Makita M0920 Instruction Manual page 20

Hide thumbs Also See for M0920:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралдың жұмысын реттемес және
тексермес бұрын, әрдайым құралдың өшірулі
екендігіне және ажыратылғандығына көз
жеткізіңіз.
Білік құлпы
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Шпиндель қозғалып тұрғанда, білік құлпын
іске қосуға болмайды. Құралға зақым келуі
мүмкін.
► Сурет1: 1. Білік құлпы
Керек-жарақтарды орнату немесе алу кезінде
шпиндель айналмас үшін білік құлпын басыңыз.
Ауыстырып-қосқыштың әрекеті
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралды қоспас бұрын, әрдайым ауыстырып-
қосқыш шүріппесінің дұрыс жұмыс істеп
тұрғанына және босатылған кезде "ӨШІРУЛІ"
күйіне қайтарылатынына әрқашан көз
жеткізіп тұрыңыз.
► Сурет2: 1. Құлыптау түймесі 2. Ауыстырып-
қосқыш шүріппесі
Құлыптау түймесі бар құрал үшін
Ұзақ пайдалану кезінде оператордың ыңғайлылығы
үшін ауыстырып-қосқыш "ҚОСУЛЫ" күйінде
құлыптала алады. Құралдың "ҚОСУЛЫ" күйінде
құлыпталуы кезінде сақтық танытыңыз және
құралдан қатты ұстаңыз.
Құралды іске қосу үшін жай ғана ауыстырып-қосқыш
шүріппесін басыңыз. Тоқтату үшін ауыстырып-
қосқыш шүріппесін жіберіңіз.
Үздіксіз жұмыс істеу үшін ауыстырып-қосқыш
шүріппесін тартып, құлыптау түймесін басыңыз да,
ауыстырып-қосқыш шүріппесін жіберіңіз.
Құралды құлыптаулы күйден шығару үшін
ауыстырып-қосқышты толығымен тартыңыз да,
жіберіңіз.
ҚҰРАСТЫРУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралмен жұмыс істемес бұрын, әрдайым
құралдың өшірулі екендігіне және
ажыратылғандығына көз жеткізіңіз.
Бүйірлік тұтқаны (сап) орнату
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Жұмысқа кіріспес бұрын, бүйірлік тұтқаның
мықтап орнатылғанына көз жеткізіңіз.
► Сурет3
Суретте көрсетілгендей, бүйірлік тұтқаны құралға
нықтап бекітіңіз.
Дөңгелек сақтандырғышын
орнату немесе алу (ортасы ойық
дөңгелек/көпфункциялы диск
үшін)
ЕСКЕРТУ:
Ортасы ойық ажарлау дөңгелегін/
көпфункциялы дискіні пайдаланған кезде,
дөңгелек сақтандырғышының жабық жағы
әрқашан операторға бағытталып тұратындай
оны құралға орнату керек.
► Сурет4: 1. Дөңгелек сақтандырғышы 2. Бұранда
3. Мойынтірек қорабы
Дөңгелек сақтандырғышы жолағындағы дөңес жерді
мойынтірек қорабындағы ойықпен туралап, дөңгелек
сақтандырғышын орнатыңыз.
Одан кейін дөңгелек сақтандырғышты орындалатын
жұмысқа сәйкес операторды қорғауға болатындай
тиісті бұрышқа бұрыңыз. Бұранданы берік
бекіткеніңізге көз жеткізіңіз.
Дөңгелек сақтандырғышын алып тастау үшін орнату
процедурасын керісінше орындаңыз.
Ортасы ойық ажарлау дөңгелегін/
көпфункциялы дискіні
орнату немесе алу (қосымша
керек-жарақ)
► Сурет5: 1. Тоқтатқыш сомын 2. Ортасы ойық
ажарлағыш дөңгелек/көпфункциялы
диск 3. Ішкі фланец
Ішкі фланецті шпиндельге орнатыңыз. Дөңгелекті/
дискіні ішкі фланецке орнатып, тоқтатқыш сомынды
шпиндельге бұрап бекітіңіз.
► Сурет6: 1. Тоқтатқыш сомын кілті 2. Білік құлпы
Тоқтатқыш сомынды бекіту үшін шпиндель айнала
алмайтындай білік құлпын мықтап басыңыз, содан
кейін тоқтатқыш сомын кілтін қолданып, сағат
тілімен бұрап бекітіңіз.
Дөңгелекті алып тастау үшін орнату процедурасын
керісінше орындаңыз.
20 ҚАЗАҚША

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

M0921

Table of Contents