Whirlpool W84TE 72 M Instructions For Use Manual page 113

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 21
Drink cool mode (Сусын салқындату режимі)
Бұл қалай қолданылады?
• Бұл режим реттелген уақыт ішінде сусындарды салқындату үшін қолданылады.
Бұл режим жүріп жатқанда:
• Мұздатқыш батырмасын 5 секунд басып тұрыңыз.
• Мұздатқыштың мәнін орнату экранында арнайы анимация көрсетіле бастап,
• салқындатқыштың мәнін орнату экранында 05 жыпылықтайды.
• Уақытты орнату үшін (05 - 10 - 15 - 20 - 25 - 30 минут), салқындатқыш батырмасын
басыңыз.
• Уақытты таңдап болған соң, сандар экранда 3 рет жыпылықтап, дыбыстық белгі беріледі.
• Егер 2 секунд ішінде ешқандай батырма басылмаса, уақыт орнатылады.
• Кері санақ орнатылған уақыттан бастап әр минут сайын жүреді.
• Қалған уақыт экранда жыпылықтап тұрады.
• Бұл режимді болдырмау үшін, мұздатқышты баптау батырмасын 3 секунд басып тұрыңыз.
Function of Child lock (Балалардан құлыптау функциясы)
Бұл қалай қолданылады?
• Балалардың батырмалармен ойнап, сіз орнатқан баптауларды өзгертіп тастамауы үшін,
құрылғыда балалардан қорғау құлпы орнатылған.
Activating Child Lock (Балалардан құлыптауды қосу)
• Freezer (Мұздатқыш) және Cooler (Салқындатқыш) батырмаларын қатар 5 секунд басып
тұрыңыз.
Бұл режим жүріп жатқанда:
• Freezer (Мұздатқыш) және Cooler (Салқындатқыш) батырмаларын қатар 5 секунд басып
тұрыңыз.
Ескертпе: Сондай-ақ, электр қуаты өшіп қалса немесе тоңазытқыш өшіп қалса, балалардан
қорғау құлпы да өшіп қалады.
Screen saver mode (Бетбасы режимі)
Қалай қолданылады?
• Бұл режимді қосу үшін, режимдер батырмасын 5 секунд басып тұрыңыз.
• Егер режим қосулы тұрғанда 5 секунд ішінде ешқандай батырма басылмаса, басқару
панелінің индикаторлары өшеді.
• Егер басқару панелінің индикаторлары өшкенде кез келген батырманы бассаңыз, экранда
ағымдағы баптаулар пайда болады, содан соң оларды қалауыңыз бойынша реттей
аласыз. Егер сіз бетбасы режимін жойып, 5 секунд ішінде қандай да бір батырманы
баспасаңыз, басқару панелі қайтадан өшіп қалады.
• Бетбасы режимін жою үшін, режим батырмасын қайтадан 5 секунд басып тұрыңыз.
• Бетбасы режимі қосулы болғанда балалардан қорғау құлпын да іске қосуға болады.
• Егер балалардан қорғау құлпы іске қосылғаннан кейін 5 секунд ішінде ешқандай батырма
басылмаса, басқару панелінің индикаторлары өшеді. Кез келген батырманы бассаңыз,
соңғы орнатылған параметрлер мен режимдерді көресіз. Басқару панелінің шамы
қосулы тұрғанда, балалардан қорғау құлпын тиісті режим нұсқаулығында көрсетілгендей
жоюыңызға болады.
Ашық есік дабылы функциясы
Егер мұздатқыштың немесе салқындатқыштың есігі 2 минуттан аса уақыт ашық қалса, құрылғы дыбыстық
белгі береді.
Салқындатқыш температурасының баптаулары
• Салқындатқышты баптау индикаторына арналған температураның бастапқы мәні +4 °C-
ты құрайды.
• Салқындатқыш батырмасын бір рет басыңыз.
• Бұл батырманы бірінші рет басқаныңызда, салқындатқышты баптау индикаторында соңғы
орнатылған мән көрсетіледі.
• Бұл батырманы әр басқаныңыз сайын, төмен температура орнатылады. (+8°C, +6°C,
+5°C, +4°C, +2°C, қатты салқындату)
• Қатты салқындату таңбасы пайда болғанша салқындатқышты баптау батырмасын
бассаңыз және 1 секунд ішінде ешқандай батырманы баспасаңыз, Super Cool (Қатты
салқындату) жыпылықтай бастайды.
• Әрі қарай батырманы баса берсеңіз, ол қайтадан +8°C-тан басталады.
KK - 113

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents