Bosch Professional GHO 18V-LI Original Instructions Manual page 132

Hide thumbs Also See for Professional GHO 18V-LI:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 12
132 | Қазақ
кескіш қыры өтпейтін болса, жонғы пышағын (16)
алмастыру қажет. HM/TC жонғы пышағын қайрауға
болмайды.
Жонғы пышағын алып тастау (B суретін қараңыз)
Жонғы пышағын (16) аудару немесе алмастыру үшін
пышақ бастиегін (13) жонғы табандығына (10) параллель
болғанша айналдырыңыз.
➊ 2 бекіткіш бұранданы (15) алты қырлы дөңбек
кілтпен (12) шамамен 1−2 айналымға бұрап
босатыңыз.
➋ Қажет болса, қысқыш элементті (14) ағаш сынасы
сияқты арнайы құралмен кішкене қағу арқылы
босатыңыз.
➌ Ағаш құралмен жонғы пышағын (16) бүйірінен
пышақ бастиегінен (13) итеріп шығарыңыз.
Жонғы пышағын орнату (C суретін қараңыз)
Жонғы пышағын бағыттау ойығы арқылы алмастыру
немесе аудару кезінде бірдей биіктік қамтамасыз етіледі.
Қажет болса, қысқыш элементтегі (14) пышақ орнын
және жонғы пышағын (16) тазалаңыз.
Жонғы пышағын орнату кезінде оның қысқыш элементтің
(14) бекіту бағыттауышында кедергісіз тұрғанына және
артқы жонғы табандығының (10) шеткі қырына
бағытталғанына көз жеткізіңіз. Содан кейін 2 бекіткіш
бұранданы (15) алты қырлы дөңбек кілтпен (12)
тартыңыз.
Нұсқау: қолданысқа енгізу алдында бекіту
бұрандаларының (15) берік бекітілгенін тексеріп
шығыңыз. Пышақ бастиегін (13) қолмен айналдырып,
жонғы пышағының еш жерде шығып тұрмағанына көз
жеткізіңіз.
Шаңды/жоңқаны сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
1 609 92A 5TN | (23.06.2020)
Жоңқа шығатын жерді (1) жүйелі түрде тазалаңыз.
Бітелген жоңқа шығатын жерді тазалау үшін тиісті
құралды пайдаланыңыз, мысалы ағаш, қысылған ауа т.б.
Шығарылған жоңқаларды қолмен алмаңыз.
u
Айналатын бөлшектерден жарақат алуыңыз мүмкін.
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін бөлек сорғыш
құралын немесе шаң‑/жоңқа қабын пайдаланыңыз.
Сыртқы сорғыш (D суретін қараңыз)
Жоңқа шығатын жердің екі жағында сорғыш шлангын
(Ø 35 мм) (17) (керек-жарақтар) орнатуға болады.
Сорғыш шлангты (17) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-
жарақтар). Осы нұсқаулық соңында түрлі
шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Өзіндік сору (D суретін қараңыз)
Кіші жұмыстарда шаң/жоңқа қабын (керек-жарақтар)
(18) қосуға болады. Шаң қабының бекіткіштерін
жоңқаларды шығаруға арналған келте құбырға салыңыз
(1). Шаң/жоңқа қабын (18) өз уақытта босатып,
шаңсоруды оптималды ретте сақтайсыз.
Реттелетін жоңқа шығуы
Ауыстыру тұтқышымен (4) жоңқа шығатын жерді (1) оңға
немесе солға ауыстыру мүмкін. Ауыстыру тұтқышын (4)
әрдайым соңғы күйде тірелгенше басыңыз. Таңдалған
жоңқа шығу бағытын ауыстыру тұтқышындағы (4)
көрсеткі арқылы көрсетіледі.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Зарядталған аккумуляторды (7) аккумулятор қысқышына
шерту дыбысымен тірелгенше және дұрыс жатқанша
енгізіңіз.
Қосу/өшіру
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын іске қосу үшін алдымен іске қосылудан
қорғайтын құлыпты (5) басып, содан кейін
ажыратқышты (6) басып тұрыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (6) жіберіңіз.
Нұсқау: қауіпсіздік тұрғысынан ажыратқышты (6) бекітіп
қоюға болмайды, оны жұмыс істеу кезінде тұрақты түрде
басып тұру қажет.
Жүріс тежегіші
Кіріктірірлген жүріс тежегіші электр құралы өшкеннен
кейін пышақ білігінің тоқтап қалу уақытын қысқартады.
Жоңқалау тереңдігін реттеу
Айналмалы реттегіштің (2) көмегімен кесу тереңдігін 0–
1,6 мм шамасынан бастап кесу тереңдігінің шкаласы (3)
бойынша сатысыз реттеуге болады.
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Gho 18v-li professional

Table of Contents