LG GC-B247 JEDV Owner's Manual page 55

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

kk_main.book.book Page 20 Thursday, February 20, 2020 1:48 PM
KK
20
Пайдалану
• Тағамды құрылғыда сақтамас бұрын мерзімі
аяқталу күні мен жапсырмасын (сақтау
нұсқаулары) қараңыз.
• Азық-түліктер төмен температурада оңай
бұзылатын болса, тағамды ұзақ мерзімге (4
аптадан көбірек) сақтамаңыз.
• Мұздатылған тағамды немесе қатырылған
тағамды сатып алған соң дереу
тоңазытқыштың немесе мұздатқыштың ішіне
салыңыз.
• Шикі ет пен балықты тоңазытқыштағы
үйлесімді камераларда олар басқа азық-
түліктерге тимейтіндей немесе оларға
ешнәрсе тамбайтындай етіп сақтаңыз.
• Мұздатылған азық-түліктерді және басқа
азық-түлік өнімдерін көкөністер тартпасының
жоғарғы жағында сақтауға болады.
• Толығымен еріп кеткен тағамды
мұздатпаңыз. Толығымен еріген тағамды
қайтадан мұздату оның дәмін және
құнарлылығын төмендетеді.
• Жабдыққа азық-түлікті толтырып салмаңыз.
Жабдық қатты толып тұрса, суық ауа ішінде
дұрыс айналмайды.
• Сақтамас бұрын ыстық тағамды суытып
алыңыз. Ішіне тым көп ыстық тағам қойылған
болса, құрылғының ішкі температурасының
артуы және құрылғыда сақталған басқа
тағамдарға кері әсер етуі мүмкін.
• Тағам үшін тым төмен температураны
орнататын болсаңыз, ол қатып қалуы мүмкін.
Бастапқы температурадан төмен
температураны орнатпаңыз.
• Егер құрылғыда мұздатқыш сөрелер болса,
көкөністер мен жеміс-жидектерді су күйінше
сол сөрелерге салмаңыз, себебі олар төмен
температурада үсіп кетуі мүмкін.
• Электр қуаты үзілген жағдайда, электр
компаниясына қоңырау шалып, қуаттың
қанша уақыт болмайтындығын сұраңыз.
- Қуат өшірулі кезде есікті көп аша беруге
болмайды.
- Қуат қалыпты деңгейде берілген кезде,
ішіндегі азық-түліктердің
бұзылмағандығын тексеріңіз.
Ең жоғарғы мұздату көлемі
• Express Freeze функциясы мұздатқышты
максималды мұздату мүмкіндігіне дейін
жеткізеді. Бұл әдетте 24 сағатқа дейін уақытты
алып, автоматты түрде өшеді.
• Балғын азық-түлікті мұздатқыш бөліміне
салмас бұрын, Express Freeze функциясын 2
сағат қосып қою керек.
• Ауа айналымының жақсырақ нәтижесін алу
үшін, жәшіктер, тартпалар және сөрелер
сияқты барлық ішкі бөліктерін салыңыз.
Азық-түлікті барынша көп
мұздату
Көп мөлшердегі азық сақталуы керек болса,
басқа барлық мұздатқыш тартпалары
құрылғыдан алынуы керек және азық тікелей
мұздатқыш бөліміндегі мұздатқыш сөрелеріне
қойылуы тиіс.
ЕСКЕРТУ
• Тартпаларды алу үшін алдымен
тартпалардағы азық-түлікті шығарыңыз,
содан кейін тартпаларды абайлап тартып
шығарыңыз. Әйтпесе, жарақат алып
қалуыңыз немесе тартпаларды
зақымдауыңыз мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ
• Әрбір тартпаның пішіні әртүрлі болуы мүмкін,
әрқайсысын өз орнына қойыңыз.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents