұранда
3. Мойынтірек қорабы
Дөңгелек сақтандырғышы жолағындағы дөңес жерді
мойынтірек қорабындағы ойықпен туралап, дөңгелек
сақтандырғышын орнатыңыз. Одан кейін дөңгелек
сақтандырғышты орындалатын жұмысқа сәйкес
операторды қорғауға болатындай тиісті бұрышқа
бұрыңыз. Бұранданы берік бекіткеніңізге көз жеткізіңіз.
Дөңгелек сақтандырғышын алып тастау үшін орнату
процедурасын керісінше орындаңыз.
Бекіткіш тетікті типті
сақтандырғыш дөңгелегі бар
құралға арналған
► Сурет5: 1. Дөңгелек сақтандырғышы 2. Бұранда
3. Мойынтірек қорабы 4. Тетік
► Сурет6: 1. Бұранда 2. Тетік
Бұранданы босатқаннан кейін, дөңгелек
сақтандарғышындағы тетікті босатыңыз. Дөңгелек
сақтандырғышы жолағындағы дөңес жерді
мойынтірек қорабындағы ойықпен туралап,
дөңгелек сақтандырғышын орнатыңыз. Содан
кейін сақтандырғышты суретте көрсетілген күйге
айналдырыңыз. Дөңгелек сақтандырғышын бекіту
үшін тетікті қатайтыңыз. Егер тетік тым қатты немесе
дөңгелек сақтандырғышын бекіту үшін тым бос болса,
дөңгелек сақтандырғышы жолағының тығыздығын
реттеу үшін бұранданы босатыңыз немесе қатайтыңыз.
Дөңгелек сақтандырғышын алып тастау үшін орнату
процедурасын керісінше орындаңыз.
Ортасы ойық дөңгелекті/
көпфункциялы дискіні орнату
немесе алып тастау
ЕСКЕРТУ:
Ортасы ойық ажарлау дөңгелегін/құралдағы
көпфункциялы дискіні әрқашан бірге берілген
сақтандырғышпен пайдаланыңыз. Пайдалану
кезінде дөңгелек жарылып кетуі мүмкін, ал
сақтандырғыш жарақат алу ықтималдығын
азайтады.
► Сурет7: 1. Тоқтатқыш сомын 2. Ортасы ойық
ажарлағыш дөңгелек/көпфункциялы
диск 3. Ішкі фланец
Ішкі фланецті шпиндельге орнатыңыз. Дөңгелекті/
дискіні ішкі фланецке орнатып, тоқтатқыш сомынды
шпиндельге бұрап бекітіңіз.
Дөңгелекті/3 мм-ден жұқа дискіні орнатқан жағдайда,
тоқтатқыш сомынның дөңесі сыртқа қарап тұратындай
етіп тоқтатқыш сомынды орналастырыңыз. Әйтпесе,
оның дөңесі дөңгелектің/дискінің ішкі диаметріне сәйкес
келетіндей етіп орналастырыңыз.
Тоқтатқыш сомынды бекіту үшін шпиндель айнала
алмайтындай білік құлпын мықтап басыңыз, содан
кейін тоқтатқыш сомын кілтін қолданып, сағат
тілімен бұрап бекітіңіз.
► Сурет8: 1. Тоқтатқыш сомын кілті 2. Білік құлпы
Дөңгелекті алып тастау үшін орнату процедурасын
керісінше орындаңыз.
ЕСКЕРТУ:
Білік құлпын шпиндель қозғалмай
тұрған кезде ғана іске қосыңыз.
ПАЙДАЛАНУ
ЕСКЕРТУ:
Құралға күш салудың қажеті жоқ. Құралдың
салмағы жеткілікті қысым түсіреді. Күш
түсіріп, шамадан тыс қысым қолдану қауіп
төндіретін дөңгелек сынуына әкелуі мүмкін.
Егер ажарлау кезінде құрал құлап кетсе,
дөңгелекті МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ауыстырыңыз.
Ажарлағыш дискіні немесе дөңгелекті өңделетін
аймаққа ЕШҚАШАН соқпаңыз не қақпаңыз.
Дөңгелектің серпілуіне не ілінуіне жол
бермеңіз, әсіресе бұрыштармен, өткір
жиектермен және т.б. беттермен жұмыс істеген
кезде мұқият болыңыз. Бұл құралды игере
алмай қалуға және кері соққыға әкелуі мүмкін.
Құралды ағаш кесетін жүздермен және басқа
ара жүздерімен ЕШҚАШАН пайдаланбаңыз.
Ажарлағыш машинада осындай жүздерді
қолданған кезде жиі соққы береді, құралға ие
бола алмай қалсаңыз, жарақат алуыңыз мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Жұмысты аяқтағаннан кейін, үнемі
құралды өшіріп, оны төменге қоймас бұрын
дөңгелегінің толықтай тоқтағанын күтіңіз.
27 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Ga4534Ga5034

Table of Contents