Philips HB823/01 User Manual page 30

Suncare sun mobile foldable full-body solarium
Hide thumbs Also See for HB823/01:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚазаҚша
30
*) не болмаса ұзағырық, ол теріңіздің сезімталдығына байланысты.
Егер тотығу сеансынан кейін сіздің теріңіз тартылып тұрса, онда дымқылдататын крем жақсаңыз болады.
Қолдануға дайындық
Құрал тасымалдау ұстанымында жеңіл қозғалтылады (Cурет 2).
,
Құралды тағы бір адам көмегімен көтерсеңіз, жеңіл болады.
Егер сіз құралды жалғыз көтеретін болсаңыз, онда сабын қолданыңыз (Cурет 3).
,
1
Құралды ашу үшін, сырғымаларын жебе бағытында жылжытыңыз (Cурет 4).
2
Қондырғы мен лампа бөлігін жоғары қарай тартыңыз (Cурет 5).
3
Тотығу құралын көрсетілген ұстанымға қойыңыз (Cурет 6).
4
Лампа бөлігін жоғары қарай тартып, көлденең ұстанымына тұрғызыңыз. Ол үшін сабын қолданыңыз. (Cурет 7)
Сіз лампа бөлігін арнайы белгіленген ұстанымына дейін жылжытқанда, сырт еткен дыбыс естисіз.
Жоғарыда көрсетілген қадам бойынша берілген әдіс орнына, сіз лампа бөлігінің сабынан ұстап, жоғары қарай бір қозғалыспен
,
тарту арқылы да аша аласыз (Cурет 8).
5
Лампа бөлігін төрттен бір бөлікке бұрыңыз (Cурет 9).
6
Суретте көрсетілгендей етіп, тотығу құралын төсек жанына қойыңыз. (Cурет 10)
Ультракүлгін фильтірі мен сіз жатқан беттің ара қашықтығы (мәслен, төсек) міндетті түрде 85 см. болуы тиіс.
7
Биіктікті бейімдейтін бекітпе сақинасын қондырғы бойымен төмен қарай сырғытып, босатыңыз. Сол уақытта лампа бөлігін төсек
бетінен 85 см. биіктікке жоғары қарай тартыңыз (Cурет 11).
Лампа бөлігін осы ұстанымында бекіту үшін, сақинаны жібере салыңыз.
Сіз лампа бөлігі мен төсек арасындағы қашықтықты өлшеуіш лентасының көмегімен өлшеуіңізге болады.
,
Қызыл ілмекті жанына қарай жылжытсаңыз, өлшеуіш лента автоматты түрде қайта жиналады.
,
Құрал енді қолдануға дайын деген сөз.
Құралды қолдану
1
Тоқ сымын толығымен босатып алыңыз.
2
Шанышқыны қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
-
Осы нұсқаларда берілген кестелерді қолдану үшін және өзіңіздің жазбаларыңыз үшін қолданыңыз.
-
Қосымша берілген көзілдіріктерді киіңіз.
Қорғауыш көзілдірктерді тек Philips тотығу құралымен қолданып жатқанда ғана киіңіз. Оларды басқа мақсатпен қолдануға болмайды.
Қорғаныс көзілдіріктері 89/686/EEC жарлығы бойынша II класс қорғанысына сәйкес келеді.
3
Тотығу сенасына сәйкес келетін уақытқа таймерді орнатыңыз (Cурет 12).
4
Лампа бөлігінің астына жатыңыз.
Орнатылған уақыт таусылғанда, таймер құралды автоматты түрде сөндіреді.
Таймерді ең көп дегенде 45 минутқа орнатуға болады.
,
Сеанстың соңғы минутында сіз бипілдеген дыбыс естисіз.
,
Осы минут ішінде сіз денеңіздің басқа бөлігін тотықтыру үшін таймерді қайтадан орнатуыңызға болады. Бұл жағдайда сіз тотығу
,
құралын (өзі автоматты түрде сөнген жағдайда қажет ететін) суыту 3-минуттық күту шарасынан құтыласыз.
Тотығу сеансынан кейін
1
Есте сақтау түймелері арқылы өзіңіздің қабылдаған сеанстар санын тіркеп отырыңыз. Бұл құралда екі есте сақтау түймелері бар:
әр қайсысы бір адам үшін (Cурет 13).
Тазалау
1
Құралды тазалар алдында міндетті түрде тоқтан суырып, суытып алыңыз.
2
Құралдың сыртын дымқыл шүберекпен тазаласаңыз болады.
3
Қорғаныс көзілдіріктерді дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
Құралға су енгізуге болмайды.
4
Қырғыш құралдар немесе қыратын шүберектер қолдануға болмайды.
Құралды тазалау үшін, қыратын металды заттарды, жанар май, ацетон тәрізді қыратын сұйықтықтарды қолдануға болмайды.
Ульракүдгін фильтірдің сыртын жұмсақ шүберекке біраз денатурат шашыратып сүртіп алуыңызға болады.
,
сақтау
1
Құралды тасымалдау ұстанымына қойып, жинап сақтап қояр алдында міндетті түрде 15 минуттай суытып алыңыз.
Құрал суып жатқанда сіз тоқ сымын жинап, оны құрал негізіне салып қойсаңыз болады.
2
Құралды тасымалдау ұстанымына қойғанда, тоқ сымы дұрыс жиналғанын және топсалы ілмектер арасында қысылып
қалмағандығын тексеріңіз.
3
Биіктікті бейімдейтін бекітпе сақинасын қондырғы бойымен төмен қарай сырғытып, босатыңыз Сол уақытта қондырғыны төмен
қарай итеріп, сақинаны жібере салыңыз (Cурет 14).
4
Лампа бөлігін төрттен бір бөлікке бұрыңыз (Cурет 15).
5
Бір қолыңызбен лампа бөлігін сәл көтеріп, екінші қолыңызбен босататын екі сырғыманы төмен қарай итеріп, оны
ашыңыз. (Cурет 16)
6
Екі босататын сырғыманы бір қолыңызбен төмен қарай түсіріп, екінші қолыңызбен лампа орнын көлденең ұстанымына бұраңыз.
Енді, босататын сырғымаларды жібере салыңыз (Cурет 17).

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Hb823

Table of Contents