Bosch Professional GSB 20-2 Original Instructions Manual page 127

Heavy duty
Hide thumbs Also See for Professional GSB 20-2:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 11
өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен
салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы
тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.
Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр
құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр
құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы
аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса
дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл
бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды
қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу
үшін құрал өшірілген және қосылған болып
пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл
дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жинау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Қосалқы тұтқа (A суретін қараңыз)
Электр құралыңызды тек қосалқы тұтқамен бірге
u
пайдаланыңыз (8).
Қауіпсіз және шаршатпайтын жұмыс қалпына қол жеткізу
үшін қосалқы тұтқаны (8) 12 күйге реттеуге болады.
Қосалқы тұтқаның (8) төменгі бөлігін ➊ бұрау бағытында
бұрап, қосалқы тұтқаны (8) қажетті күйге қайыруға
болатындай етіп алға жылжытыңыз. Содан кейін қосалқы
тұтқаны (8) қайта кері тартып, төменгі бөлігін ➋
бағытында қайта бұрап бекітіңіз.
Бұрғылау тереңдігін реттеу (A суретін қараңыз)
Тереңдік шектегішімен қажетті бұрғылау тереңдігін X
реттеуге болады.
Қосымша тұтқаның (8) астыңғы бөлігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, тереңдік шектегішін (9)
орнатыңыз.
Тереңдік шектегішін бұрғы ұшымен тереңдік шектегіші
ұшының аралығы қажетті бұрғылау тереңдігіне X тең
болғанша тартыңыз.
Содан кейін қосымша тұтқаның (8) астыңғы бөлігін сағат
тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.
Тереңдік шектегішінің (9) бұдыр жағы төмен қарап тұруы
қажет.
Жұмыс құралын ауыстыру
Аспап алмастыру кезінде қорғау қолғабын киіңіз.
u
Бұрғы патроны ұзақ уақытты жұмыс әдістерінде қатты
қызып кетуі мүмкін.
Тез қысатын бұрғылау патроны (B суретін қараңыз)
Ажыратқыш (6) басылмаған кезде бұрғылау шпинделі
бекітіледі. Бұл бұрғы патронында алмалы-салмалы
Bosch Power Tools
аспапты жылдам, оңай және жай алмастыруға мүмкіндік
береді.
Жылдам тартылатын бұрғылау патронын (1) айналу
бағытында ➊ бұрау арқылы аспап орнатылғаныша
ашыңыз. Аспапты орнатыңыз.
Тез қысу патронының (1) гильзасын қолмен ➋ бағытында
сартылдаған дыбыс кеткенше бұраңыз. Бұрғылау
патроны автоматты түрде бекітіледі.
Бұғаттау алдыңғы гильзаны қарама-қарсы бағытта
айналдырғанда алынады.
Тісті тоғыны бар бұрғылау патроны (C суретін
қараңыз)
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын құрал енгізілгенше
бұрап ашыңыз. Құралды енгізіңіз.
Бұрғылау патронының кілтін тісті тоғыны бар бұрғылау
патронының тиісті саңылауларына енгізіп, құралды
біркелкі етіп қысыңыз.
Бұрап бекіту құралдары (D суретін қараңыз)
Қондырма биталарды (13) пайдаланғанда әрқашан
әмбебап ұстағышты (14) пайдаланыңыз. Тек шуруп
басына жарайтын қондырма биталарды пайдаланыңыз.
Бұрап бекіту үшін "Бұрғылау/перфораторлық бұрғылау"
ауыстырып-қосқышын (2) әрдайым "Бұрғылау" белгісіне
орнатыңыз.
Бұрғылау патронын ауыстыру
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Бұрғылау патронын бөлшектеу (E суретін қараңыз)
Қосалқы тұтқаны бөлшектеп, беріліс ауыстырып-
қосқышын (7) орта күйге 1-ші мен 2-ші беріліс арасында
орнатыңыз.
Шамамен 50 мм ұзындығымен Ø 4 м болат штифтіні
шпиндель мойнының ойығына салып бұрғы шпинделін
бекітіңіз. Ішкі алты қырлы гайка кілтін (15) қысқа
тұтқамен алға, тез қысатын бұрғылау патронына (1)
қысыңыз.
Электр құралын тұрақты негізге, мысалы верстакқа
қойыңыз. Электр құралын нық ұстап тұрып, тез қысатын
бұрғылау патронын (1) ішкі алты қырлы гайка кілтін (15)
айналу бағытымен ➊ бұрау арқылы босатыңыз. Берік
орнатылған тез қысатын бұрғылау патроны азғантай
соққымен ішкі алты қырлы гайка кілтінің (15) ұзын
ілгегінде босатылады. Алты қырлы дөңгелек кілтті тез
қысатын бұрғылау патронынан шығарып, тез қысатын
бұрғылау патронын толық бұрап шығарыңыз.
Бұрғылау патронын орнату (F суретін қараңыз)
Жылдам қысқыш/тісті тоғыны бар бұрғылау патронын
орнату әрекеті кері реттілікпен орындалады.
Бұрғылау патронын шамамен 50–55 Нм
тарту моментімен бекемдеу қажет.
Бұрғылау патронын орнатудан соң болат штифтын
u
ойықтан қайта шығарыңыз.
Қазақ | 127
1 609 92A 55U | (18.11.2019)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Gsb 20-2 professional

Table of Contents