Philips sonicare 9900 Prestige Manual page 555

Hide thumbs Also See for sonicare 9900 Prestige:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Кіріспе
Маңызды қауіпсіздік ақпараты - Қосымша пайдалану
құжаттамасын
Ескертулер
Жаңа Philips Sonicare қуатты тіс щеткаңыз құтты
болсын! Тіс өңезін жақсы кетіру, тісті ағарту және
қызыл иекті сау қалпында ұстау нәтижелеріне қол
жеткізесіз. Sonicare жұмсақ дыбыстық технологиясы
мен клиникалық түрде әзірленіп дәлелденген
мүмкіндіктер тіркесімен пайдалану арқылы кез келген
уақытта ең үздік тазалыққа қол жеткізгеніңізге сенімді
бола аласыз.
Қосымша қолдау мен өнімді тіркеу қызметтері келесі
торапта қолжетімді: www.philips.com/Prestige-Get-
Started
Philips Sonicare отбасына қош келдіңіз!
Өнімді тек арнайы мақсатына пайдаланыңыз. Өнімді
және оның батареялары мен аксессуарларын
қолданбас бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият
оқып шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап
қойыңыз. Дұрыс пайдаланбау қауіптерге немесе ауыр
жарақаттарға әкелуі мүмкін.
-
Зарядтағышты судан алшақ ұстаңыз.
-
Тазалаудан кейін қабырға розеткасына қоспай
тұрып, зарядтағыш толығымен құрғақ екенін
тексеріңіз.
-
Бұл құрылғыны қауіпсіз пайдалану жөніндегі
нұсқаулар беріліп, басқа біреу қадағалаған және
құралды пайдалануға қатысты қауіп-қатерлер
түсіндірілген жағдайда, осы құралды балалар және
физикалық мүмкіндігі мен ойлау, сезу қабілеті
шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз адамдар
пайдалана алады. Тазалау мен пайдаланушыға
техникалық қызмет көрсету қызметтерін
бақылаусыз балаларға орындауға болмайды.
-
Балалар құрылғымен ойнамауы керек.
555
Қазақша

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents