Bosch Professional GCM 18V-216 Original Instructions Manual page 277

Hide thumbs Also See for Professional GCM 18V-216:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 26
– Қажет болса, қалаулы көлденең және/немесе тік еңіс
бұрышын реттеп шығыңыз.
– Дайындаманы (13) және (25) тіреуіш планкаларына
қарай басыңыз.
– Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Манипуляторды қол тұтқасымен (9) баяу төмен
бағыттаңыз.
– Дайындаманы бірқалыпты жүріспен аралаңыз.
– Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша
күте тұрыңыз.
– Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
Жүріспен аралау
– Тарту аспабымен (1) (кең дайындамаларды) кесу үшін
тартылған бекіткіш бұранданы (32) босатыңыз.
– Қажет болса, қалаулы көлденең және/немесе тік еңіс
бұрышын реттеп шығыңыз.
– Дайындаманы (13) және (25) тіреуіш планкаларына
қарай басыңыз.
– Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
– Манипуляторды ара дискісі дайындама алдында
тұрғанша тіреуіш планкаладан (13) ары тартыңыз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Манипуляторды қол тұтқасымен (9) баяу төмен қарай
бағыттаңыз.
– Енді манипуляторды (13) және (25) тіреуіш
планкаларына қарай басып, дайындаманы бірқалыпты
жүріспен аралаңыз.
– Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша
күте тұрыңыз.
– Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
Тереңдік планкасын реттеу (ойықты аралау) (S
суретін қараңыз)
Егер ойықты аралау керек болса тереңдік тіреуішін
жылжыту керек.
– Тереңдік тіреуішін (30) сыртқа қайырыңыз.
– Манипуляторды қол тұтқасынан (9) керекті күйіне
қисайтыңыз.
– Дәлдеу бұрандасын (5) бұранда ұшы тереңдік
тіреуішіне (30) тигенше бұраңыз.
– Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.
Арнайы дайындамалар
Иінді немесе домалақ дайындамаларды аралауда оларды
сырғанудан сақтау қажет. Кесік сызығында дайындама;
тіреуіш планка және аралау үстелінде аралық пайда
болуы мүмкін емес.
Керек болса арнайы ұстағыштарды дайындау қажет.
Негізгі реттеулерді тексеріп реттеңіз
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін белсенді
пайдаланудан соң электр құралының параметрлерін
тексеріп керек болса реттеу керек.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар керек
болады.
Bosch Power Tools
Өкілетті Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам
және сенімді ретте орындайды.
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Лазерді реттеу
Нұсқау: лазер функциясын сынау үшін электр құралын
ток көзіне жалғау керек.
Лазерді реттеу кезінде (мысалы, манипуляторды
u
жылжытқанда) ешқашан ажыратқышты
пайдаланбаңыз. Электр құралының кездейсоқ іске
қосылуы жарақаттануға әкелуі мүмкін.
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (17) 0° ойығына (23) дейін бұраңыз.
Иінтірек (20) шерту дыбысымен ойыққа тірелуі тиіс.
Тексеру (T1 суретін қараңыз)
– Дайындамада тік кесік сызығын сызыңыз.
– Манипуляторды қол тұтқасымен (9) баяу төмен қарай
бағыттаңыз.
– Дайындаманы ара дискісінің тістері кесік сызығымен
бір сызықта болатындай етіп бағыттаңыз.
– Дайындаманы осы күйде ұстап, манипуляторды баяу
қайтадан жоғары қарай бағыттаңыз.
– Дайындаманы қысып қойыңыз.
– Лазер сәулесін ажыратқыш (8) арқылы іске қосылудан
қорғайтын құлыпты (7) баспай қосыңыз.
Лазер сәулесі манипулятор төмен бағытталса да кесік
сызығының бүкіл ұзындығы бойынша дайындама үстінде
орналасуы керек.
Реттеу (T2 суретін қараңыз)
– Реттегіш бұранданы (54) жинақтағы арнайы
бұрауышпен лазер сәулесі бүкіл ұзындығы бойынша
дайындамадағы кесік сызығына параллель болғанша
бұраңыз.
Сағат тілінің бағытына қарсы бір айналым лазер сәулесін
сол жақтан оң жаққа, ал сағат тілінің бағытымен бір
айналым оны оң жақтан сол жаққа жылжытады.
Вертикальды стандартты еңіс бұрышы 0° реттеңіз
– Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (17) 0° ойығына (23) дейін бұраңыз.
Тұтқыш (20) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек.
Тексеріңіз (U1 суретін қараңыз)
– Бір бұрышты калибрді 90° реттеп, оны аралау үстеліне
(17) қойыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара
дискісінде (46) жатуы керек.
Реттеу (U2 суретін қараңыз)
– Қысқыш тұтқаны (9) босатыңыз.
– Тіреуіш бұранданың (39) контргайкасын стандартты
дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (10 мм)
босатыңыз.
Қазақ | 277
1 609 92A 4UN | (05.06.2019)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents