Download Print this page

Makita DMR110N Instruction Manual page 76

Job site radio
Hide thumbs Also See for DMR110N:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Өніммен бірге берілген АТ қуат
адаптерін пайдалану (9 -сур.)
Резеңке протекторды алыңыз және адаптер ашасын
радионың алдыңғы жағындағы DC IN ұяшығына
қосыңыз.
Адаптерді стандартты желілік розеткаға қосыңыз.
Адаптерді пайдаланған кезде батарея блогы
автоматты түрде ажырайды.
Пайдаланылмайтын айнымалы ток адаптерін негізгі
қуат көзінен ажырату керек.
ПАЙДАЛАНУ
Бұл радионың үш күйге келтіру әдісі бар – Сканерлеп
күйге келтіру, Қолмен күйге келтіру және Бұрынғы
баптауды жадтан шығару.
Станцияны таңдау – DAB (цифрлық
радио тарату)
1. Радионы қосу үшін Қосу түймесін басыңыз.
2. Диапазон таңдау түймесін басу арқылы DAB
режимін таңдаңыз.
3. Кеңейтілген баптаулар түймесін басып, Дыбыс/
Күйге келтіруді бақылау/Таңдау тетігін экранда
«Station List» (станциялар тізімі) жазуы жыпылықтап
шыққанша бұраңыз. Станциялар тізімін енгізу
үшін Дыбыс/Күйге келтіруді бақылау/Таңдау тетігін
басыңыз.
4. Бар станциялар тізімін қарап шығу үшін Дыбыс/
Күйге келтіруді бақылау/Таңдау тетігін басыңыз.
Станцияны таңдау үшін тетікті басыңыз.
5. Дыбыс/Күйге келтіруді бақылау/Таңдау тетігін бұрап,
қажетті дыбыс деңгейін реттеңіз.
Дисплей режимдері – DAB
Радиоңыздың DAB режимінде бірнеше дисплей
нұсқасы бар.
Ақпарат түймесін басып, төмендегі (a. – g.) әріптерімен
көрсетілген әртүрлі нұсқаларды қарап шығыңыз.
a. Station name
b. Program type
c. Multiplex name
d. Time & date
e. Frequency and
channel
Тыңдалып жатқан станцияның
атауын көрсетеді.
Тыңдалып жатқан станцияның
түрін көрсетеді. Мыс. поп,
классика, жаңалықтар, т.б.
Қазіргі станция жататын DAB
мультиплекс атауын көрсетеді.
Қазіргі уақыт пен күнді көрсетеді.
Қазір күйге келтірілген DAB
станциясының жиілігі мен арна
нөмірін көрсетеді.
f. Bit rate/Audio type
g. Signal strength
Жаңа станцияларды табу – DAB
Кейде жаңа DAB радио станциялары қол жетімді болуы
мүмкін. Немесе сіз елдің басқа жағына көшуіңіз мүмкін.
Мұндай жағдайда радиоңыздың жаңа станцияларды
сканерлеуін қосуыңыз қажет болуы мүмкін.
Радио қол жетімді станцияларды табуы үшін, барлық
DAB III диапазонындағы жиіліктерді сканерлеген
дұрыс.
1. Автоматты реттеу түймесін басыңыз.
2. Радиоңыз DAB жиіліктерін толық сканерлеуді
орындайды. Жаңа станциялар табылғанда,
дисплейдегі сол жақтағы станциялар есептегіші
артады және станциялар тізімге қосылады.
Қолмен күйге келтіру – DAB
Қолмен күйге келтіру радионы III диапазондағы
белгілі бір DAB жиілігіне баптауға мүмкіндік береді.
Бұл функция антеннаны немесе радионы белгілі бір
арнаны немесе жиілікті қабылдауын оңтайландыру
үшін орналастыруға көмектеседі.
1. Кеңейтілген баптаулар түймесін басып, Дыбыс/Күйге
келтіруді бақылау/Таңдау тетігін экранда «Manual
Tune» (қолмен күйге келтіру) жазуы шыққанша
бұраңыз. Қолмен күйге келтіру режимін енгізу
үшін Дыбыс/Күйге келтіруді бақылау/Таңдау тетігін
басыңыз.
2. Қажетті DAB арнасын таңдау үшін Дыбыс/Күйге
келтіруді бақылау/Таңдау тетігін басыңыз. Таңдалған
жиілікті растау үшін Дыбыс/Күйге келтіруді бақылау/
Таңдау тетігін басыңыз.
Станциялар ретін баптау – DAB
Сіздің радиоңыздың 3 станция ретін баптауы бар,
солардың арасынан таңдауға болады. Станциялар
ретін әріптік-сандық, жинақталған және жұмыс істейтін
станциялар бойынша реттеуге болады.
1. Кеңейтілген баптаулар түймесін басыңыз.
2. Дыбыс/Күйге келтіруді бақылау/Таңдау тетігін
дисплейде «Station Order» (станция реті) жазуы
шыққанша бұраңыз, содан кейін баптауды енгізу
үшін Дыбыс/Күйге келтіруді бақылау/Таңдау тетігін
басыңыз.
3. Төмендегі опцияларды таңдау үшін Дыбыс/Күйге
келтіруді бақылау/Таңдау тетігін бұраңыз, содан
кейін баптауды растау үшін тетікті басыңыз.
76 Қазақ тілінде
Қазір күйге келтірілген DAB
станциясының цифрлық аудио
бит жылдамдығын және аудио
түрін көрсетеді.
Қазір күйге келтірілген DAB
станциясының сигнал күшін
көрсетеді.

Advertisement

loading