Samsung EB-U3300 User Manual page 271

Wireless battery pack
Hide thumbs Also See for EB-U3300:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 274
Сымсыз батарея топтамасын пайдалану
Сымсыз зарядтау
1
Қолдау көрсетілетін мобильді құрылғыны немесе сағатты сымсыз зарядтау бетіне
қойыңыз.
• Сымсыз зарядтау индикаторының шамы жанып, индукциялық зарядтау шарғысы
мобильді құрылғының немесе сағаттың сымсыз индукциялық зарядтау шарғысымен
түйіскенде зарядтау басталады.
• Мобильді құрылғының немесе сағаттың экранында зарядтау күйі туралы хабарлайтын
зарядтау белгішесінің көрсетілгенін тексеріңіз.
• Егер зарядтау құрылғысы қосулы болмаса, онда мобильді құрылғыны немесе сағатты
сымсыз зарядтау үшін сымсыз батарея топтамасы түймесін басу керек.
2
Мобильді құрылғы немесе сағат толық зарядталған болса, сағатты немесе мобильді
құрылғыны сымсыз зарядтағыштан алып тастаңыз.
Сағатты немесе мобильді құрылғыны зарядтауға қатысты сақтық шаралары
• Мобильді құрылғыны мобильді құрылғы арты мен мобильді құрылғының тысының
арасында орналасқан кредит картасы немесе радио жиілігін анықтау (RFID)
картасы (мысалы, тасымалдау картасы немесе кілт картасы) бар сымсыз батарея
топтамасына қоймаңыз.
• Сағат немесе мобильді құрылғы мен сымсыз зарядтағыштың арасына металл
бөлшектер мен магниттер сияқты өткізгіш материалдар қойылған жағдайда,
мобильді құрылғыны немесе сағатты сымсыз батарея топтамасына қоймаңыз.
Сағат немесе мобильді құрылғы дұрыс зарядталмай, қызып кетуі немесе мобильді
құрылғы не карталар зақымдалуы мүмкін.
Қазақ тілі
7
7

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents