Пайдалану; Пайдалану Алдында - LG GC-B247 JEDV Owner's Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

kk_main.book.book Page 19 Thursday, February 20, 2020 1:48 PM
Пайдалану
Пайдалану алдында
Пайдалануға қатысты
ескертпелер
• Есік толық жабылмаса немесе жаз кезінде
ылғалдылық жоғары болса, мұздың түзілуі
мүмкін екендігін есте сақтауыңыз керек.
• Есіктің толық жабылуы үшін сөреде сақталған
тағаммен есік арасында жеткілікті бос орын
қалу керек.
• Есікті ұзақ уақытқа ашсаңыз, жабдықтың
камераларында температураның артуына
әкелуі мүмкін.
• Егер мұздату жабдығы ұзақ уақытқа бос қалса,
жабдықтың іші көгеріп кетпеу үшін оны
өшіріп, мұзын ерітіп, тазартып, құрғатыңыз
және есігін ашық қалдырыңыз.
Есік ашық дабылы
Егер есігі 1 минут бойы ашық қалса немесе
толық жабылмаса, 30 секунд сайын 3 рет
дыбыстық сигнал береді.
ЕСКЕРТПЕ
• Барлық есікті жапқаннан кейін 30 секунд
өткен соң, дыбыстық сигнал тоқтамаса, LG
Electronics тұтынушыларына арналған
ақпараттық орталыққа хабарласыңыз.
Ақаулықты анықтау
Құрылғы пайдалану кезінде ақаулықтарды
автоматты түрде анықтай алады.
ЕСКЕРТПЕ
• Ақаулық туындаса, құрылғы жұмыс істемейді
және түйме басылғаннан кейін де қате коды
көрсетіледі.
• Егер дисплейде қате коды көрсетілсе, қуатты
өшірмеңіз. LG Electronics тұтынушыларына
арналған ақпараттық орталыққа дереу
хабарласып, қате кодын айтыңыз. Егер қуатты
өшіріп тастасаңыз, ақпараттық орталықтағы
жөндеу жөніндегі техник маман мәселені
анықтауда қиындыққа тап болады.
Қуат үнемдеуге қатысты
ұсыныс
• Сақталған тағамдар арасында жеткілікті бос
орын болуын қамтамасыз етіңіз. Бұл ауаның
тегіс айналуына мүмкіндік береді және электр
энергиясын тұтыну шоттарын азайтады.
• Буланудың немесе қатып қалудың алдын алу
үшін ыстық тағамды салқындатып барып
салыңыз.
• Мұздатқыш ішінде тағамды сақтаған кезде,
тоңазытқыш температурасын азықта
көрсетілген температурадан төмен етіп
орнатыңыз.
• Құрылғының температурасын қажетті
температурадан төмен орнатпаңыз.
• Тағамды тоңазытқыштың температура
датчигінің жанына қоймаңыз. Датчиктен
кемінде 3 см қашықтық қалдырыңыз.
• Құрылғының техникалық сипаттамаларында
рұқсат етілген ауқымда мұзы ерітілген соң,
температураны көтеру қажеттігін ескеріңіз.
Температураның көтерілуіне байланысты
тағамды сақтауға ықпалды азайтуды
қаласаңыз, сақталған тағамды бірнеше
қабатқа нығыздап салыңыз немесе ораңыз.
• Құрылғының автоматты мұздату жүйесі
қалыпты жұмыс істеу режимінде оның
сөрелеріне мұздың жиналмауын қамтамасыз
етеді.
Тағамдарды тиімді түрде
сақтау
• Мұздатылған тағамды немесе қатырылған
тағамды жабық контейнерлерде сақтаңыз.
Пайдалану
19
KK

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents