Bosch Professional GCM 18V-216 Original Instructions Manual page 275

Hide thumbs Also See for Professional GCM 18V-216:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 26
– Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.
Электр құралын қорғауышын орнату (тасымалдау
күйі)
– Бекіткіш бұранда (32) тарту аспабын (1) қысса, оны
босатыңыз. Манипуляторды толығымен алға тартып
тарту аспабын бұғаттау үшін бекіткіш бұраманы қайта
бұрап қойыңыз.
– Дәлдеу бұрандасын (5) жоғарыға бұрап қойыңыз.
– Аралау үстелін (17) бұғаттау үшін бекіту басын (19)
тартып қойыңыз.
– Манипуляторды тұтқасынан (9) төмен қарай қайырып,
тасымалдау сақтағышы (36) толығымен басылуы тиіс.
Манипулятор енді тасымалдауға дайын болып
бұғатталған.
Жұмыс істеуге дайындау
Аралау үстелін ұзарту (I суретін қараңыз)
Ұзын дайындамаларды еркін ұшынан орналастырып
тіреу керек.
Аралау үстелін аралау үстелінің ұзартқыштары (14)
көмегімен солға немесе оңға үлкейтуге болады.
– Қысқыш бұранданы (15) босатыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын (14) қажетті ұзындыққа
дейін сыртқа тартыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын бекіту үшін қысқыш
бұранданы (15) қайтадан тартып қойыңыз.
Тіреуіш планканы жылжыту (J суретін қараңыз)
Тік еңіс бұрышында аралау кезінде реттелетін тіреуіш
планканы (25) жылжыту керек.
– Бұғаттау бұрандасын (49) босатыңыз.
– Реттелетін тіреуіш планканы (25) толық сыртқа қарай
тартыңыз.
– Бұғаттау бұрандасын (49) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Тік еңіс бұрышында аралағаннан кейін реттелетін тіреуіш
планканы (25) кері жылжытыңыз (бұғаттау бұрандасын
(49) босатыңыз; тіреуіш планканы (25) толығымен ішке
жылжытыңыз; бұғаттау бұрандасын қайтадан тартып
қойыңыз).
Дайындаманы бекіту (K суретін қараңыз)
Оңтайлы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
дайындаманы әрдайым мықтап қысу керек.
Мықтап қысу үшін тым кішкентай болған
дайындамаларды өңдемеңіз.
– Дайындаманы (13) және (25) тіреуіш планкаларына
қарай басыңыз.
– Жинақтағы бұрандалы қысқышты (26) арнайы
саңылауларға (51) енгізіңіз.
– Бұрандалы қысқыштың бұрандалы өзегін (50)
дайындама биіктігіне бейімдеңіз.
– Бұрандалы өзекті (50) тартып, осылайша
дайындаманы бекітіңіз.
Bosch Power Tools
Көлденең және тік еңіс бұрышын реттеу
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі
параметрлерін тексеріп, қажетінше реттеп шығу керек
("Негізгі параметрлерді тексеру және реттеу" бөлімін
қараңыз).
Бекіту басын (19) аралаудан алдын әрдайым
u
бекем бекітіңіз. Әйтпесе ара дискісі дайындамада
қисаюы мүмкін.
Көлденең еңіс бұрышын реттеу (L суретін қараңыз)
Көлденең еңіс бұрышын 47° (сол жақ) және 47° (оң жақ)
аралығында реттеуге болады.
– Бекіткіш тетік (19) тартылған болса, оны босатыңыз.
– Иінтіректі (20) тартып, аралау үстелін (17) бұрыш
индикаторы (22) қалаулы еңіс бұрышын көрсеткенше
тартыңыз.
– Бекіткіш тетікті (19) қайтадан тартыңыз.
Жиі пайдаланылатын еңіс бұрыштарын жылдам әрі
дәлме-дәл реттеу үшін аралау үстелінде ойықтар (23)
бар:
сол жақ
45°; 22,5°; 15°
– Бекіткіш тетік (19) тартылған болса, оны босатыңыз.
– Иінтіректі (20) тартып, аралау үстелін (17) қажетті
ойыққа дейін солға немесе оңға бұраңыз.
– Иінтіректі жіберіңіз. Иінтірек ойыққа шерту
дыбысымен тірелуі тиіс.
– Бекіткіш тетікті (19) қайтадан тартыңыз.
Тік еңіс бұрышын реттеу (M суретін қараңыз)
Тік еңіс бұрышын 0° және 45° аралығында реттеуге
болады.
– Реттелетін тіреуіш планканы (25) толық сыртқа қарай
тартыңыз.
– Қысқыш тұтқаны (31) босатыңыз.
– Манипуляторды қол тұтқасынан (9) бұрыш
индикаторы (38) қажетті еңіс бұрышын көрсеткенше
бұраңыз.
– Манипуляторды осы күйде ұстап, қысқыш тұтқаны
(31) қайтадан бекітіңіз.
0° мен 45° стандартты бұрыштарды жылдам және
дәлме-дәл реттеу үшін корпуста тіреуіштер бар.
– Реттелетін тіреуіш планканы (25) толық сыртқа қарай
тартыңыз.
– Қысқыш тұтқаны (31) босатыңыз.
– Ол үшін манипуляторды тұтқасынан (9) тіреуішке (40)
дейін оңға (0°) немесе тіреуішке (28) дейін солға (45°)
бұраңыз.
– Қысқыш тұтқаны (31) қайтадан тартыңыз.
Қазақ | 275
оң жақ
15°; 22,5°; 45°
1 609 92A 4UN | (05.06.2019)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents