Philips RQ1200 Series User Manual page 150

Hide thumbs Also See for RQ1200 Series:
Table of Contents

Advertisement

150
ҚАЗАҚША
150
Қауіпті жағдайлар
-
Адаптерді құрғақ күйде ұстаңыз.
Абайлаңыз!
-
Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді кесіп тастап, оның
орнына басқа штепсельдік ұш жалғауға болмайды, бұл өте қауіпті
жағдай туғызады.
-
Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауларынсыз қозғалу мүмкіндігі мен ойлау қабілеті
шектеулі, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдардың (балаларды
қоса) бұл ұстараны және Jet Clean жүйесін қолдануына болмайды.
-
Балалардың ұстарамен және Jet Clean жүйесімен, зарядтау
қондырмасымен ойнамауын қадағалаған жөн.
-
Ағын сумен шаймас бұрын, ұстараны әрдайым розеткадан
ажыратыңыз.
Ескерту
-
Jet Clean жүйесін немесе зарядтау қондырмасын суға ешқашан
батырмаңыз және ағынды су астында шаймаңыз.
-
Ұстараны 80°C-тан жоғары ыстық сумен шаюға болмайды.
-
Зақымданған жағдайда, ұстараны, Jet Clean жүйесін,
адаптерді, зарядтау қондырмасын немесе кез келген басқа
бөлшекті пайдаланбаңыз. Жарақаттануыңыз мүмкін. Зақымданған
адаптерді, зарядтау қондырмасын немесе бөлшектерді әрқашан тек
түпнұсқа түрлерімен ауыстырыңыз.
-
Jet Clean жүйесімен тек түпнұсқа Jet Clean сұйықтығын (HQ200)
пайдаланыңыз.
-
Сұйықтықтың ағып кетуін болдырмау үшін, Jet Clean жүйесін тек
тұрақты, тегіс және көлденең бетке қойыңыз.
-
Jet Clean жүйесі қолдануға дайын болғанда, тазалау сұйықтығы ағып
кетпеуі үшін, жүйені қозғалтуға болмайды.
-
Jet Clean жүйесі электр ұстараны жақсылап тазалайды, бірақ
дезинфекцияламайды, сондықтан оны басқа адамдармен бірігіп
қолданбаңыз.
-
Құралды тазалау үшін қысылған ауаны, қыратын шүберектерді,
қырғыш тазалау құралдарын, сондай-ақ бензин немесе ацетон
сияқты сұйықтықтарды пайдалануға болмайды.
-
Сумен шайған кезде электр ұстараның төменгі жағындағы тесіктен
су ағуы мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай және қауіпті емес, себебі
бүкіл электрондық бөлшектер электр ұстараның ішіндегі су
өткізбейтін қуат бөлігінде орналасқан.
Стандарттарға сәйкестігі
-
Ұстара халықаралық деңгейде бекітілген қауіпсіздік ережелеріне сай
келеді. Оны ваннада немесе душта пайдалануға, сондай-ақ ағынды
сумен жууға болады. Қауіпсіздік мақсаттарда ұстара тек сымсыз
түрде жұмыс істейді.
-
Ұстара мен Jet Clean жүйесі барлық қолданыстағы стандарттарға
және электромагниттік өрістердің жарылуына қатысты ережелерге
сай келеді.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents