Makita GA4034 Instruction Manual page 26

Hide thumbs Also See for GA4034:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

26. Ірі ысқыш дөңгелектерді бейімдеу үшін
бөлек өтпелі төлкелер не адаптерлерді
пайдаланбаңыз.
27. Осы құралға арналған фланецтерді ғана
пайдаланыңыз.
28. Ойылған саңылаулы дөңгелекпен
жабдықталған құралдар бойынша,
шпиндель ұзындығы сәйкес келуі үшін
дөңгелектегі ойықтың ұзындығы жеткілікті
екеніне көз жеткізіңіз.
29. Өңдеу бөлшегінің дұрыс бекітілгеніне көз
жеткізіңіз.
30. Құралды өшіргеннен кейін, дөңгелектің әрі
қарай айналатынына назар аударыңыз.
31. Егер жұмыс орны өте ыстық және
ылғалды болса немесе ток өткізгіш шаңмен
тым қатты ластанған болса, оператор
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қысқа
тұйықталуды ажыратқышты (30 мА)
пайдаланыңыз.
32. Құралды құрамында асбест бар
материалдарға қолданбаңыз.
33. Кескіш дөңгелекті пайдаланған кезде,
әрқашан жергілікті заңнамаға сәйкес шаңды
жоюға арналған келте құбырлы қорғағыш
қаптаманы қолдана отырып, жұмыс істеңіз.
34. Кесу дискілеріне бүйірлік қысым түсірілмеуі
тиіс.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАҢЫЗ.
ЕСКЕРТУ: Өнімді қайта пайдалану
барысында САЛҒЫРТТЫҚ ТАНЫТПАЙ,
қауіпсіздік ережелерін ұстаныңыз.
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
келтірілген қауіпсіздік ережелерін
ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАУ немесе
орындамау ауыр жарақаттарға әкеп
соқтыруы мүмкін.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралдың жұмысын реттемес және
тексермес бұрын, әрдайым құралдың өшірулі
екендігіне және ажыратылғандығына көз
жеткізіңіз.
Білік құлпы
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Шпиндель қозғалып тұрғанда, білік құлпын
іске қосуға болмайды. Құралға зақым келуі
мүмкін.
► Сурет1: 1. Білік құлпы
Керек-жарақтарды орнату немесе алу кезінде
шпиндель айналмас үшін білік құлпын басыңыз.
Ауыстырып-қосқыштың әрекеті
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралды қоспай тұрып, әрдайым ауыстырып-
қосқыштың тетігі дұрыс жұмыс істеп
тұрғанына және босатылған кезде "ӨШІРУЛІ"
күйіне қайтарылатынына әрқашан көз
жеткізіп тұрыңыз.
► Сурет2: 1. Ауыстырып-қосқыш тетігі 2. Құлыпты
ашу тетігі
Ауыстырып-қосқыш тетігінің кездейсоқ тартылып
кетуін алдын алуға арналған құлыпты ашу тетігі
бар. Құралды іске қосу үшін, құлыпты ашу тетігін
операторға қарай тартып, содан соң ауыстырып-
қосқыш тетігін тартыңыз. Тоқтату үшін ауыстырып-
қосқыш тетігін жіберіңіз.
ҚҰРАСТЫРУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралмен жұмыс істемес бұрын, әрдайым
құралдың өшірулі екендігіне және
ажыратылғандығына көз жеткізіңіз.
Бүйірлік тұтқаны (сап) орнату
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Жұмысқа кіріспес бұрын, бүйірлік тұтқаның
мықтап орнатылғанына көз жеткізіңіз.
► Сурет3
Суретте көрсетілгендей, бүйірлік тұтқаны құралға
нықтап бекітіңіз.
26 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Ga4534Ga5034

Table of Contents