Makita M0920 Instruction Manual page 19

Hide thumbs Also See for M0920:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

b) Айналатын керек-жарақтың жанына
қолыңызды ешқашан қоймаңыз. Керек-жарақ
қолыңызға кері соққы беруі мүмкін.
c) Кері соққы орын алғанда, электр құралы
жылжуы мүмкін аймақта тұрмаңыз. Кері
соққы құралды іліну нүктесіндегі дөңгелек
қозғалысына қарсы бағытта итереді.
d) Бұрыштарды, өткір шеттерді және т. б.
өңдеген кезде аса сақ болыңыз. Керек-
жарақтардың ұшып кетуіне және ілініп
қалуына жол бермеңіз. Бұрыштар, өткір
шеттер немесе ұшатын бөлшектер айналатын
керек-жарақты ұстап қалғанда, басқару
мүмкіндігі жоғалады немесе кері соғылады.
e) Ара шынжырының ағаш кесетін жүзін
және тісті ара жүзін бекітпеңіз. Мұндай
жүздер кері соққыны жиі тудырып, құралды
басқаруды қиындатады.
Ажарлау жұмыстарына арналған арнайы
қауіпсіздік бойынша ескертулер:
a) Тек электр құралына арналған дөңгелек
түрлерін және таңдалған дөңгелектерге сай
арнайы сақтандырғышты пайдаланыңыз.
Дөңгелектерге арналмаған электр құралын
тиісті түрде қорғау мүмкін емес және олар
қауіпсіз болмайды.
b) Ортасы ойық дөңгелектердің
ажарлау беті сақтандырғыш тұмсығы
жазықтығының төменгі бөлігінде бекітілуі
тиіс. Сақтандырғыш тұмсығының жазықтығы
арқылы өтетін дұрыс орнатылмаған дөңгелек
тиісті түрде қорғалмайды.
c) Сақтандырғыш операторға дөңгелектің
аз бөлігі ғана бағытталатындай етіп электр
құралына берік бекітіліп, максималды түрде
қауіпсіз орнатылуы тиіс. Сақтандырғыш
операторды дөңгелек сынықтарынан, дөңгелектің
кездейсоқ тиіп кетуінен және киімді тұтандыруы
мүмкін ұшқындардан қорғауға көмектеседі.
d) Дөңгелектер тек ұсынылған мақсаттарда
пайдаланылуы тиіс. Мысалы: кескіш
дөңгелегінің бүйірімен ажарламаңыз. Ысып
кескіш дөңгелектер перифериялық ажарлауға
арналған, бұл дөңгелектерге қолданылған
бүйірлік күш олардың сынуына әкелуі мүмкін.
е) Таңдалған дөңгелек үшін әрқашан
өлшемі мен пішіні дұрыс, зақымдалмаған
дөңгелек фланецтерін пайдаланыңыз.
Тиісті дөңгелек фланецтері дөңгелекке сыну
мүмкіндігін азайта отырып, қолдау көрсетеді.
Кескіш дөңгелектердің фланецтері ажарлағыш
дөңгелектің фланецтерінен ерекшеленуі мүмкін.
f) Үлкен электр құралдарындағы ескірген
дөңгелектерді пайдаланбаңыз. Үлкен электр
құралына арналған дөңгелек кіші құралдың
жоғары жылдамдығына сай келмей, сынуы
мүмкін.
Қауіпсіздік бойынша қосымша ескертулер:
17. Ортасы ойық ажарлау дөңгелектерін
пайдаланған кезде, тек шыны талшықпен
армирленген дөңгелектерді пайдаланыңыз.
18. Бұл ажарлағышпен тас қақпақшалы
дөңгелектерді ЕШҚАШАН
ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Бұл ажарлағыш машина
осы дөңгелек түрлеріне арналмаған және
мұндай өнімді пайдалану ауыр жарақатқа
әкелуі мүмкін.
19. Шпиндельді, фланецті (әсіресе
орнатылатын бетті) немесе тоқтатқыш
сомынды зақымдап алмас үшін абайлаңыз.
Бұл бөлшектердің зақымдалуы дөңгелектің
бұзылуына әкелуі мүмкін.
20. Ауыстырып-қосқышты іске қоспас
бұрын, дөңгелектің өңдеу бөлшегіне тиіп
тұрмағандығына көз жеткізіңіз.
21. Құралды нақты өңдеу бөлшегіне қолданбас
бұрын, біраз уақыт іске қосылуына
мүмкіндік беріңіз. Дөңгелектің бос
орнатылған немесе дұрыс теңестірілмегенін
білдіретін дірілін немесе шайқалуын
қадағалаңыз.
22. Ажарлау үшін арнайы дөңгелек бетін
пайдаланыңыз.
23. Құралды қосулы күйде қалдырмаңыз.
Құралды тек қолмен ұстап пайдаланыңыз.
24. Өңдеу бөлшегін пайдаланғаннан кейін
бірден ұстауға болмайды. Ол өте ыстық
болып, теріні күйдіруі мүмкін.
25. Дөңгелектерді дұрыс орнату және
пайдалану үшін өндіруші нұсқауларын
орындаңыз. Дөңгелектерді абайлап ұстаңыз
және сақтаңыз.
26. Ірі ысқыш дөңгелектерді бейімдеу үшін
бөлек өтпелі төлкелер не адаптерлерді
пайдаланбаңыз.
27. Осы құралға арналған фланецтерді ғана
пайдаланыңыз.
28. Ойылған саңылаулы дөңгелекпен
жабдықталған құралдар бойынша,
шпиндель ұзындығы сәйкес келуі үшін
дөңгелектегі ойықтың ұзындығы жеткілікті
екеніне көз жеткізіңіз.
29. Өңдеу бөлшегінің дұрыс бекітілгеніне көз
жеткізіңіз.
30. Құралды өшіргеннен кейін, дөңгелектің әрі
қарай айналатынына назар аударыңыз.
31. Егер жұмыс орны өте ыстық және
ылғалды болса немесе ток өткізгіш шаңмен
тым қатты ластанған болса, оператор
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қысқа
тұйықталуды ажыратқышты (30 мА)
пайдаланыңыз.
32. Құралды құрамында асбест бар
материалдарға қолданбаңыз.
33. Жұмыс кезінде матадан жасалған қолғапты
пайдаланбаңыз. Қолғап матасының
талшықтары құралға түсіп, оның бұзылуына
себеп болады.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАҢЫЗ.
ЕСКЕРТУ: Өнімді қайта пайдалану
барысында САЛҒЫРТТЫҚ ТАНЫТПАЙ,
қауіпсіздік ережелерін ұстаныңыз.
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
келтірілген қауіпсіздік ережелерін
ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАУ немесе
орындамау ауыр жарақаттарға әкеп
соқтыруы мүмкін.
19 ҚАЗАҚША

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

M0921

Table of Contents