Whirlpool W84TE 72 M Instructions For Use Manual page 116

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 21
Азық-түліктерді тоңазытқыштың ең суық бөлігіне қою
Азық-түліктерді тиісті салқындату бөліміне салатын болсаңыз, олар жақсы
сақталады. Ең суық бөлім дәл контейнердің үстінде орналасқан.
Бұл бөлімдегі температура тиісінше төмен болу үшін, сөренің суретте көрсетілген
таңба деңгейінде орналастырылғанына көз жеткізіңіз.
Температура индикаторы(Кей үлгілерде)
Тоңазытқышыңызды дұрыс орнатуда сізге көмек болсын деп, біз оны ең суық бөлімде
орналасқан темперура индикаторымен жабдықтадық.
Ең суық бөлімнің температурасының сәйкестігін оп-оңай тексеріп алуыңызға болады:
индикаторда "OK" деген жазу көрсетілсе, бұл термостаттың дұрыс орналасқандығын
және іштегі температураның дұрыс екендігін білдіреді.
"OK" жазуы қара түспен көрсетілетіндіктен, температура индикаторы дұрыс жанбай
тұрса, бұл индикацияны көру қиынға соғады. Сондықтан аталған индикация дұрыс
көріну үшін, жарық жақсы түсіп тұру керек.
Егер "OK" таңбасы шықпаса, демек бұл температураның тым жоғары екендігін білдіреді: Содан
соң термостат баптауларын өзгертіп, температураны қайтадан визуалды түрде тексермес бұрын
12 сағат күте тұруыңыз қажет болады.
ЕСКЕРТПЕ: Есікті қайта-қайта ашқаннан кейін (немесе ұзақ уақыт ашық қалса) немесе
тоңазытқыш ішіне балғын өнімдер салғаннан кейін температура орнату индикаторында "OK"
таңбасының шықпауы - қалыпты жағдай. Егер тоңазытқыш бөлімінің буландырғышында
(құрылғының төменгі қабырғасында) әдеттен тыс мұз кристалдары пайда болса (құрылғыға
шамадан тыс жүктеме түскенде, бөлме температурасы тым жоғары болғанда, есік жиі ашыла
бергенде), компрессорды өшіру кезеңдері қайта орнатылмайынша температура орнату
құрылғысын төменірек орналастыра тұрыңыз.
Ең суық бөлімнің үстіңгі шегі жапсырманың төменгі жағымен (бағыттауыштың бас жағы)
белгіленген. Ең суық бөлімнің үстіңгі сөресі бағыттауыштың бас жағымен
бір деңгейде тұру керек. Ең суық бөлім осы деңгейден төмен орналасқан.
Бұл сөрелер алмалы-салмалы болғандықтан, сол аймақтағы
температураны тиісінше қамтамасыз ету үшін, сөрелердің жапсырмада
көрсетілген шамадағы шектермен бір деңгейде тұрғандығына көз
жеткізіңіз.
Әр тағам түрінің тек өзіне тән сақтау температурасы мен орналастыру
орны болады.
Орналастыратын
орындар
Үстіңгі сөрелер
Ең суық бөлім
Контейнер
Есіктің жақтауы
Өнімдер
Пісірілген тағамдар, десерттер мен барынша тез желінуі тиіс тағамдар
Ет, тауық, жабайы құс және шикі балықты максималды сақтау уақыты:
1-2 күн. Балғын жемістер, пісірілген шошқа еті.
Балғын көкөністер мен жемістер.
Есік сөрелерінің төменгі және үстіңгі жақтарында бөтелкелер мен
қолданылып жатқан өнімдер, мәселен йогурт, кілегейлер және т.б.
сақталуы керек.
Май, піскен ірімшік пен жұмыртқаны тиісті ұстағыштарға салу керек.
KK - 116
OK

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents